Қа­жы­лық жайында
Қа­жы­лық жайында
5 жыл бұрын 2228
"Ислам ғылымхалы" кітабынан, Қ.Жолдыбайұлы, М.Исаұлы

Хаж (араб ті­лін­де) – құр­мет тұ­тыл­ған қа­сиет­ті жер­ді зия­рат ету ма­ғы­на­сын біл­ді­ре­ді. Ал ша­ри­ғат­та­ғы тер­мин­дік ма­ғы­на­сы  қа­жы­лық айла­ры деп ата­ла­тын ар­найы уа­қыт­та Сауд ара­бияда­ғы Мек­ке қа­ла­сы­ның жа­нын­да­ғы Ара­фат тауын­да ғи­ба­дат ниеті­мен бір ме­зет тұ­ру, со­сын Қағ­ба­ны тауап* ету жә­не қа­жы­лық­тың ар­найы бас­қа амал­да­рын орын­дау ар­қы­лы ат­қа­ры­ла­тын ғи­ба­дат.

 

Қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның орын­да­ла­тын айла­ры

Шәууал, Зил­қағ­да жә­не Зил­хиж­жа айы­ның ал­ғаш­қы он кү­ні. Қа­жы­лық­та­ғы әр­бір амал үшін бел­гі­лен­ген ар­найы уа­қыт бар. Зия­рат тауабы­ның уақы­ты құр­бан айт кү­ні таң аты­сы­мен бас­та­лып, қа­жы­лық­қа ниет ет­кен адам­ның өмі­рі­нің со­ңы­на дейін. Бі­рақ зия­рат тауа­бын құр­бан айт­тың ал­ғаш­қы үш кү­нін­де орын­дау уә­жіп бол­ған­дық­тан, кім­де-кім осы уа­қыт­тан ке­шік­тір­се, қа­жы­лы­ғы­ның дұ­рыс бо­луы үшін құр­бан ша­лу­ға мін­дет­ті. Ал Ара­фат тауын­да тұ­ру­дың уақы­ты бол­са, ара­фа кү­ні түс ау­ған­нан құр­бан айт кү­ні таң на­ма­зы­ның уақы­ты кір­ген­ге дейін­гі уа­қыт.

 

Қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның пайда­ла­ры мен хик­мет­те­рі

Ша­ма­сы жет­кен әр­бір мұ­сыл­ман ба­ла­сы­на қа­жы­лық ғи­ба­да­ты па­рыз бол­ған­дық­тын орын­даушы­сы, ең бі­рін­ші, Алланың сый-сыяпа­ты­на ке­не­ліп, кү­нә­ла­ры­нан ары­ла­ды. Өйтке­ні, Алла Та­ға­ла өзі­нің әмір­ле­рін орын­да­ған құл­да­рын ақы­рет­те сый-сыя­пат­қа бө­лейті­ні ту­ра­лы уәде ет­кен. Қа­жы­лық ғи­ба­да­тын ықы­лас­пен орын­да­ған құл­дар­дың кү­нә­ла­ры­ның ке­ші­рі­ле­ті­ні жайын­да Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.ғ.с.) бір ха­ди­сін­де:

{مَنْ حَجَّ فَلَمْ يَرْفُثْ وَ لَمْ يَفْسُقْ رَجَعَ مِنْ ذُنُوبِهِ كَيَومٍ وَلَدَتْهُ أُمُّهُ}

