Шыны планетаның барын білетін бе едіңіз? (Стеклянная планета)
Шыны планетаның барын білетін бе едіңіз? (Стеклянная планета)
3 жыл бұрын 14202

Оксфорд университетінің ғалымдары Шантерелла (Vulpecula, Лисичка) шоқжұлдызынан беткі жағы балқытылған шыны қабатымен жабылған планета тапты. «Түлкі» шоқжұлдызының (созвездия Лисички) жаңа планетасы HD189733b ретінде тіркелген.

Хаббл телескопының көмегімен түсірілген суреттерге қарай отырып ғалымдар «Түлкі шоқжұлдызында» орналасқан бұл планетаның түсі жер сияқты көк түстес болып келетіндігін анықтады. Алайда, газ алыбының көк түсті болуы – жердегідей мұхиттардың орналасқандығы себепті емес, балқытылған әйнектер себепті екен. Оның өз жұлдызына жақын болғаны соншалық, су атаулының болуы тіпті мүмкін емес, су жайында сөз етудің өзі артық. Планетаның беткі температурасы Цельсий бойынша шамамен 1000 градус, бұл Меркурийден екі есе жоғары көрсеткіш. Оның көк түсті боп көрінуінің себебін, ғалымдар «кремниймен» түсіндіреді. Кремний мұндай градуста балқытылған шыны күйінде болады дейді олар. 

HD 189733b планетасы – Жерден 63 жарық жыл қашықтықта орналасқан. Бұл планетада жел сағатына 7 мың км жылдамдықта соғатыны белгілі болды. Осындай орасан жылдамдықта соғатын желдер балқытылған шыны тамшыларын атмосфераға көтереді. Ал, атмосфераға көтерілген силикат бөлшектері планетаға көк түс береді. Яғни, қатты жылдамдықта соғатын желдің нәтижесінде аспан денесіне көк рең беретін шыны жаңбырлар жауып тұрады.    

HD 189733b планетасын ғалымдар «ыстық Юпитерлер» класына жатқызады, яғни ірі газ алыптары. Бұл аспан денесі көлемі жағынан Юпитерге шамалас. Бірақ ол өз жұлдызына Меркуридің күнге жақындығынан да жақынырақ.  

HD189733b планетасы – өз жұлдызын 2,5 тәуліктен аз уақыт ішінде айналып шығады. 

1000 ° C дейін қызатын бұл планета, біздің Ай сияқты,  өзінің тартылыс орталығына әрдайым бір жағымен қарап тұрады екен. Бұл дегеніміз, оның екінші жағы мүлдем жарық сәулені көрмейді деген сөз. Екінші жағы мәңгі қара түнекте. 

Ең қызығы бұл планета өзінің жарық беруші жұлдызын жылдам айналатындығы соншалықты, ол планетаның «бір жылы» - жердегі уақытпен санағанда 2-ақ күнді құрайды[1].

Осындай аспан денелерін жаратқан Құдай Тағала неткен құдірет иесі еді!

أَفَلَمْ يَنظُرُوا إِلَى السَّمَاءِ فَوْقَهُمْ كَيْفَ بَنَيْنَاهَا وَزَيَّنَّاهَا وَمَا لَهَا مِن فُرُوجٍ

Олар төбелеріндегі аспанға қарамай ма? Оны қалай жасап, безендірдік. Оның ешбір сызаты жоқ.Құран Кәрім, "Қаф" сүресі, 6 аят.

  Абдусамат Қасым


Пайдаланған дереккөздер:

  • forbes.kz/:  «Астрономы нашли стеклянную планету вне Солнечной системы»
  • planetarik.ru: «В созвездии Лисички найдена стеклянная планета»
  • pravda.ru: «"Стеклянная" планета обманула астрономов»
0 пікір