Лимон шырыны қосылған суды не үшін ішу керек?
Лимон шырыны қосылған суды не үшін ішу керек?
6 жыл бұрын 7165 baribar.kz
Дана МАРАТОВА

Лимон жемісінің пайдасы туралы жиі естиміз. Ал лимон шырыны қосылған суды не үшін ішу керек? Оның зиянды тұстары туралы не білеміз?

Лимон суының пайдасы
  • Лимон шырыны қосылған су – жаздың аптап ыстығында таптырмас сусын. Ол шөлді қандырып ағзамызға қажет дәрумендер мен минералдардың орнын толтырады.
  • Лимон қосылған судың ас қорытуда маңызы зор. Биологтардың айтуынша, лимон қышқылы асқазан ұйқы бездерінің секреция жұмысын жақсартады.
  • Бауырды токсиннан тазалауда да лимон суының пайдасы тиеді.
  • Адамның иммундық жүйесін нығайтып, жүйке жүйесін қалыпқа келтіреді.
  • Сонымен қатар, лимон қосылған су адамның қан қысымын реттеуге көмектеседі.
  • Лимон суы артық салмақ тастауда көмектеседі. Оның құрамындағы пектин талшықтары аштықты басатын қасиетке ие.
  • Лимон шырыны қатерлі ісіктің алдын алады. Лимон – күшті сілтілі жеміс. Ғалымдар қатерлі ісіктің сілтілі ортада дами алмайтынын көрсеткен.
Лимон суының зияны
  • Асқазан-ішек аурулары кезінде лимон қосылған суды пайдаланбаған жөн.
  • Бүйрек ауруларына шалдыққан адамдарға да көп мөлшерде пайдалануға тыйым салынған, өйткені несеп айдайтын әсері өте мықты.
  • Ауыз қуысында стоматит болған жағдайда, яғни тілдің ойылуы кезінде лимон суын ішу шырышты қабықты тітіркендіреді.
  • Цитрусты жемістерге аллергия болған жағдайда дәрігерлер лимонды абайлап пайдалануға кеңес береді.
Лимон шырыны қосылған суды пайдаланудың негізгі ережелері:
  • Лимон суын таңертеңгілік уақытта ішу керек. Таңғы астан 20-30 минут бұрын ішсеңіз, дәрумендер ағзаға сіңіп үлгереді.
  • Қалыпты норма – күніне бір стақан. Одан артық ішудің қажеті жоқ.
  • Лимон шырынын жаңа сығылған балғын күйінде ішкен дұрыс. Себебі, уақыт өте келе қышқыл мөлшері тым жоғары болып кетеді.
  • Лимон суының температурасы 30-36 градус болғаны абзал. Одан төмен немесе жоғары болса, асқазанға зақым келтіру қаупі бар.
  • Сусынды ішкеннен кейін жарты сағаттан соң міндетті түрде тамақтану қажет. Ашқарынға ішіп, әрі қарай жүре беруге болмайды.
0 пікір