Ғылым мен тәжірибе арқылы бүгінде адамзат атмосфералық қысымның 1013 милибар екендігін анықтап отыр. Теңіз деңгейінен көкке қарай көтерілген сайын ауаның қысымы әр 10,5 метрде 1 миллибар азаяды екен. Ауаның жылылығы болса, әр 100 метр сайын 0,5 градусқа төмендейді (немесе анығырақ айтқанда әр 1000 метр сайын 6 градусқа кеміп отырады).
Бұнымен қатар, жерден көтерілген сайын атмосфераның қоюлығы мен шаңдардың азаятындығы, сондықтан оттегінің де азайғандығы байқалады. Сол себепті жоғары көтерілген сайын тыныс бітеле бастайды, сөйлеу мен көру қиындап, адам талып қалатындай күй кешеді.
Тіпті 20 000 метрден асқанда, арнайы құрал-жабдықтар қолданылмаса, адам дем ала алмай, өліп кететіні анық. Сондықтан мұндай қашықтықта ұшатын кезде арнайы оттегі баллондары қолданылады.
Ендігі жерде, бұл жайында Құранда не делінген?
Бертін келе ашылған бұл шындыққа он төрт ғасыр бұрын Құран Кәрімдегі мына қасиетті аятта ишара жасалған:
فَمَن يُرِدِ اللَّهُ أَن يَهْدِيَهُ يَشْرَحْ صَدْرَهُ لِلْإِسْلَامِ ۖ وَمَن يُرِدْ أَن يُضِلَّهُ يَجْعَلْ صَدْرَهُ ضَيِّقًا حَرَجًا كَأَنَّمَا يَصَّعَّدُ فِي السَّمَاءِ ۚ
«Алла кімді дұрыс жолға салғысы келсе, оның көкірегін Исламға ашады. Ал кімді адастырғысы келсе, Алла оның көкірегін ол көкке көтеріліп бара жатқандай тарылтып, қысып тастайды...».
«Рахмет самалы және Құран мұғжизасы».
Осман Нұри Топпаш.