Жүрекке қатысты қызықты мәліметтер
Жүрекке қатысты қызықты мәліметтер
4 жыл бұрын 21648

1. Бала бойға біткеннен кейін (ұрық жатырға орналасқаннан кейін) 4-ші аптасында жүрек соға бастайды және дүниеден озғанша соғуын тоқтатпайды.

2. Жүректің көлемі - адамның сол қолының жұдырығымен шамалас. Ер адамның жүрегінің салмағы шамамен 310 гр, ал әйелдердікі – 240 гр.

3. Әйелдің жүрегінің көлемі ер адамдардікінен 20пайызға кіші, бірақ ер адамдарға қарағанда әйелдердің жүрегі жылдамырек соғады.

4. Жүрек бес минут ішінде шамамен 5 литр қан айдайды екен. Бір тәулікте – 7 мың литр. Өмір бойы 176 миллион литрдан астам қан айдап, ағзадағы 75 триллион клетканың бәрін қанмен қамтамасыз етіп отырады.

5. Жүректің бір күндік өндірген энергиясы (қуат күші) – автоколікті 30 шақырымға дейін қозғалтуға жетеді. Ал, өмір бойығы өндірген энергиясының көлемі - айға ұшып барып, ұшып келуге жетерліктей көлемде деседі.

6. Адамның жүрегінде 4 клапан бар. Ал, тараканның жүрегінде 13 клапан.

7. Зерттеу нәтижесінде анықталғандай: түстен кейін үнемі ұйықтайтын кісілердің "жүрек тамыры ауруына" шалдығу қауіпі – түсте ұйықтамайтындарға қарағанда 37% -ға аз.

8. Адам жүрегі орташа есеппен минутына 70 рет, бір күнде 100 мың рет, бір жылда 3 600 000 рет, ал өмір бойы 2,5 миллиард мәрте соғады екен.

9. Адам денесіндегі қан тамырларының ұзындығы - 120 000 000 метр (120 000 километр).

10. Жүрекке ұқыпты қарайтын болсақ, ол 150 жыл бойы тоқтаусыз жұмыс істеуге қауқарлы.

11. Пермь қаласында (Ресей) қызыл граниттен 4 тонналық жүректің ескерткіші орнатылған.

Тақырыпқа тұздық

Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед ғалейһиссәләм жүрек саулығына қатысты былай дейді:

«أَلَا وَإِنَّ فِي الْجَسَدِ مُضْغَةً إِذَا صَلَحَتْ صَلَحَ الْجَسَدُ كُلُّهُ، وَإِذَا فَسَدَتْ فَسَدَ الْجَسَدُ كُلُّهُ، أَلَا وَهِيَ الْقَلْبُ»

«Тыңдаңдар! Шынында денеде бір кесек ет бар. Егер, ол саламатты болса, дененің барлық жері саламатты болады. Ал, егер ол бүлінсе (нашарланса), дене тегіс бүлінеді. Біліп қойыңдар! Ол – жүрек!»[1].

islam.kz


[1] Имам Бұхари: «Сахих Бұхари»; Имам Мүслім: «Сахих Мүслім».

0 пікір