Құранда жердің жеті қабаттан тұратындығы айтылған. Бұған ғылым не дейді?
Құранда жердің жеті қабаттан тұратындығы айтылған. Бұған ғылым не дейді?
1 ай бұрын 4343
Абдусамат Қасым

«Американдық USGS геологиялық зерттеу орталығының» ғалыми мамандарының зерттеулерінің нәтижесінде жердің жеті қабаттан тұратындығы  және олар бір-бірінің үстінде орналасқандығы анықтаған.

Бірінші қабат - жер қыртысымен басталады,

Екінші қабат - «литосфера» деп аталатын тасты қабаттан тұрады,

Үшінші - континеттік қабық, бұл өз ішінде үш қабаттан тұрады:

  • Шөгінді қабат,
  • Граниттік қабат
  • Бальзаттық қабат. Осы үшеуімен бес қабат.

Алтыншы қабат - сыртқы ядро,

Жетінші қабат - жердің дәл ортасында орналасқан ішкі қатты темір ядро.

 

Суреттегі жердің жеті қабатын көрсететін сызбада жұқа қыртысты көріп тұрмыз, одан кейін әртүрлі қалыңдықтағы төрт шарф келеді, содан кейін сұйық сыртқы ядро ​​және қатты ішкі өзек (ядро), барлығы жеті қабат(1). 

Демек, біздің жер планетамыз жеті қабаттан тұратындығы еш күмән келтірмейтін ғылыми факт екен. Бірақ, ғалымдардың енді ашып отырған аталмыш ғылыми шындық - осыдан он төрт ғасыр бұрын Құран Кәрімде ашық айтылып қойғандығы шүбәсіз шындықтың тағы бір жөні. Құран Кәрімнің «Талақ» сүресінің 12 аятында былай деп баяндалған: 

 ٱللَّهُ ٱلَّذِى خَلَقَ سَبْعَ سَمَـٰوَٰتٍۢ وَمِنَ ٱلْأَرْضِ مِثْلَهُنَّ يَتَنَزَّلُ ٱلْأَمْرُ بَيْنَهُنَّ لِتَعْلَمُوٓا۟ أَنَّ ٱللَّهَ عَلَىٰ كُلِّ شَىْءٍۢ قَدِيرٌۭ وَأَنَّ ٱللَّهَ قَدْ أَحَاطَ بِكُلِّ شَىْءٍ عِلْمًا

«Ол сондай Алла, жеті көкті жаратты және жерді де соған ұқсас (санда) жаратты. Алланың әр нәрсеге күші толық жететіндігін білулерің үшін әмірлері жер мен көктің арасына түсіп тұрады. Сондай-ақ Алланың білімі әр нәрсені қамтиды»(2).

Осы келтіріп отырған қасиетті аятта Жаратушы Құдай Тағаланың жеті аспанды жаратқандығын және жерді де тура соған ұқсас жетеу қылып, яғни, «жеті қабат» қылып жаратқандығын ашық айтып отыр. Неге «қабат» деген сөз қолданып отырмыз? Себебі, Құранның басқа аятында «жеті көк аспады қабат, қабат қылып жаратқандығы» айтылады(3), демек жоғарыдағы аятта «жерді де соған ұқсас жаратты» дегендегі «ұқсас» сөзін назарға алсақ, Алла Тағала жерді де бірінің үстенді бірін қойып, яғни, қабат, қабат қылып, жеті жер қабатын жаратқандығын анық ұғып отырмыз(4).

Бұл да болса Қасиетті Құран кітаптың адамның жазғаны емес, Ұлы бір Құдіреттің сөзі екендігінің тағы бір айғағы. Себебі, егер бұл адам сөзі болса, жетінші ғасырда өмір кешкен, оқу жазу білмейтін пенденің «Көк аспанның жеті қабаттан тұратындығын қайдан білген?», «Жердің де жеті қабат жаратылғанын қайдан білген?» Ол заман тұрмақ, мұнда ашылған жаңалықтарды жетінші ғасырда өмір кешкен әрі оқу жазу білмейтін пайғамбардың білуі ақылға қонымсыз нәрсе. Ендеше, әрбір ынсапты, әділ ақыл иесінің осындай құдіреттерге қарай отырып: «Құран Кәрім Мұхаммед пайғамбардың жазғаны емес, Жаратушы Құдай Тағаланың пенделеріне түсірген сөзі» деуден басқа шарасы қалмайды. Әлхамдулилләһи Раббиль аләмин!  

 islam.kz


1  libyaalsalam net: الإعجاز العلمي في قوله تعالى: ﴿اللَّهُ الَّذِي خَلَقَ سَبْعَ سَمَاوَاتٍ وَمِنَ الْأَرْضِ مِثْلَهُنَّ﴾ [الطلاق:12]
2  Құран Кәрім: «Талақ», 12 аят.
3  Құран Кәрім: «Мүлік» сүресі, 3 аят. 'الذي خلق سبع سماوات طباقا'
4 «Ансар Меди» ютуб каналы: «ЧУДО КОРАНА | 7 слоев земли» бағдарламасы. Орыс тілінде.

 

1 


1  

 

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз: