Темір рудасы Жердің өзінде пайда болмаған. Ол мұнда сыртқы ғарыштан, әлдебір аса жаңа жұлдыздың жарылысынан соң метеориттермен бірге түскен. Яғни, Құранда айтылғандай, Жерге түсірілген.
Кейбір химиялық элементтер жайлы Құранда ғылым үшін теңдесі жоқ маңызды мәліметтер бар. Солардың бірі – темір. «Аль-Хадид», яғни араб тілінен аударғанда «Темір» деп аталатын сүреде былай делінеді:
«Біз ...темірді де түсірдік. Темірде адам баласына зор бәлекет және пайда бар...».
Темір – Жерде ең көп кездесетін элементтердің бірі, Жер қыртысының 5 пайызы темірден тұрады. Алайда, осыған қарамастан темір Жердің өзінде пайда болмаған. Қазіргі астрофизикалық зерттеулер темірдің Жерге ғарыштан, онда да аса ірі жұлдыздардан келгенін анықтады. Бір ғажабы, осы ғылыми факт Құранда да айтылыпты. «Темір» сүресінің 25-ші аятында «анзальна» (أَنزَلْنَا) деген сөз қолданылған. Ол арабшадан аударғанда «түсірдік, құлаттық» деген мағына береді. Идиомалық тұрғыдан оны «адам пайдасы үшін берілді» деп те аударуға болады. Алайда, бұл сөздің араб тілінде тағы бір мағынасы бар. Ол «аспаннан жауын немесе күн сәулесі сияқты түсіру» дегенге келеді. Осыған, яғни «Темірді аспаннан Жерге түсіру» дегеннің мағынасына үңілсек, біз 25-ші аятта таңғаларлық ғылыми феномен туралы айтылғанына көз жеткіземіз. Темірдің қайдан келгенін ғалымдар бүгінгі заманда ғана ашты. (Ал Құранда ол 14 ғасыр бұрын айтылып қойған).
Темір Жерге ғана емес, бүкіл Күн жүйесіне сыртқы ғарыштан келген. Өйткені, темірдің химиялық элемент ретінде пайда болып, құрылуы үшін Күннің температурасы жеткіліксіз. Онда темір қайдан келді? Темірдің отаны – жаңа және аса жаңа жұлдыздар.
Осынау орасан зор жұлдыздардың ішіндегі темір массасы өзінің шегіне жеткен кезде жұлдыз оны ұстап тұра алмайды. Сөйтіп, іштен кернеген ыстық массадан жұлдыз жарылады. Темір массалары метеориттер күйінде ғарыш әлеміне шашыла ұшады. Бұл метеориттер ғарышта осылайша айналып жүреді. Ал әлдебір аспан денесінің тартылыс аймағына тап болса, соның бетіне құлап түседі. Бұдан шығатын қорытынды, темір рудасы Жердің өзінде пайда болмаған. Ол мұнда сыртқы ғарыштан, әлдебір аса жаңа жұлдыздың жарылысынан соң метеориттермен бірге түскен. Яғни, Құранда айтылғандай, Жерге түсірілген.
«Аль-Хадид» сүресі – Құрандағы 57-ші сүре. «Аль-хадид» сөзінің араб тіліндегі сандық мағынасы да 57-ге тең. «Аль» артиклінен бөлек «хадид» сөзінің сандық мағынасы 26-ға тең. Менделеевтің кестесіне қарайтын болсақ, темірдің атомдық нөмірі де 26.
Жаратушымыз «Темір» сүресінің осы аятында біздің назарымызды темірдің шыққан тегіне аударып отыр. Және математикалық кодировка арқылы маңызды ғылыми феноменді көрсеткен. «Біз ...темірді де түсірдік...» деген сөйлемге қараңызшы. Онда темір ғана емес, басқа да элементтердің Жерге ғарыштан түскені айтылып тұр.
25-ші аятта темірдің ерекше аталғанына мән берсек, және 20-шы ғасырдың соңындағы ғылыми жаңалықтарды ескерсек, бұл аяттың мағынасынан өте маңызды қорытынды шығады.