Кейде ауырсақ қызуымыздың көтерілетіні бар. Сондай кезде дәрігерлер қызуды түсіру үшін денені сумен ысқылау керектігін айтады немесе жылы суға түсуге кеңес береді. Оны физиологиялық салқындату дейді.
Бұл тәсілді ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) осыдан 14 ғасыр бұрын былай деп айтқан екен:
Әсма (р.а.): «Бірде Алла елшісіне (с.а.у.) қызуы көтеріліп ауырып тұрған әйел келді. Сонда ол су алдырып, науқастың көкірегіне құйды да: «Оны сумен салқындатыңдар. Ақиқатында, қызу – жәһаннамның аптабынан», - деді» - деген (Сахих Муслим).
Осының өзі тек Құранда ғана емес, Пайғамбар хадистерінде де талай ғылымның жатқанын аңғартса керек. Тек әлі көпшілігін аша алмай жүрген болармыз.