«Ол – біреуі келесісімен «өте бір үйлесімдегі» жеті қабат көкті жаратушы. Рахманның жаратуында ешқандай «қарама-қайшылық, сәйкессіздік» көре алмайсың. Көзіңді төңкеріп қара, қандай да бір сызат (ақау) көре аласың ба? Кейін көзіңді екі рет тағы да жүгірт, ол көз шаршаған кейіпте өзіңе қайтады». («Мүлік» сүресі, 3-4 аяттар)
Ғарыштағы миллиардтаған жұлдыз бен галактикалардың үйлесімділігі керемет. Олар үнемі айналыста. Бірақ, 200-300 миллиард жұлдызы бар галактикалар қарама-қарсы бағытта қозғалғанда, араларында ешқандай қақтығыс болмайтындығы таңғалдырады. Әйтпесе, Жер шарының өз өсін айналу жылдамдығы сағатына – 1670 шаршы шақырым. Жер шарының Күнді айналғандағы жалдамдығы сағатына – 108 000 шақырым.
Күн жүйесінің галактика орталығын айналу жылдамдығы – сағатына тұп-тура 720 000 шақырым. Шамамен 200 миллиард жұлдызды қамтитын «Құс жолы» галактикасының ғарыш кеңістігіндегі жылдамдығы – сағатына 950 000 шақырым.
Осыншама заулаған аса жоғары жылдамдыққа ие жүйеде абайсызда үлкен соқтығыстардың болу қаупі зор екені рас. Алайда, ондай ешбір келеңсіз жайтқа душар болмастан біз алаңсыз, тыныш өмір сүрудеміз. Өйткені, ғарыштағы аспан денелері Алла Тағала бекіткен жүйеден ауытқи алмайды. Осындай астрономиялық деректерді Құран аяттарында қандай кемелдікпен хабарлаған десеңізші?!