Лондон университетінің профессоры Артур Элисонды Ислам дінін қабылдауға итермелеген Құран аяты.
Лондон университетінің профессоры Артур Элисонды Ислам дінін қабылдауға итермелеген Құран аяты.
5 жыл бұрын 4727

Білімді және Құран мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүннеттеріндегі кереметтерді зерттеп, зерделей алатын адамдар ақиқатты қабылдап, дұрыс дінді қабылдайды. Мәселен, Лондон университетінде электр және электронды инженерия кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істеген британдық ғалым Артур Элисонды алалық.

Бірнеше жыл бойы Британия психологиялық және рухани зерттеулер қоғамының президенті қызметін атқарып келген Артур Эллисон, «адамның тірі кезіндегі мен жан тәсілім еткен кезіндегі дене массасы бірдей бола ма?» деген мәселені зерттеді.

Сол мақсатта Артур Эллисон өлімге дейін және өлімнен кейін бірден денесін өлшетуге еріктілерді жинап жатқаны жөнінде жария етті. Алайда, оның хабарламасына ешкім жауап бермей, эксперименті құлдырау үстінде тұрды. Сондай қауырт сәтте, студенттерінің ішінен бір мұсылман студент бұл тәжірибені тірі адамдарға жасап көруді ұсынды. Ол адамды ұйқыға кетпес бұрын бір өлшеп, ұйқыға кеткеннен кейін тағы бір өлшеуді ұсынды. Профессор оның бұл ұсынысын оғаш деп тауып, алғашында ұсынысын қабыл етпеді. Бірақ мұсылман студент табанды түрде ұсынысын қабыл етуді өтінді. Құран Кәрімде ұйқының өлімге ұқсатылғанын, сол себепті, нәтижесі де бірдей болуы керек екендігін білдірген ол, мына қасиетті Құран аятын оқып берді: 

اللَّهُ يَتَوَفَّى الأَنْفُسَ حِينَ مَوْتِهَا وَالَّتِي لَمْ تَمُتْ فِي مَنَامِهَا فَيُمْسِكُ الَّتِي قَضَى عَلَيْهَا الْمَوْتَ وَيُرْسِلُ الأُخْرَى إِلَى أَجَلٍ مُسَمًّى إِنَّ فِي ذَلِكَ لآيَاتٍ لِقَوْمٍ يَتَفَكَّرُونَ

 

«Аллаһ Тағала адамдардың жандарын өлген кезде (өмірлері аяқталғанда) алады. Ал әлі уақыты келмегендердің жанын болса, ұйқысында алып, өлуіне үкім берілгендердің жанын ұстап қалады да, басқаларын белгілі бір мерзімге дейін жібереді (қайта денесіне қайтарады). Сөз жоқ, мұнда түсінетін елге ғибраттар бар». [Құран Кәрім: «Зүмәр» сүресі, 42 аят.].

Әйтсе де, студентінің айтқан сөздерін тексермей қабылдағысы келмеген профессор, аталмыш Құран аятын іс жүзінде тексеруді жөн көрді. Бірақ, эксперименттің нәтижесі дәлме-дәл Құран аятында айтылғандай болып шыққанда, таңдасында шек жоқ еді. Расында да, өлім кезі мен ұйқы кезіндегі адам рухының денеден айырылуында ұқсастық бар екендігін тексеру нәтижесі көрсеткен еді. Айырмашылығы: ұйқы кезінде жан денеге қайта оралады, ал, өлген жағдайда жан денеге оралмайды. Сондай-ақ, тексеру нәтижесінде ұйқыдағы адамның салмағы төмендейтіні белгілі болды.

Артур Элисон үшін Құран аятындағы фактілер сенсация саналып, Ислам дінін қабылдауына итермелеген басты себеп болды.   

1985 жылы профессор доктор Артур Элисон Каирдегі «Құрандағы орын алған ерекше құбылыстар» тақырыбында ұйымдастырылған дүниежүзілік ассамблеяға шақырылды. Конференцияда ғалым келесі баяндамалармен шықты:

  • Құран Кәрім бойынша психологиялық және рухани сауықтыру әдістері
  • Құранның 39-шы сүресінің 42-аяты аясында ұйқы мен өлім мәселесі. 

Сол конференцияда Құранда сипатталған көптеген ғылыми фактілер оның әлемге деген көзқарасын, дүниетанымын өзгерткен еді. 

Конференция аяқталысымен ғалым Артур Элисон көптеген журналистер мен теледидар камераларының алдында Ислам дінінің Әлемнің Жаратушысынан келген шынайы дін деп атауға болатындығын мәлімдеді де, артынан былай деп тілін кәлимаға келтіріп мұсылман болды:

Әшһәду әллә иләһә иллаллаһ. Уә әшһәду әннә Мұхаммәдән абдуһу уә расулуһ!

Мағынасы: «Алладан басқа құдай жоқ екендігіне күәлік етемін. Және де Мұхамметтің Оның пендесі әрі елшісі екендігіне күәлік етемін!». 

Муслим Абдулаев
Аударған: islam.kz

(Төмендегі деректі фильмде Артур Элисон жөнінде баяндалады. Ағылшын тілінде). 

 

0 пікір