Нәпіл намаздар оқылмайтын 12 уақыт
Нәпіл намаздар оқылмайтын 12 уақыт
5 жыл бұрын 30799

1. Таң намазының уақыты кіргеннен кейін. Бұл уақытта таң намазының сүннетінен өзге нәпіл намаздарды оқу мәкруһ. (Қаза намаз оқуға болады).

2. Таң намазының парызын оқып болғаннан кейін. Таң намазының парызы оқылып болғаннан кейін күн шыққанша сүннет те оқылмайды, нәпіл де оқылмайды. 

3.  Асыр намазынан кейін.

4. Ақшам намазының парызынан бұрын. Күн батқаннан кейін ақшамды оқымай тұрып, нәпіл намаз оқу мәкруһ. Ақшам намазынан кейін оқыла береді.

5. Жұманың құтпасы оқылып жатқанда.

6. Жұма намазына қамат түсіріп жатқанда.

7. Екі айт намазының құтпасы оқылып жатқанда. (Сондай-ақ, мешітке айт намазына келген кісі айт намазы оқылмай тұрып нәпіл намаз оқымайды).

8. Күсуф намазының құтпасында. (Күсуф намазы – күн тұтылғанда оқылатын намаз. Бұл намазда Имам Ағзам Әбу Ханифа, Имам Мәлік және Имам Ахмед бойынша құтпа оқылмайды. Имам Шафиғи т.б. ғалымдар бойынша оқылады. Құтпа оқылып жатқанда нәпіл намаз оқу мәкруһ).

9. Истисқа намазының құтпасында. (Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед бойынша, жаңбыр дұғасында имам екі рәкәғат намаз оқып болып, айт намаздардағыдай құтпа оқиды, мінберге шықпайды, жерде тұрады. Осы құтпа оқылу барысында нәпіл оқу мәкруһ).    

10. Күн шығып жатқан сәтте.

11. Күн батып жатқан сәтте.

12. Зәуәл уақытында. (Зəуəл уақыт - күн тас төбеге келген уақыт).

Соңғы үш уақытта (10, 11 және 12 пунктегі) нәпіл намаз да, парыз намаз да оқылмайды[1].


[1] Ғалым ибн Алә әл-Ансари әд-Дәхләуий әл-Һинди (х.786 ж.): әл-Фәтәуә әт-Тәтәрхания. 1/303 бет.

 
 
Абдусамат Қасым
0 пікір