Жұма намазының шарттары
Жұма намазының шарттары
5 жыл бұрын 13326
Әбуль Ихләс әш-Шүрунбүләли (м. 1585-1659 ж.)

1. Жұма намазының парыз болу шарттары

  • Ер адам болуы керек (әйел кісілерге жұмаға қатысу шарт емес, оның орнына үйлерінде бесін намазын оқиды).
  • Еркін, азатты адам болуы керек (құлдарға парыз емес).
  • Жолаушы емес болуы тиіс (жолаушыға жұма намазына бару парыз емес, барып қатысам десе де қате емес).
  • Қалада немесе қаланың шегарасына кіретін аумақтарда тұрған болуы.
  • Дені сау болуы (сырқат адамға немесе мешітке жете алмайтын қауқары кеткен қария кісілерге парыз емес).
  • Залымның зұлымдығынан аман болуы (Залымнан зұлымдығынан жасырынған адамға жұмаға бару парыз емес).
  • Екі көзі сау болу (Имам Ағзамның пәтуасы бойынша, көзі көрмейтін зағип жанға жұма намазы парыз емес).
  • Екі аяғы сау болу (жүре алмайтын адамға жұмаға келу парыз емес, сондай-ақ, қамаудағы адамға да жұмаға келу парыздығы мойнынан түседі).

2. Жұма намазының дұрыс болу шарттары

Жұма намазының дұрыс болу шарттары алтау:

  • Қалалы жерде немесе «Финә-уль Мыср» деп аталатын, қалаға жалғасып тұрған, айналасындағы жерлерде оқылған болуы. (Халық көп шоғырланған үлкен ауылдар да қала үкімінде, ал халқының саны аз шағын ауылдар қала үкіміне кірмейді, сондықтан, жұма намазы оқылмайды, оның орнына бесін оқылады).
  • Жұманы патша немесе патшаның орынбасары (өкілі) өткізген болуы. (Бүгінде өкілеттілік жергілікті діни басқармаға берілген, сондықтан да жұманы муфтидің тағайындаған адамы өткізген болуы керек).
  • Бесін намазының уақыты кірген болу. (Бесін намазының уақыты – жұма намазының да уақыты саналады).
  • Құтпаның оқылуы. (Құтпаның шарттары: Парыз намазынан бұрын оқу, жұманың құтпасы ниетімен оқу және дұрыс деген пікір бойынша, тыңдаушы ретінде ең аз балиғат шасындағы бір еркек кіндіктінің болуы).
  • Мешіттің есігі жалпыға ашық болуы
  • Жамағаттың болуы. Яғни, жұма намазы дұрыс саналу үшін, имамнан бөлек құл да болса, жолаушы да болса немесе сырқат та болса, ең аз үш ер адамның болуы қажет.
  • Жамағаттың имаммен бірге ең құрғанда бірінші рәкәғаттың әуелгі сәждесін бірге орындаған болулары керек. (Бірінші сәждені имаммен орындағаннан соң, жамағат тарап кетсе де имам жұманың парызын өзінше оқып, аяқтайды. Жұма саналады. Ал егер, бірінші рәкәғаттың сәждесіне бармай тұрып жамағат тарап кетсе, онда намаз бұзылады, имам бесінді оқиды).

"Нуруль Изах" кітабынан. 
Аударып дайындаған: А.Қасым 

 

0 пікір