Құранның сіз байқамаған ғажайыптары
Құранның сіз байқамаған ғажайыптары
7 жыл бұрын 11128
Абдуссамад МАХАТ

Жаратушы Иенің құдіреттілігін кез келген нәрседен байқаса болады. Мысалы, Құранның сөздік қорын алайық. Ғалымдар Құранның сөздік қорын зерттей келе кейбір сөздердің қайталанып келетінін әрі олардың саны өзара сәйкес екенін аңғарған. Мәселен:

1.«Ерлер» және «әйелдер» сөздері 24 мәртеден айтылған. Ал, ер мен әйел оңашаланып өмір сүруі мүмкін бе?;

2.«Дүние» және «Ақырет» сөздері 115 мәртеден айтылған. Ақырет мына пәни дүниенің қисынды жалғасы емес пе?;

3.«Періште» және «шайтан» сөздері 88 мәртеден айтылған. Бұл жақсылық пен жамандықтың өзара күресінің бейнесі емес пе?;

4.«Өмір» және «өлім» сөздері 145 мәртеден айтылған. Өмір мен өлім тіршіліктің ауыспалы екі кезеңі емес пе?;

5.«Пайда» және «зиян» сөздері 50 мәртеден айтылған. Бұл жәннаттың мәңгі ләззаты мен тозақтың бітпес азабының бастамасы емес пе?;

6.«Адамдар» және «пайғамбарлар» сөздері 241 мәртеден айтылған. Ал, Алла Тағаланың пайғамбарлары адамзатқа тура жол сілтеу үшін жіберілмей ме?;

7.«Ібіліс» пен «тағауз» сөздері 11 мәртеден айтылған. Бұл – шайтанның азғыруынан тек Алла Тағала пана болатынына ишара емес пе?;

8.«Бәле, бақытсыздық» және «шүкіршілік» сөздері 75 мәртеден айтылады. Бұл – бәле мен бақытсыздықтан аман болудың бірден-бір жолы шүкіршілік ету екенін көрсетпей ме?;

9.«Садақа» және «қанағатшылдық» сөздері 73 мәртеден айтылған. Осы мәселе бізді дүниеқорлықтан сақтандырмай ма?;

10.«Адасқандар» және «опатқа ұшырағандар» сөздері 17 мәртеден айтылады. Тура жолдан айнудың нәтижесі опатқа алып бармай ма?;

11.«Мұсылмандар» және «жиһад» сөздері 41 мәртеден айтылады. Мұсылманның бар ғұмыры күрес, соның ішінде бірінші мәселеде нәпсімен арпалысу емес пе?;

12.«Сиқыр» және «фитна» сөздері 60 мәртеден айтылады. Сиқыр – жалғандық, ал жалғандық фитнаға алып келмей ме?;

13.«Зекет» және «береке» сөздері 32 мәртеден айтылады. «Зекет» сөзінің өзі «тазару», «молаю» дегенді білдірмей ме?;

14.«Ақыл, сана» және «нұр» сөздері 49 мәртеден айтылады. Саналылық адамды қашанда жарыққа сүйремей ме?;

15.«Қалау» және «қорқыныш» сөздері 8 мәртеден айтылады. Әрбір істің тиесілі нәтижесі болмай ма?;

16.«Адамдармен сұхбаттасу» және «насихат» сөздері 18 мәртеден айтылады. Ал, өзгелермен араласудың мақсаты оларды жақсылыққа үндеу емес пе?;

17.«Әділетсіздік» және «сабырлық» 114 мәртеден айтылған. Ал, әлсіздердің қаруы сабырлық емес пе?;

18.«Күнә» және «ізгі амал» 167 мәртеден айтылады. Ал күнәні жуып-шаятын нәрсе ізгі амал емес пе?;

20. «Күпірлік» және «иман» сөздері 17 мәртеден айтылады. Мына пәни дүние күпірлік пен иманның күрес алаңы емес пе?;

21. «Кәпірлер» сөзі «тозақ, жәһаннам» сөзінің санына сәйкес. Кәпірлердің барар мекені тозақ емес пе?;

22. «Шайқас» пен «тұтқындар» сөзі де сан жағынан тең келеді. Әрбір шайқастың нәтижесі тұтқындыққа алып келмей ме?;

23. «Мұқтаждық» және «сабырлық» сөздері қатар 102 рет айтылады. Ал, мұқтаждықтың талабы сабырлы болу емес пе?;

24. «Жаз» бен «қыс», «суық» пен «ыстық» сөздері 5 мәртеден айтылады. Ал, жыл бойы қыс пен жаз, суық пен ыстық алмасып тұруы – табиғат заңдылығы емес пе?;

Енді мына кереметке қараңыз!

Құранда «құрлық» сөзі 13 рет айтылған. Жоғарыда «теңіз» сөзі 32 рет айтылғаны жайында айттық.
Осы екі санды қосамыз: 32 + 13 = 45

Енді пайыздық мөлшерін анықтау үшін келесі есепті жасаймыз:

Теңіз: 32 : 45 = 0,71
Осы санды (0, 71) 100-ге көбейтеміз: 0,71 х 100 = 71,111 %
Құрлық: 13 : 45 = 0,28
Осы санды (0,28) 100-ге көбейтеміз: 0,28 х 100 = 28,888 %+

Құрлық пен теңіздің пайыздық мөлшерін қосатын болсақ 100 % шығады: 71,111 + 28,888 = 100.  71,111 % және 28, 888 % сандары ненің мөлшері деп ойлайсыз?

Бұл – қазіргі уақытта ғалымдар есептеп шығарған жер жүзіндегі су мен құрлықтың пайыздық мөлшері емес пе?!

 
0 пікір