Бисмилләһир рахманир рахим
Махлұқаттардың қай қайсысын алсақ да ұлы бір шебер суретшінің еңбегін көреміз. «Шеберді шебер дегенше Алланы шебер десейші» деп, Майлықожа ақын жырлағандай Құдай Тағаланың құдіретінің таңғажайып сырларына Оның жаратылыстарын зерделеу арқылы қанық болуға болады.
Құранда аты аталған жәндіктердің бірі - ара. Алла Тағала қасиетті аятында осындай керемет жаратылысқа уахи етіп, оған тауларда, өсімдіктерде ұя салып, гүлдің әрбір түрінен нәр татып, Рабысының жолынан бойсұнған күйі жүруді бұйырғандығын айтады. Және де араның ішінен әртүрлі реңдегі шипалы бал шығатындығына назар аудартып, осындай таңғажайып құбылыстан ғибрат алуымызға шақырады. (Құран, «Нәхл» сүресі, 68, 69).
Ендеше, Жаратушымыз ғибрат алуымызды бұйырған осы бір жаратылыстың бізге белгілі не белгісіз тұстары не екен, сол жөнін тізіп өтсек.
1. Аралар үш түрлі әлеуметтік топқа бөлінеді: аналық, жұмысшы аралар және трутеньдер.
2. Трутеньдердің функциясы аналық араларды ұрықтандыру болып табылады, олардың одан басқа келтірер пайдасы жоқ. Трутеньдердің не шағатын инесі, не балшырын (нектар) жинайтын жабдығы жоқ. Өзінің тұқымдастарын нәпақа тауып асырау былай тұрсын, тым құрығанда керек кезде ұяластарын қорғап та жарытпайды. Есесіне, жатып ішер қомағай. Алайда, жатып ішер трутеньдер күзге таман өзіне жүктелген міндеттерін атқарып болғаннан кейін ұяластары тарапынан ұядан қуылады.
3. Араның шаққан уыты ВИЧ жұқпалы ауруын алдын алуға көмектеседі. Араның уытындағы меллитин мен токсиндер вирустың қабыршағынан өтіп, вирусты залалсыздандырады.
4. Аралар адамның бет-әлпетін тани алады. Біз сияқты бал аралары да адамның бет бейнесін құрастырып жасай алады. Олар қас, ерін және құлақ сияқты әртүрлі бөліктерді жинап, толық бетті жасау үшін өздерінше құрастырады. Бұл процесс «конфигурацияны өңдеу» деп аталады. Аралардың бұл ерекшелігі компьютер мамандар үшін бетті тану технологиясын дамытуға көмектесуі мүмкін, деп хабарлайды New York Times.
5. Аралар қызыл түсті айыра алмайды. Аралар сары, ақ және көк түстерді жақсы ажыратады, ал қызыл түсті ажырата алмайды.
6. Аралардың бес көзі болады.
7. Бір жұмысшы ара күніне 12 гектар аймақты аралап, он шақты рет ұшып келеді екен.
8. Бір ұяда орташа есеппен бір күнде бірнеше келі бал жиналады. Жылына 150 келі бал жиналады.
9. Бір килограмм балды өңдіру үшін шамамен сегіз миллион гүлге қонулары керек.
10. Бір ара күніне сегіз мың гүлге қонып, екі жүз миллиграм гүл тозаңын жинайды.
11. Аралардың иіс сезгіштігі иттерден асып түседі. Олар гүлдің тәтті иісін бірнеше шақырымнан сезе алады екен.
12. Бүгінде жарылғыш заттарды табу үшін аралар қолданылады. Өйткені аралар оқ дәріні арнайы үйретілген иттерден жақсы сезеді.
13. Аралар күнді компас ретінде пайдаланады. Ал, аспан бұлтты болған кезде, аспандағы күннің бағытын анықтау үшін арнай фоторецепторларын пайдаланады.
14. Ара ұясының ішкі қалыпты температурасы 35 градус болуы тиіс. Сондықтан да, егер ұяның температурасы 30 градусқа төмендесе, аралардың бәрі қанаттарын үздіксіз қағып, ұя температурасының қалыпты деңгейге көтерілуін қамтамасыз етеді. Ал керісінше ұядағы температура 40 градусқа көтерілсе, қанаттарын керіге қарай қағып, ұяны суытады.
15. Әлемде аралардың 21 мың түрі өмір сүреді.
16. Орташа ұяда шамамен 50 мың ара болады.
17. Бір араның салмағы 0,1 грамм.
18. Аралар жүксіз сағатына 60 шақырым жылдамдықта ұша алады, ал жүкпен сағатына 30-35 шақырым жылдамдықта ұша алады.
19. Ара қанатын секундына 440 рет қағады.
20. Көкөністер мен жемістердің дәміне аралардың тигізер әсері көп.
21. Қыстау кезінде бүкіл аралар аналық араны орталарына алып, үздіксіз қимыл үстінде болады, олар осылайша аналық араны жылытады. Қимыл барысында жылу бөлінеді. Бөлінген жылудың деңгейі 14-25 градусқа дейін жетеді екен.
22. 500 ара шақса, адам өледі.
23. Бір аналық ара бір өзі бақандай бір ара колониясын құрай алады.
24. Араларды зерттейтін ғылым саласы «апиология» деп аталады.
"Раббың, араға: "Таулардан, ағаштардан және лапастардан ұялар жасап ал! Сонсоң әр түрлі өсімдіктерден же де Раббыңның қолайластырған жолына түс!" - деп нұсқады. Араның қарындарынан түрлі-түсті бал шығады. Онда адам баласы үшін шипа бар. Шынында мұнда ойлайтын қауым үшін ғибрат бар".
Пайдаланған интернет рессурстары:
Стофактов рф/
Medoprom com ua
dzen ru
Beekeepers uz