Сәжденің денсаулыққа берер баға жетпес пайдасы
Сәжденің денсаулыққа берер баға жетпес пайдасы
8 ай бұрын 4392
Данат Зарипов

Неліктен адам Құдайға мінәжат етеді? Өйткені ол өзін Алланың құлымын деп танып, Оның разылығын табуға ұмтылады. Алла Тағала бізге намаз оқуды парыз етті, бірақ өзі біздің намазымызға мұқтаж емес. Керісінше, намаз оқу бізге - әлсіз жаратылыстарына қажет. Құлшылықтан біз тыныштық табамыз және релаксацияға қол жеткіземіз (Релаксация - бұлшықет пен рухани кернеуді жою нәтижесінде пайда болатын тыныштық жағдайы); Иемізбен сөйлесу арқылы біз жанның үйлесімділігін табамыз. 

Алланың рақымымен намаз тек о дүниеде ғана емес, осы өткенші дүниеде де пайдасын тигізеді. Бұгінгі мақала оның дүниелік пайдасы жайында, дәлірек айтқанда адам денсаулығына тигізер оңды салдары жөнінде болмақ. 

Намаздың құрамдас бөліктерінің бірі - сәжде жасау (араб.: سجدود - сәжда немесе сужуд). Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Пенде Раббысына ең жақын - сәждеге барған кезде болады. Сондықтан (сол сәтте) Оған көбірек дұға етіңдер» (Имам Муслим келтірген). 

Алланың алдында бас иіп, маңдайын жерге қою арқылы адам баласы рухани дәрежеге көтеріліп, Жаратушының мейіріміне ие болуға көбірек жақын болады. Және Алланың бұл мейірімі барлық аспектілерді, соның ішінде физикалық денсаулықты да қамтиды. 

Атап айтқанда, сәжде жасағанда адамның басы жерге төмендейді, соның нәтижесінде ми жүректен төмен болады. Бұл болса миға қан мен оттегінің көбірек баруына ықпал етеді, осылайша оны қажетті заттармен қоректендіреді. Соның нәтижесінде - ми жасушаларының жұмысы жақсарады, зейін қоюшылық қабілеті артады, есте сақтау қабілеті нығаяды, көру, есту қабілеті жетіледі және басқа да танымдық қабілеттері жақсарады. 

Сәжденің мойын бұлшық еттеріне де оңды әсері бар. Сәжде жағдайында, әсіресе басын көтергенде, мойын бұлшықеттеріне күш түседі. Осы әрекеттердің нәтижесінде үнемі намаз оқитын адамның мойын бұлшықеттері күшейіп, жаттығады. Сондықтан намаз оқитын адам мойын аймағындағы жатыр мойны спондилозына (сүйек өсінділерінің пайда болуы) және миалгияға (бұлшықет ауруы) ұшырауы өте сирек кездеседі.

Сәжде жасағанда арқа бұлшықеттеріне де тұрақты салмақ түсетіні анық. Бұл өз кезегінде бел ауруының ықтималдығын азайтады.

Сәжденің тағы бір пайдасы жердің тартылыс күшімен байланысты болуында жатыр. Жер сәжде жасаушы адамнан шығатын барлық зиянды сәулелер мен толқындарды өзіне тартады. Бейнебір ағзада жинақталған электромагниттік зарядты ағытқандай болмақ. 

Жалпы айтқанда, намазды тұрақты түрде оқитын адамдар бес парыз намазында күніне кемінде 34 рет сәжде жасайды. Намаз оқитын адамдар бас ауруы мен психологиялық келеңсіздіктерге сирек ұшырайды.

Ендеше, ұлы намаз құлшылығы мұсылман кісіге екі дүниеде де пайдасын тигізеді екен. Ең бастысы оны Жаратушысына жақындатады1.


1 islam ru сайты, орыс тілінен аударылды.

0 пікір