«Кім­де-кім әйелі­мен жа­қын­дас­пай (жа­қын­да­су­ға тар­та­тын бар­лық іс әре­кет­тер­ден ау­лақ бо­лып) жә­не кү­нә іс­те­мес­тен қа­жы­лық жа­сай­тын бол­са, ана­сы­нан жа­ңа ту­ған­дай кү­нә­ла­ры­нан ары­лып қайта­ды»[1]де­лін­ген. Иә, жү­ре­гі­не Хақ сәуле­сі ұяла­ған әр­бір мұ­сыл­ман­ның асыл ар­ма­ны Алла Та­ға­ла­ның құ­зы­ры­на мы­на жал­ған дү­ниеде пен­де­ші­лік­пен іс­теп қой­ған кү­нә­ла­ры­нан ары­лып, ана­сы­нан жа­ңа ту­ған сә­би­дей пәк күйде, жар­қын жүз­бен ба­ру. Сон­дық­тан да түн ұйқы­сын төрт бө­ліп, тә­һаж­жүд оқып, ға­пыл құл­дар­дың шырт ұйқы­да жат­қан осы бір ме­зет­те Раб­бы­сы­мен оңа­ша қа­лып, көз жа­сы­мен кү­нә­лі жү­ре­гін жуып, кү­нә­ла­ры­на ке­ші­рім ті­леп жал­ба­ры­на­ды. Тәубе етіп, шы­жы­ған ыс­тық­та нә­піл ора­за ұс­тап, ықы­ла­сы­ма аз да бол­са бас­қа­ға көр­се­ту, мақ­та­ныш се­зі­мі ара­лас­па­сын де­ген ниет­пен та­са­да еш­кім­ге көр­сет­пей са­да­қа бе­ре­ді. Жал­пы айт­қан­да, өмі­рін­де­гі әр­бір мүм­кін­ші­лік­ке, әр­бір іс­те­ген жақ­сы­лы­ғы­на, кү­нә­ла­ры­ның ке­ші­рі­луіне се­беп бо­лар де­ген үл­кен үмітпен қа­райды.

Шыр айна­лып, зар илеп, кү­нә­ла­ры­на ке­ші­рім ті­ле­ген осы бір шы­найы құл­ға Алла Та­ға­ла қа­жы­лық­ты па­рыз ет­ті. Өйтке­ні, бұл па­рыз­да ғұ­мыр бойы із­де­ген асыл ар­ма­нын тап­пақ. Ол – кү­нә­сі­нан жа­ңа ту­ған сә­би­дей ары­лу, та­за­ру.

Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың бас­қа бір ха­ди­сін­де Алла құ­зы­рын­да қа­был етіл­ген қа­жы­лық­тың қа­ры­мы – жән­нат еке­нін айт­қан:

{ألْعُمْرَةُ إلَي الْعُمْرَةِ كَفَّارَةٌ لِمَا بَيْنَهُمَا وَالْحَجَّ الْمَبْرُورُ لَيْسَ لَهُ جَزَاءٌ إلاَّ الْجَنَّةَ}

Ма­ғы­на­сы: «Бір ум­ра екін­ші ум­ра­ға дейін­гі ара­лық­та жа­са­ла­тын кү­нә­лар­ға кәф­фа­рат, ал, қа­был бол­ған қа­жы­лық­тың сауабы – тек қа­на жән­нат».

1. Ис­ла­мият туып, құ­лаш жай­ған бұл қа­сиет­ті то­пы­рақ­қа ба­ру Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.ғ.с.) жә­не атақ­ты са­ха­ба­лар­дың қаһармандықтарымен таныстырып, жү­ре­гі­міз­ге жа­ңа­ру, Ис­ла­ми өмі­рі­міз­ге үл­кен сер­пін әке­ле­ді. Мың­да­ған қа­сиет­ті ес­те­лік­тер­дің қазы­на­сы жә­не Алланың сүйік­ті Ел­ші­сі­нің (с.ғ.с.) исі сің­ген то­пы­рақ­тың әр­бір бұ­ры­шын­да тең­де­сі жоқ әлем­нің нұр­лы сы­ры жа­тыр. Пай­ғам­ба­ры­мыз шық­қан ол то­пы­рақ­та өлі жү­рек­тер ті­рі­ліп, мұ­сыл­ман­дар жап-жа­ңа жан ра­қа­ты мен қуаны­шы­на ке­не­ле­ді.

