Менделеевтен 1000 жыл бұрын химиялық элементтердің кестесін жасауға тырысқан мұсылман ғалым
Менделеевтен 1000 жыл бұрын химиялық элементтердің кестесін жасауға тырысқан мұсылман ғалым
22 күн бұрын 1249 islam.kz/

Химия – бұл заттың құрамын, оның өзгеруін және сол өзгерістердің заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Мұсылман ғалымдарының осы ғылымға да тереңірек үңілгені таңғаларлық емес. Алайда олардың идеялары мен тәжірибелік еңбектері қаншалықты маңызды болса да, өкінішке қарай, ол еңбектер көбіне тек көркем шығармаларда ғана айтылады, ал ғылыми журналдар мен оқулықтарда сирек кездеседі. Бұған себеп – көп адамдардың арабтар химиямен тек сиқыр не “алхимия” түрінде айналысқан деген қате түсінік болып отыр.

Біз бүгін сізге қазіргі химияның негізін қалаған мұсылман ғалым жайлы айтып, қоғамда қалыптасқан сол стереотипті бұзғымыз келеді.


Химия мен алхимияның айырмасы

«Алхимия» деген сөз көбіне химияның ертеректегі, ғылым ретінде толық қалыптаспай тұрған кезін сипаттау үшін қолданылады.

Кейбір ғалымдардың айтуынша, химия ғылым ретінде XVII–XVIII ғасырларда ғана пайда болды. Бұған дейінгі дәуірде ол тәжірибелік әрі нақты ғылым ретінде қаралмаған. Сол себепті, XVII ғасырға дейін бұл сала «алхимия» деп аталып келген.

Алайда кейбір зерттеушілер бұл көзқарасқа қарсы шықты. Шын мәнінде, мұсылман ғалымдар «алхимияға» ғана емес, нағыз химияның дамуына да үлкен үлес қосты. Мысалы, британ тарихшысы әрі арабтанушы Эрик Джон Холмярд, француз химигі Бертло сияқты ғалымдардың мұсылмандар туралы жаңсақ пікірлерін теріске шығарған. Ол өзінің «Химияның дамуы» атты еңбегінде ол химияның тарихын бастан-аяқ талдап, ислам дәуіріндегі химия қазіргі ғылымның іргетасы болғанын айтады. Сол замандағы ең атақты химия танушы ғалымдардың бірі – Джабир ибн Хайян (Гебер).


Әбу Мұса Жәбір (Джабир) ибн Хайян

Жәбір шамамен 721 жылы қазіргі Иран жеріндегі Тус ауылында дүниеге келді, 815 жылдары сол маңда қайтыс болды. Оның әкесі дәріханада жұмыс істеген екен, сондықтан болашақ ғалым бала кезінен түрлі заттар мен олардың қасиеттеріне қызыққан.

Кейін әкесі саяси себеппен өлтірілген соң, Жәбір Куфа қаласына қашуға мәжбүр болыпты. Сол кезеңде Аббасит халифасы Харун ар-Рашид билік құрып тұрған еді. Жәбір сарайда беделді Бармакидтер әулетімен байланыс орнатып, химиямен еркін айналысуға мүмкіндік алған.


Эксперимент жасауға баса мән беру

Жәбір ибн Хайян – мұсылман әлемінің ең ұлы ғалымдарының бірі. Холмярд оны бекерден-бекер «химияның атасы» деп атамаған. Холмардтың айтуына қарағанда Джабирдің ең басты жаңалығы – химияны тәжірибеге негіздеуінде жатыр, дәлірек айтқанда эксперименттер жүргізуінде дейді. Жәбір ибн Хайян ғылымның эксперименталдық жөнінің маңыздылығын айта келе былай деген:

«Химиядағы ең маңызды нәрсе – тәжірибе жасап, эксперимент жүргізу. Кім тәжірибе жасамай, эксперимент жүргізбесе, ол ешқашан шеберлікке жете алмайды»
– деп айтқан.

Осылайша, ол химияны гректердің тек оймен топшылау тәсілінен ажыратып, нақты тәжірибелік ғылымға айналдырды.


Жәбірдің жаңалықтары: Химия саласына қосқан үлесі

Жәбір тәжірибеде дәлдікке ерекше мән беріп, заттың салмағын 1/6 граммға дейін өлшейтін таразы жасаған.

Ол әртүрлі заттарды араластырып, қыздырып, суытып, үгітіп және дистилляция арқылы тазалау әдістерін қолданған.

Ғалым сол заманда алғаш рет реторта деген ыдысты ойлап тапқан. Бұл ыдыс түрлі химиялық процестерді дәл орындауға мүмкіндік берді.

Ол тотығу (мысалы, борды күйдіру), қалпына келтіру (электрон алу), және ең маңыздысы – дистилляция сияқты химиялық реакцияларды зерттеген.

Өз қолымен жасаған қарапайым айдау құрылғысы – екі бөтелке мен түтік арқылы бу конденсациясын жүзеге асыратын жүйе – кейіннен мұнайдан керосин алу үшін қолданылған.

Жәбірдің химиялық жаңалықтары

Ағылшын ғалымы атом мен молекула теориясының авторы Джон Дальтоннан он ғасыр бұрын, Жәбір химиялық байланыстарды сипаттап жазған еді. Жәбір элементтердің бір-бірімен байланысын көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектер арқылы түсіндірген. Бірақ бұл байланыстар олардың бастапқы қасиеттерін жоғалтпайды деп есептеген.

Жәбір көптеген жаңа заттарды да ашқан. Көпшілік ғалымдар күкірт қышқылы, тұз қышқылы және азот қышқылы сияқты күшті қышқылдарды алғаш ашқан — дәл осы Жәбір дейді. Бұл жаңалықтар қазіргі заманғы химия үшін де аса маңызды, тіпті бүкіл химия өнеркәсібінің негізі деуге болады.

Тағы бір ерекше еңбегі – Жәбір қазіргі біз білетін Менделеевтің периодтық элементтер кестесінің бастамасын жасаған. Ол химиялық элементтерді жүйелеу үшін арнайы кесте құруға тырысқан.

Бұл идея ежелгі гректердің көзқарасына сүйенген: олар элементтерді металдар, бейметалдар және айдауға (дистилляциялауға) болатын заттар деп үш топқа бөлген. Сол себепті, Джабирдің жасаған кестесі қазіргі химиялық элементтердің периодтық кестесіне ұқсас болған.


Дереккөз: islam-today.ru, Ильмира Гафиятуллина.

 

 

0 пікір