Құрандағы сүрелердің реттілігі
Құрандағы сүрелердің реттілігі
9 жыл бұрын 78541
Тәржімалаған: Алдаберген Үсен

Пайғамбарымыз (саллаллаһу әлайһи уә сәлләм) өзіне түскен аят пен сүрелерді жанындағы сахабаларына оқитын, олар аяттарды жаттайтын. Бұған қоса, арнайы уахи жазушылар да бар еді. Олар түскен аяттар мен сүрелерді жазып отыруға міндеттелген. Түскен аят пен сүренің Құранның қай жерінде орналасуы тиістігі тікелей Жәбірейіл (әлайһис сәлам) себепкерлігімен Расулаллаға білдірілетін. Расулалла (әлайһиссалату уә сәлләм) уахи жазушыларға осыған сай міндет беретін. Сөйтіп ғаламның мақтанышы пайғамбарымыздың көзі тірі кезінде Құран сүрелерінің реттілігі аяқталып, қай сүренің қай ретпен тұруы керектігі мәселесі шешімін тапқан.

Ғалымдар арасында Құран кәрімдегі сүрелердің кезегінің хазірет пайғамбар тарапынан белгіленгені турасында ғалымдардың ауызбіршілігі бар. Алайда сүрелер арасындағы реттіліктің намазда негізге алынуына қатысты мұсылман ғалымдар арасында түрлі көзқарастар бар. Бұл да намазда сүрелердің ретпен оқылуы жайында түрлі көзқарастардың шығуына жол ашады. Ханафи мәзһабында әрі аяттар, әрі сүрелер арасында реттілікті сақтап, кезегін бұзбай оқу негізге алынады. Ханафи мәзһабында намазда Құрандағы сүрелердің реттілігін сақтау – сүннет. Бұдан бөлек, Ханафи мәзһабы бойынша бір намазда бірінші рәкатта оқылған сүреге мұқият қарап, екінші рәкатта не дереу содан кейінгі сүрені оқу немесе екі сүрені аттап басқа бір жерден оқу қажет. Бұны сақтамаса, мәкруһ жағдай туындайды. Бұл өзі парыз намаздарға қатысты мәселе. Сүннет пен нәпіл намаздарда болса, белгіленген реттілікті сақтамау сөкеттік болып саналмайды.

 

Сүрелердің аттары қалай белгіленген?

Мұсылман ғалымдар арасында бұл турасында екі көзқарас басым. Әуелгілердің пікірінше, сүрелерге аттарды Алла Тағаланың өзі берген. Жәбірейіл (әлайһис сәлам) Жаратушының анықтаған сүре аттарын Пайғамбарымызға (с.а.у.) түсірген, содан кейін барып сахабалар хабардар болған. Екінші көзқарас бойынша, сүрелердің аттарын Расулалла анықтаған, ол аттар кейіннен уахимен құпталған. Бұған қоса, Құрандағы кейбір сүрелердің бір емес бірнеше аттары бар. Оның себебі, тек Пайғамбарымыздың емес, сахабаларымыздың тіпті табиғин имамдарының да сүрелерге ат беруінен туындаған. Алайда бүгін әйгілі аттарымен өзіміз білетін сүрелер не тіке Алла тарапынан берілген аттар, не болмаса кәміл жолбасшы пайғамбарымыздың (с.а.у.) қойған аттарының кейіннен Алланың да құптауы.

 

Намазда мұқият көңіл бөлу керекті мәселелер

Парыз намаздарда белгіленген реттілік ұмытылса және қирағатқа бастаған болса, оқылған сүрені үзбей намаз толықтырылуы тиіс. Айталық, «Ықылас» сүресін оқығысы келгенде байқамай «Тәббәт» сүресін бір немесе екі аят оқығаннна кейін бұны дұрыстағысы келсе, мәкрүһ істелген болады. Тіпті бір екі сөз оқығаннан кейіннің өзінде оқылған сүрені өзгертудің мәкрүһ екендігі көзқарасын ұстанған ғалымдар бар. Әлдекім қирағатты аяқтағаннан кейін рукуға барғысы келіп әлі иілместен бірнеше аят оқығысы келсе, оған жол ашық. Алайда иілгеннен кейін қайтып осыны істесе, онысы мәкрүһ.

Намаздың екінші рәкатында бірінші рәкатта оқылған сүре мен аяттардан әлдеқайда артта тұрған сүре мен аяттарды оқу мәкрүһ. Намазда «Фатиха» сүресінен кейін қосымша сүренің толық оқылуы әлдеқайда артық. Алайда бір сүренің бір бөлігін бір рәкатта, екінші бөлігін кейінгі рәкатта оқуға болады. 

Намаздың бір рәкатында бір сүре, екінші рәкатында арада екі немесе одан да көп етіп төменге қарай басқа сүрені оқу мәкрүһ емес. Алайда арада тек бір сүре болса, мәкрүһ болады. Мынаны да ұмытпаған дұрыс, тастап кеткен сүре алдында оқылған сүреден ең аз дегенде үш аят мөлшерінде ұзақ болса мәкрүһке жатпайды.

Намазда бір сүренің бір аятынан арада ең аз екі аят болу шартымен келесі аятына өту мәкрүһ емес. Бір рәкатта екі сүрені бірге оқудың айыбы жоқ. Алайда сүре аттап кетпеу керек, яғни дереу келесі сүре оқылуы керек.

Зәрулік болмаса, бір рәкатта бір аяттан келесі аятқа өту мәкрүһ.

Бір намазда бір сүре екі рәкатта да оқылса, егер бұл намаз нәпіл намаз болса, мәкрүһ емес. Бірақ парыз намаз болса, ұмыту немесе басқа сүре білмеу секілді үзір (себеп) болмайынша мәкрүһ болады.

Бірінші рәкатта «Нас» сүресі оқылса, екінші рәкатта да осы сүренің оқылуы дұрыс болады. Өйткені екінші рәкатта бірінші рәкатта оқылған сүренің үстіндегі сүрені оқу мәкрүһ. Парыз немесе нәпіл намаздарда екінші рәкаттарда бірінші рәкаттардан да ұзақ сүре оқу мәкрүһ.

 

Қысқа сүрелердің Құран кәрімдегі реті

93. Дұһа

94. Иншираһ

95. Tин

96. Aлақ

97. Қадир

98. Бәйинә

99. Зилзал

100. Aдият

101. Қари

102. Tакасур

103. Aср

104. Хүмәза

105. Фил

106. Құрайыш

107. Mаун

108. Kәусар

109. Kафирун

110. Наср

111. Ләхаб

112. Ықылас

113. Фәлақ

114. Нас

1 пікір
  • Ассалаумағалейкум, намазда (парыз, нәпіл) 1 рәкәтта фатиха және ықылас сүресін оқимын, 3 рәкәтта нас, немесе фәләқ, немесе әл-курси сүресін оқимын.
    Сұрақ: 1. Осы реттілік дұрыс па?
    2. 1 рәкәтта (парыз және нәпіл намазда) фатиха мен ықылас сүресі оқылуы міндетті ме?
    Алдын ала рахмет!
    3 жыл бұрын