2. Қажылық кезінде адамдардың ағылып әр құрлықтан келуі психологиялық тұрғыдан адамның дүниетанымын кеңейтіп, оның тағы бір беймәлім қырын аша түседі.  Осы наным-сенімді ұстанып, соның үкімін атқарып жүрген жалғыз мен емес екенмін деген ой-пікір қалыптасады. Төрткүл дүниенің төрт бұрышынан әр тілде сөйлейтін, әр түсті, мемлекет басшысынан бастап қарапайым халыққа дейін бай-кедей әр ұлт өкілінің бір жерде бас түйістіріп, қасиетті Қағбаның алдында ерекше бақытты күй кешіп, аппақ ихрамға оранып, бір зікірді қайталап қажылық парызды атқаруы мұсылман жұртшылығының өзара ынтымағы мен бірлігін күшейтіп, иманын нықтай түседі. Бұл біздің үлкен күш, үлкен жамағат екенімізді ұқтырады. Қажылыққа келген мұсылмандардың саны қанша болса, қажылық барысында біздегі иман да сонша есе арта түскендей әсер қалдырады.

Осы бір сырды аңғарғандар сәл бір шу шыға қалса өздерін жақтайтын он-он бес адамның басын тоқайластырып жіберіп шеру өткізуге даяр тұрады. Мақсат – сол істі жақтайтындардың аз емес екенін көрсету, өзара күш-қуаттарын арттыру, сенімдерін бекіту. Жалған дүние тірлігінің өзін осыншалықты қызғыштай қорғап жатқанда ақиқат үшін бас біріктіріп бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарудың қаншалықты маңызды екендігі өзі-ақ белгілі болғандай.

Егер мұқият көңіл бөлінсе, адамды жан-жақты қолға алған Ислам діні бес уақыт намаздың өзін жамағатпен оқуды бұйырады. Одан қала берді аптасына бір рет мешітке бас сұғып жұма намазын оқуды парыз еткен. Жыл сайын екі рет айт намазында да мұсылмандардың басын қосады. Ал қажылықта болса бұл дәстүр өз шарықтау шегіне жетеді.

3. Ұлтына, нәсіліне қарамастан мұсылмандардың арасындағы имани байланыстардың артуы, Ислам бірлігінің күшеюі қажылыққа келу арқылы іске асады. Өйткені дүниенің шартарабынан келген мұсылмандар мынаны ұғады: «бәріміздің де Жаратушымыз бір, Ризық беруші Иеміз бір, Құлшылық етушіміз де бір... Дініміз де бір... Пайғамбарымыз да бір... Құбыламыз да бір... Осылай бір-бірімен жалғасқан жүздеген бірлер... Осынша бірлер өзара бірлік пен келісімді, сүйіспеншілік пен бауырмалдықты қажет етеді».

Иә, бұлардың барлығы - ғалам мен планеталарды бір-біріне жалғап тұрған рухани шынжыр іспетті жеке адам ретінде әрі мемлекет ретінде Ислам әлемінің бірлігі мен ынтымақ, татулығына негіз болатын байланыстар. 

Қажылық осылайша Ислам бауырмалдығының іске асуын қамтамасыз етеді. Дүниенің түкпір-түкпірінен келген мұсылмандардың өзара бауыр екендігі қажылықта дәлелдене түседі (АҚШ-тағы қара нәсілді мұсылмандар тобының жетекшісі Малкольм Иксті бұрынғы теріс ұлтшылдық пікірінен арылтқан да осы қажылық барысында көз жеткізгендері болатын).

4. Қажылық - мұсылман ұлттар арасындағы теңдіктің іс жүзіндегі көрінісі. Неге десеңіз, мұсылман ұлттар қажылық кезінде бай-кедей, білімді-білімсіз, ұстаз-шәкірт, шен-шекпен жағынан кім болса о болсын барлық дүниелік атақ-лауазымдарын бір жаққа ысырып қояды. Киімдерін шешіп бәрі бірдей аппақ ихрам киеді. Басқа мұсылман бауырларынан ажыратқысыз кейіпке еніп, ешбір айырмашылықтары болмайды. Сырттай көз тастасаң бәрі бірдей ақ кебінге оранған секілді. Еріксіз Мақшарда мазардан түрегелер сәтті елестетеді.

