Құранда аспандағы "қара тесік" (қара құрдым) жайында не айтылған?
Құранда аспандағы "қара тесік" (қара құрдым) жайында не айтылған?
5 жыл бұрын 13133

Бұдан бір мың төрт жүз жыл бұрын жұлдыздарды тек қана бал ашатын және жол көрсететін құрал ретінде ғана көретін еді. Бірақ Алла Тағала «Уақиға» сүресінің 75,76 аяттарында өзінің ұлылығын білдіріп, әрі айбынды құдіретін көрсетіп былай деген:

فَلَا أُقْسِمُ بِمَوَاقِعِ النُّجُومِ ﴿٧٥﴾ وَإِنَّهُ لَقَسَمٌ لَّوْ تَعْلَمُونَ عَظِيمٌ  (٧٦   

«Жоқ! Жұлдыздардың орындарымен ант етемін! Егер білсеңдер, мұның өзі үлкен бір серт».

Алла Тағала бұл аят-и кәримада аса ұлық антпен ант ете отырып, жұлдыздардың орындарына (мәуақиъ) назар аудартуда. Физика және астрофизика мамандары «жұлдыздардың орындары» деген сөзден, жұлдыздар туатын «ақ тесіктер» мен олар өліп, жоқ болатын «қара тесіктердің» (қара құрдым, ағылшын: Black holeде) бар екендігін анықтады.

Ақ тесіктер (ақ құрдым) – адамның ақылы жетпейтін дәрежеде аса үлкен, шексіз энергия қоймасы іспетті, ішіне миллиардтаған жұлдыздар шығаратын энергияға ие хикметті (ғибратқа толы) орын. Бұл - «галактиканың тұқымдары» және оны өндіретін орын деп аталады.

«Қара тесіктер» болса – құпия жұлдыздар қабірістаны саналады. Олар өзінің айналасындағы материалды болмыстарды және уақытты өзінің құпиясында жоқ қылады.

1950 жылдан кейін ғана анықталған қара тесіктер – энергиясы таусылып, семген жұлдыздардың, сему дәрежесі «0» болғанша өз ішіне қарай бүрісіп, тарылып, содан кейін шексіз керемет бір күшпен тартылыс алаңын тудырып, қара тесікке айналады деген сөз. Бұл құпия құбылыстың тартылыс күшінің дәрежесі аса күшті болғаны соншалықты, оның тартылысынан қайсы бір жарық не әлдебір аспан денесі, не болмаса басқа да болмыс оның әсерінен құтыла алмайды. Сондықтан ол телескоп арқылы көрінбейді. Тек қара тесік ретінде ғана көрінеді. Сондай-ақ, өз айналасына тудырған әсерінен ғана олардың бар екендігін білуге болады.

Бұнымен қатар, Құранның «Жұлдыздардың нұры өшкен шақта» (мүрсәләт сүресі, 8 аят) деген аятта да ишара етілгендей, қара тесік жұлдыз емес, ол жарығы өшкен жұлдыздың опат орны болып табылады. Бұл шындықтан Құран Кәрімнің қолданған сөздерінің қандай дұрыс таңдалғандығын байқауға болады.

Қара тесіктің назар аудартқан екінші бір ерекшелігі – өзге алып жұлдыздардың ғарышта семуіне себеп болмауы, әрі олардың ғарышты өтіп кетулері. Бұған мына аяттарда ишара етіледі:

وَالسَّمَاءِ وَالطَّارِقِ ﴿١﴾ وَمَا أَدْرَاكَ مَا الطَّارِقُ ﴿٢﴾ النَّجْمُ الثَّاقِبُ

«Аспанға және «тариққа» серт! Тариқтың не екенін сен қайдан білесің? (Ол) тесіп өтетін жұлдыз». (Тарық сүресі, 1-3 аяттар).

Мұндай аяттарды оқып отырып Алла Тағаланың құдіретінің шексіз екендігін түсінуге болады. Білім қазіргі таңда аспандағы қашықтықтарды тек қана «жарық жылы» (световой год) деген өлшеммен есептеп жатыр. Бұл болса, адамның ақылы жетпейтін жағдай. Мәселен, «Бір» санының жанына дүниені толтырарлық санда «Нөл» қойып шықсақ та жұлдыздар арасындағы қашықтықты білуіміз мүмкін емес. Бұл да Құран Кәрімнің аспандағы ұлылық, құдірет және даналық көріністерін бейнелейтін мұғжизалық ерекшелігі.

Алла Тағала «Уақиға» сүресіндегі қасиетті аятта ұлы серт бере отырып, тілге тиек еткен аталмыш құбылыс (яғни, аяттағы "Жұлдыздардың орындары"), бүгінгі ғылымның жеткен мүмкіндігі арқасында енді ғана түсінікті болып отыр. Ол аят бұнымен шектеліп қалмайтындығы анық. Ол аят болашақта ашылатын талай жаңалықтарды да ішіне қамтымайды деп айту мүмкін емес...

«Рахмет самалы және Құран мұғжизасы» атты кітаптан.

0 пікір