Қазіргі таңдағы тәжіриби және теориялық астрофизика ғылымы бүкіл әлемнің белгілі бір уақытқа дейін «түтін» мұнары болып келгендігін еш шүбә келтірмейтіндей ақиқат деп есептейді, яғни, қараңғы, аса тығыз, қыздырылған газ тәрізді субстанция болған[1]. Бұл - қазіргі заманғы астрофизиканың іргелі-негізді тұжырымы. Бүгінде ғалымдар осы «түтіннің» қалдықтарынан жаңа жұлдыздардың қалыптасуын бақылай алады (1 және 2-суреттерді қараңыз).
№1-Сурет: «Тұмандылық» деп аталатын газ және шаң мұнарынан жұлдыздың пайда болуы. Суретте көрініп тұрған тұман мұнары бүкіл ғалам пайда болған «түтіннің» қалдықтары. ((The Space Atlas, Хизер (Heather) и Хенбест (Henbest), бет. 50.)).
№2-Сурет: Галактикалық тұмандылық лагунасы - бұл көлемі шамамен 60 жарық жылына (световых лет) татитын газ бен шаң. Оның қойнауындағы енді қалыптасқан аса қызу күйдегі жұлдыздардың үльтракүлгін сәуле шашуының әсерінен бұл тұмандылық үнемі қозғалыс күйінде болады.
Бұл жайында Құранда не делінген?
Ғылым анықтағандай, күнделікті түнде көріп жүрген жұлдыздарымыз бүкіл ғалам сияқты, алғашқыда түтін етін. Құранда да аспан әлемінің алғашқыда бейнебір түтін болғандығы айтылады. Бұған байланысты Құдай Тағала Құранда былай деген:
ثُمَّ اسْتَوَىٰ إِلَى السَّمَاءِ وَهِيَ دُخَانٌ
«Кейін Алла түтін болып тұрған көкке жөнелді...». (Құран 41:11).
Аяттың арапша нұсқасындағы «Духан (دُخَانٌ)» сөзі қазақшада «түтін» дегенді білдіреді (мысалы, араб тілінде темекінің бір атауы - "духан"). Аятта ашық-айқын түрде аспан әлемінің алғашқыда «түтін» болғандығы айтылып тұр.
Бұнымен қатар, жердің өзі және оның үстіндегі аспан (күн, ай, жұлдыздар, планеталар, галактикалар және т.б.) бәрі дерлігі «түтіннен» пайда болғандығына қарап, бастапқыда жер мен аспан біртұтас болған еді деп қорытынды жасауға болады. Содан кейін ғана олар біртектес «түтіннен» құралып, бір-бірінен бөлініп кетті. Жер мен аспанның біртұтас болғандығы жайында Алла Құранда былай деген:
أَوَلَمْ يَرَ الَّذِينَ كَفَرُوا أَنَّ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ كَانَتَا رَتْقًا فَفَتَقْنَاهُمَا ۖ
«Иман келтірмегендер аспан мен жердің біртұтас болғандығын көрмей ме (пікірлемей ме?), содан кейін біз ол екеуін ажыраттық (бөлдік)...?» (Құран 21:30).
Ендеше, қадірменді оқырман, қазіргі ғылымның енді анықтаған жаңалығының Құранда 1400 жыл бұрын ашық түрде айтылып қойғандығына күә болудамыз. Бұның өзі қасиетті кітабымыз Құран Кәрімнің бүкіл әлемді жоқтан бар еткен Жаратушы Иенің сөзі екендігінің айқын бір дәлелі. Осындай Құранның кереметтілігін көріп тұрып, қалайша кейбір адамдар Құранды адам жазды дей алады? Қалайша Алланың және оның қасиетті сөзінің ақиқаттығын өтіріксіне алады?
Құранның адам сөзі болуы мүмкін еместігін Доктор Альфред Кронер де (Alfred Kroner) айтып өткен. Альфред Кронер геология саласындағы әлемдегі жетекші сарапшылардың бірі болып саналады. Ол Германия еліндегі Майнц қаласында орналасқан «Йоханнес Гутенберг» университетіне қарасты Жер туралы Институты Геология бөлімінің бастығы, профессор. Ол Құран аяттары жайында сөз қозғай келе, оның Мұхаммед пайғамбар тарапынан жазылмағандығын айтып былай дейді:
«Мұхаммедтің шығу тегін ескере отырып, оның ғаламның біртұтас болғандығы жөнінде білімі болуы мүмкін емес деп есептеймін, өйткені ғалымдар мұны соңғы бірнеше жыл ішінде ғана ең заманауи және өте күрделі технологиялық әдістерді қолдана отырып анықтай алды»[2].
Ғалым тағы бір сөзінде былай дейді:
«Он төрт ғасыр бұрын ядролық физика туралы ештеңе білмейтін әлдекімнің, тек өзінің ақылына ғана сүйеніп, мысалы, жер мен аспанның шығу тегі ортақ дейтін қорытындыға келе алатынына күмәнім бар»[3].
[1] The First Three Minutes, a Modern View of the Origin of the Universe, [“Алғашқы үш минут. Әлемнің пайда болуына байланысты заманауи көзқарас”], Вайнберг (Weinberg), бет. 94-105.
[2] Бұл дәйексөздер This is the Truth [”бұл ақиқат”] атты бейнебаяннан алынды (видеокассета).
[3] This is the Truth [“бұл ақиқат”] (видеокассета)..
Дереккөз: islamreligion.com
Аударып, дайындаған:
islam.kz