Құран Кәрімде қанша аят және қанша әріп бар?
Құран Кәрімде қанша аят және қанша әріп бар?
4 жыл бұрын 17121

Ибн Дурайс, Осман ибн Атаның жеткізген жолымен келтірген риуаятында, Османның әкесі Ата, сахаба Абдулла ибн Аббастың былай дегенін жеткізеді:

وَقَدْ أَخْرَجَ ابْنُ الضُّرَيْسِ مِنْ طَرِيقِ عُثْمَانَ بْنِ عَطَاءٍ عَنْ أَبِيهِ عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ قَالَ: جَمِيعُ آيِ القرآن ستة آلاف وستمائة وست عشرة آيَةً وَجَمِيعُ حُرُوفِ الْقُرْآنِ ثَلَاثُمِائَةِ أَلْفِ حَرْفٍ وَثَلَاثَةٌ وَعِشْرُونَ أَلْفَ حَرْفٍ وَسِتُّمِائَةِ حَرْفٍ وَوَاحِدٌ وَسَبْعُونَ حَرْفًا.

 "Бүкіл Құран аяттарының саны – 6616 аят. Бүкіл Құрандағы әріптердің саны – 323 671 әріп».

Әд-Дәни (Әбу Амр әд-Дәни) бұл мәселеге байланысты былай дейді:

«Ғалымдар Құран аяттарының саны «алты мың» екендігіне ижма еткен (бәрі бір ауыздан келіскен), ал одан артығына келгенде әртүрлі пікір айтады. Ғалымдардың кейбірі алты мыңнан асырмаған болса, кейбірі оған екі жүз және төрт аят қосады (204 аят). (Екі жүзге) 14 аят қосқандар бар, (екі жүз және ) 19 аят дейтіндер де бар (219), (кей мәліметте екі жүз және) 25 аят делінеді (225), (кейбірінде екі жүз және) 36 аят делінеді (236 аят, яғни, 6236 аят)».

Абдулла ибн Аббастан жеткен басқа бір мәліметті әл-Дәйләми өзінің «Фирдәус» атты мүснәдінда (хадис жинағы) «әл-Файд ибн Уәсиқ» есімді кісінің иснадымен келтіреді. Онда сахаба Абдулла ибн Аббас былай деп хадис айтқан:

«Пейіштегі дәрежелер – Құрандағы аяттардың мөлшеріндей. Әр аяттқа бір дәреже бар. Олар - алты мың екі жүз он алты (6216) аят. Пейіштегі әрбір дәрежелердің арасы – көк пен жердің арасындай қашықтықта». (Ибн Муъайн аталмыш хадисті жеткізуші «әл-Файд» деген кісіге байланысты: «Жаман өтірікші» деген баға берген)[1].

Ендеше, Құран Кәрімнің қасиетті аяттарының саны алты мыңнан астам екендігі анық. Оны орта есеппен жалпы саны "6600" деп, нақты айтатындар бар. Ал Құрандағы әріптердің саны, шамамен - 323 671 әріп.

А. Қасым


[1] Имам Суюти: "әл-Итқан фил Ъулумиль Құран".

0 пікір