Ораза ем ретінде ішек ауруларына, іш қатуға қарсы қолданылады. Оразаның медициналық емдігінің қатарында кейбір тері ауруларының жақсаруы, асқазан мен ішек жұмысына тоқтау салып олардың белгілі бір уақыт аралығында тынығуы қамтамасыз етіледі. Сол себепті әлемнің кейбір елдерінде ораза арқылы емдейтін арнайы емханалар ашылған. Олардың бірі – Саксонияның Дресден қаласында орналасқан др. Генри Лахманның емханасы.
Ораза және тамақтану
Жеген тағамдарымыздағы белок пен қышқылға кейбір көкөністер қосылып тұз түзейді. Жасушаларымыз бен тканьдарымызда үнемі тұз түрлері өзгеріп тұрады. Тағамданған кезде химикалық негіз жетіспесе қышқылдың тұзға айнала алмауы салдарынан улану пайда болады. Бұл жағдай денедегі қосымша қызметпен қамтамасыз етілгенімен, оның үздіксіз қайталануы денсаулықтың бұзылуына себеп болады. Аурулардың елу пайызы асқазан бұзылуы салдарынан пайда болады. Қышқыл мен тұз тепе-теңдігі денсаулық үшін қажетті болғанмен біз оны қадағалап жатпастан бәрібір өз мүмкіндігімізге қарай қалауымызша тамақтанамыз. Бей-берекет тамақтанудан туындайтын денедегі бұндай ауыртпалықты жылына бір ай күндізгі уақыттарда тоқтатуға болады. Бұндай ораза адамның ішкі мүшелеріне жиналатын майларды ерітіп, метоболизмды жандандырады. Бүйрек, бауыр, қуық, сусамыр (қант диабеті), жүрек пен тамыр ауруларына қарсы төзімділікті арттырады. Ол үшін сәресі мен ауыз ашар уақыттарда тым көп ас жемеу керек. Оразаның пайдасы туралы Алекс Каррел былай дейді:
«Тамақ ішпеу әуелі аштықты ұғындырады, кейде жүйкені бұзады, соңында әлсіздік сезімін оятады. Алайда ең маңыздысы бауырдағы шекерлерді, тері астындағы май қыртыстарын, бұлшық ет, без, көк бауыр жасушаларындағы протеиндердің қимылын арттырады. Барлық мүшелер өз құрамы мен жүрек біртұтастығын қорғау үшін жанын салады. Міне, осылайша ораза тканьдарымызды тазалап, өзгертіп отырады».
«Адам ұрпағының жалғасуында үлкен рөл ойнайтын аштыққа төзім қызметін» ораза ретке келтіріп, аштық пен шөлге деген адамның шыдамын арттырады. Кейбір мүбарак күндерде, дүйсенбі мен бейсенбі күндері ұсталған мәжбүрліктен тыс нәпіл ораза гормонды қимылдарды реттейді. Бойдағы күш-қуаты мен энергиясын не жұмыс, не спортқа жұмсамайтын кісілерді, әсіресе, жастарды әр түрлі жамандықтар мен арсыздықтардан тыяды. Бұндай Алла разылығы үшін ұсталған ораза рухқа деген дененің қысымын азайтады. Рух бостандығына мүмкіндік сыйлайды.
"Құлшылық құпиясы" кітабынан