Шығыс медицинасының құнды кеңестері
Шығыс медицинасының құнды кеңестері
7 жыл бұрын 3961
Аударған Шынар Әбілдә

1. Әрдайым жанарыңыз жайнап, көзіңіз от шашып, жылы жымиып, жүрегіңізді мейірімге толтырып жүріңіз. Бұл әрекет әрбір дертке таптырмас дауа. 

- Қайғырсаңыз, ашулансаңыз, жыласаңыз, күйгелектенсеңіз, ішкі ағзалар у бөледі, ал адам бақытты болса, күліп жүрсе, жылы жымиса, бал секілді емдік сұйықтық бөледі. 

- Бүгінгі таңда апыл-ғұпыл, асығыс өмір сүретініміз рас. Көптеген адам жұмыстан басы ауырып шығады. Қан қысымы көтеріліп, айналадағы қысым да үдей береді. Бұны өзгерту керек. 

- Бір қызығы не істеу керек дегенде – ештеңе істемеу керектігі айтылады. Басыңа күн туғанда сол қиын жағдайдың жетегінде кетпеуді үйрену керек. 

- Ол үшін күліп жүру керек. Күліп жүрген адамның жан дүниесі тез өзгереді. Төніп тұрған қауіп тез сейіледі. 

- Ішкі жымиыстың, күлкінің нәтижесін бағалау бастапқыда қиын болып көрінеді. Ал, оның техникасын тұтас әрі дұрыс меңгерген адам уақыт өте келе көп жетістікке жетеді. Күлкі адам өмірінің ажырамас бөлігіне айналады. 

- Қайда жүрсең де, отырсаң да, тұрсаң да – жымиып жүр. Жүрегіңді махаббатқа бөле. Сонда махаббат толқындары тәніңізге иелік етеді. 

- Қарапайым әрі пайдалы әдіс. Жүрегің тек сабыр мен махаббаттың бесігіне айналсын. Жиі-жиі күлімсіре. Сонда барлық қиындық күн астында қалған мұз құсап еріп кетеді.

2. Аз сөйле


Аз-аздан сөйле... Нені, қашан айту керектігін нақты таңдап сөйле. Ұтымды айтылған сөз – өте бағалы, дегенмен үнсіздік Ци қуатын сақтайды.

3. Мазасызданба және көп қимылда 


- Өткен мен ертеңді аздан ойла. Себебі, оның бәрі мазасыздық тудыратын бекер ойлар. Мазасыздық күйзеліске жетелейді. 

- Оның орнына зейініңді тұрақты ұста. Шамаң жеткенше тұрақты бол. Зейінді тұрақты етудің қиын ережесі жоқ. Тек көмек қолын созып, кешірімді болсаң болғаны.

4. Ақылыңды жетілдір

- Даос техникасы ақылды және жақсылықты қабылдауды жетілдіреді. 

- Көптеген шығыс тілдерінде, оның ішінде қытай тілінде де «ақыл» мен «жүрек» бір сөзбен айтылады. 

- Жеке бастың менмендігі басылған кезде адам жүрек қуатын жетілдіре алады. Сонда дерттен арылатын жол табылады.

- Егер науқас болып медитация жасайтын болсаң, оны аурудан арылу үшін жасап жатырмын деп ойлама. Тек жаттығу жасауға баса назар түсір. Қалғаны өздігінше жүреді.

5. Нәпсіге ие бол, оның жетегінде кетпе 

- Жыныстық қатынасты шекте. Ұрықтың тым жиі шашылуы Ци қуатын әлсіретеді. Зейінді болуға зиянын тигізеді. 

- Көз, құлақ, ауыз, мұрын, яғни сезім мүшелерінің сезгенінен ақыл шабыттанады. 

- Жас күніңде нәпсіні оятатын кітаптарды оқыған кезде қуатыңды сарқып алмау деген ұғымды әлі түсінбейсің. Сондықтан күнделікті қажет сабақты оқып, тым ерте жастан нәпсіні қоздыратын кітаптарды оқымаған жөн.

6. Басыңды құрметте. Аяғыңды жылы ұста 

- Басыңа үлкен құрметпен қара. Сенің басың Құдай мен ақылдың ордасы деп біл. Жанның ғибадатханасы деп бағала. Ол күллі өмірлік маңызы зор мүшелерді басқарушы. 

- Мұқият сақтайтын ереже бар: «Басыңды суықта ұста, аяғыңды жылы ұста». Осылай етсең, басыңдағы қуаттың шектен тыс артып кетуін тежейсің. Тежемеген адам ауырып қалуы мүмкін. 

- Басыңа көп қуат баратын болса, қан қысымы жоғарылап кетеді. Қуатты табанға жинақтап, адам қан қысымын төмендете алады. Аяғын жылы ұстаған адам жүрек талмасының алдын алады. 

- Сондықтан табаныңды жылы ұста. Содан кейін қуаттың бәрін кіндікте ұстап үйрен. Кіндікті де жылы ұстайды. Ашып жүруге болмайды.

 

0 пікір