Алла Тағала «Хужурат» сүресінің 13-аятында «Әй, адам баласы! Шүбәсіз, сендерді бір ер, бір әйелден (Адам ата, Хауа анадан) жараттық. Сондай-ақ бір-бірлеріңді тану үшін сендерді ұлттар мен ұлыстарға бөлдік. Шындығында, Алланың қасында ең ардақтыларың тақуаларың. Күмәнсіз, Алла толық білуші, әр нәрседен хабар алушы», - деп бұйырады. Яғни сендерді ұлттар мен ұлыстарға, қауымдар мен тайпаларға бөлуімнің астары бір-бірлеріңді тануда, бір-біріңнің қоғамдық өмірлеріңмен етене танысуда жатыр, сол себепті қашанда өзара көмектесесіңдер, әйтпесе сендерді әр бөлек қауым ретінде жаратуымдағы мақсат бір-біріңнен суып, бір-біріңе алакөзденіп жауласу емес деген сөз.

5. Қажылық – мұсылмандар үшін сабыр мен талпынысты үйрететін мектеп. Қажылық мектебі үздіксіз ғибадат жасату арқылы нәпсінің тізгінін тартып ауыздығын салады, мұсылман бауырларды бір-бірін сыйлап, сыпайылық танытуға үйретеді. Қажылық сапары барысында ешбір қайтарымсыз мал жұмсау, Алла үшін не нәрсені болса да шығындау парасаты өседі. Жақсылық пен жамандықтың арасалмағы бағамдалып, Алланың дұшпаны мен досының ақ-қарасы ажыратылады. Шайтанға тас атқан кезде, Қағбаны тауап еткенде, Мәдинаға ат басын бұрғанда, қара тасқа сәлем салғанда осындай терең ой құшағында тербеліп, ішкі жан сарайымыз тазарып сала береді.

6. Қажылық кезінде мұсылмандардың небір ішкі керемет сезімдері оянып, жүректері үлкен әсерге бөленеді. Алғашқы мұсылмандардың уахидың таңғажайып күйіне елітіп, әсемдіктерінен сөз етіскендігі, әр бірі Құранның түсіндірмесі секілді адамзатқа ұмытылмас әсер қалдырғаны, осы қасиетті топырақта небір жанкештілік қимыл-әрекет, дархан мінез, өнегелі өмір іздері қалғандығы мұсылмандардың көз алдынан тізіліп өтіп, санада қайта жаңғырады. Мұсылман қажылардың рухын биіктетіп, шабытын шарықтатады.

7. Қажылық – мәңгілікке ойып жазылған иләхи естеліктердің еске түсірілуі. Оған мысал, жалғыз өзі бір үмметті құраған хазіреті Ибраһим мен ұлы Исмайылдың ғибратты ғұмыры, соңғы Пайғамбар Мұхаммедтің (с.ғ.с.) көктегі періштелердің өзін қызықтырған өнеге-үлгісі, иманын қызғыштай қорғап өмір мен өлімнің арасында ажалмен арпалысқан даңқты сахабалардың ерліктері-бәрі де тізбектеліп қажылық кезінде көз алдымыздан өтіп жатады. Оған қоса, Алла разылығы үшін сәбиін көтерген күйі жолға шыққан ананы да, Алла разылығы үшін деп жанын қиған асыл перзентті де, аяулы ұлын Алла разылығы үшін сапарға аттандырған әкені де,  діндар күйеуінің бір сөзін екі етпей бағынған ананы да - бәрін осы аймаққа келіп қажылық жасағанда еске түсіресің[2].

Келесі: Қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның үкі­мі

[1] Бухари, Муслим, Ибну Мажә, Тирмизи, Нәсәәи/ Әбу Һурайрадан.
[2] Құлшылық құпиясы, 165-бет.
* Қағбаны ғибадат ниетімен айналу.

0 пікір