Құранда жиі айтылатын жасыл түстің пайдасын ғылым анықтап отыр.
Құранда жиі айтылатын жасыл түстің пайдасын ғылым анықтап отыр.
8 ай бұрын 5860
А. Қасым

Құран Кәрімдегі біраз аяттарда «жасыл» түсі жиі айтылады. Мәселен, «Рахман» сүресі, 77 аятында:

«Пейіштегілер жасыл дивандарға, көркем төсеніштерге жастанып отырады...»- делінсе, «Инсан» сүресі 21 аятында: «олардың (пейіштегілердің) үстерінде атластан және баршыннан (жібек маталар) жасыл киімдер болады» делінеді.

Түстердің, соның ішінде жасыл түстің адамның ішкі жан-дүниесіне тигізер оңды әсерін Ардтшем есімді психолог былай түсіндіреді1:

«Түстің адам баласына тигізер әсері орасан зор. Көптеген эксперименттерден кейін анықталғаныдай түстердің - біздің ынталы, ынтасыздығымызға, қуанышты, қуанышсыздығыма және бақытты, бақытсыздығымызға әсер етеді. Тіпті түстердің адамның тұлғалылығына және өмірге деген көзқарасына да әсері бар болып шықты.

Түстердің адамның жан-дүниесіне терең әсері тиетіндіктен ауруханалар мамандардан дуалдарды науқастардың тезірек жазылуына септігін тигізер қандай түспен бояған дұрыс екендігі жөнінен ақыл сұрайды, сондай-ақ киімдердің түстерінің де қандай болмағы керектігі маңызды.

Мысалы, тәжірибелердің көрсеткенідей:

Сары түс жүйке жүйесіндегі белсенділікті жандандырады.

Күлгін түс тиянақтылықты шақырады.

Көк түс суықтық сездіреді;

Қызыл түс керісінше жылулықты сездіреді.

Ал ғалымдар жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде, адамда бақыттықты, өмірсүйгіштікті және қуанышты тудыратын түс, ол - жасыл түс деген қорытындыға келген. Сондықтан да, операциялық кабинеттердің және медбикелер мен меджігіттердің кабинеттерінің түсі жасыл болуы дұрыс көрілген. 

Осыған байланысты мына бір қызықты экспериментті айтпай кетуге болмайды. Ол эксперимент Лондон қаласында «өзіне қол салушылар көпірі» деп аталатын Блэкфриар көпірінде болған. Өз-өзіне қол салу оқиғаларының басым көпшілігі осы көпірдің үстінде орын алып жатады екен. Психолог, дәрігерлер әксперимент жасап көрмекші болады. Олар көпірдің түнерген сұр түсін, жарқын жасыл түске өзгертеді. Соның нәтижесінде, аталмыш көпірдің үстінде өзіне қол салу оқиғалары айтарлықтай төмендеген екен.

Жасыл түстің тағы бір пайдасы - көзді демалдырады. Өйткені, көк түстегі көздің көру өрісі өзге түстердің өрісіне қарағанда кішірек. Жасыл түстің толқынының ұзындығы - қызыл түстікі сияқты ұзын емес немесе көк түс секілді қысқа да емес. Орташа".

Ендеше, пейіштегілердің киетін киімінің жасыл түсті болатындығы да бекер емес ұқсайды. Басқаша айтқанда, Құранда Алла Тағала пейіштегілерге берілетін нығметтерді суреттей келе, киетін киімдерінің және отыратын орындықтарының жасыл түсті болатындығын бекерден-бекер айтпағаны анық. Өйткені Алланың әрбір сөзінің астарында үлкен мән жатары шүбәсіз. Пейіштегілер қуанышта болады. Демек, олардың сол көңіл-күйлерін өзгертетін түстердің де пейіште болмайтыны, басқаша айтқанда көңіл-күйлерін бір қалыпта ұстап тұрар түстің пейіште көбірек болары Құдайы даналықтың көрінісі. Және де ол түстің адамға көңіл-күй сыйлар ерекшелігінің бар екендігіне назар аудартып тұрғандай. 


1 «Құрандағы медицина» атты кітаптан аударылды. Араб тілінде.

0 пікір