Ислам əлемінің ғалымдары Ислам діні тек бір қауымға, бір ұлтқа ғана тəн жаңа дін деп санамайды. Ислам бүкіл адамзатқа берілген ең соңғы, кемел, білім мен бейбітшілік жəне татулық діні. Адам Атадан Мұхаммед Пайғамбарымызға дейінгі пайғамбарлар уағыздаған діндер – таухид (монотеизм) діні болатын. Ислам діні исламға дейінгі діндерге адамдар тарапынан еңгізілген бұрмалаушылық пен жаңсақтықтарды түзеткен.
Ғасырлар бойы ата-бабаларымыз ислам өркениеті мен мəдениеті аясында өмір сүріп, ислам дінін ұстанып келеді. VIII ғасырда Қазақстан жəне Орта Азия жеріне Ислам дінін тарату үшін арабтар жорықтар жүргізді. Атақты Кутейба ибн Муслим Маурренахер жеріне кірді. 714 жылы Шаш (Ташкент) жəне Фарабты (Отырар) бағындырды. 751 жылы шілде айында мұсылман əскері Талас маңында Атлах деген жерде Таң империясының əскерін жойқын соғыста жеңіп шықты. Талас жеңісінен кейін Ислам діні Қазақстан жеріне бір жолата орнықты. Бұл жеңіс Орталық Азия елдерінің діни болмысы мен руханиятына зор ықпал етті. Қазақстанға ислам дінінің таралуын ғалымдар бірнеше кезеңге бөледі. Бірінші кезең – VIII-ІХ ғғ.; екінші кезең – Х-ХVII ғғ.; үшінші кезең – ХVIII-XIX ғғ.; төртінші кезең -XIX ғ. соңы - XX ғ. басы; бесінші кезең – 1917-1991 жылдар аралығы (кеңестік дəуір); тəуелсіздік орнағаннан кейінгі кезең. Ислам дінінің қазақ топырағына келуі мен таралуы нəтижесінде ұлы далада ислам ілімі жəне түрлі ғылым саласында мəшһүр болған ғалымдар мен ойшылдар шықты. Ислам діні мен өркениеті қазақ даласына рухани өрлеуді алып келді. Қазақ топырағына Ислам дінінің келуімен қала мəдениеті, ғылым, білім, сауда, өнер жедел дами бастады. Оңтүстік Қазақстан жəне Жетісу жерінде мешіттер, медреселер, қалалар бой көтерді. Қарахан мемлекеті Ислам дінінің мемлекеттік дін ретінде қабылдаған алғашқы мемлекет болып саналды. Еліміздегі алғашқы мешіттер мен медре- селер Отырар, Түркістан, Сайрам, Тараз қала- ларында салынған. Мешіттер рухани жəне ғылыми орталықтар болған. Ислам діні қазақ еліне бейбіт жолмен, яғни ізгілік пен мейірімділік негізінде таралды. Қазақ даласында Ислам дінінің келуі жəне орнығуымен қатар бүкіл Ислам əлемінің жарық жұлдыздары Əбу-Насыр əл-Фараби, Əбу Ибрахим Исхақ əл-Фараби, Ғаламаддин əл- Жауһари,Жүсіп Баласағұн,М.Қашқари, Қожа Ахмет Яссауи, Ахмет Игүнеки, Мұхаммед Хайдар Дулати, Хуссам Аддин Ас-Сығанақи сынды ғұлама ғалымдары ислам мəдениеті мен ғылымын əлемге паш етті. Отырар аймағынан шыққан ғалымдар ғылымның түрлі салаларында жемісті еңбек еткен. Алтын Орда ханы Өзбек хан Ислам дінін ресми дін ретінде жариялап, ислам дінінің таралуы жəне нығаюына зор үлес қосты. Отарлыққа дейін қазақ жерінде ислам діні толыққанды жəне бейбіт жолмен дамыды. Хандық дәуірде ислам құндылықтары ел бірлігі мен рухани әлемінің тірегі ретінде хандарымыздың ел тұтастығын сақтауда шығарған заңдарында көрініс тапты. Қазақ жері патшалық Ресейдің боданына айналған тұста патша үкіметі ислам дінінің толыққанды дамуына барынша кедергілер жасады. Отаршылдық əкімшілік жергілікті халықты шоқындыру мақсатын көздеп, қазақ- орыс мектептерін ашты. Бұл мектептерде жат діни сабақтар өткізілді. Алайда, халықымыз отаршылдық жағдайында да ата-баба дініне адалдығы мен беріктігін сақтап, келесі ұрпаққа жеткізе білді. ХІХ ғасырдың 60 жылдары Түркістан қаласында 20-ға жуық мешіт, 2 медресе болған. 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейін Ақтөбе аймағында 200- дей, Жетісу өлкесінде 269, Бөкей хандығында 78, Əулие-Ата қаласында 15 мешіт болған.
ХХ ғасырдың бас кезінде болған төңкерістер патшалық Ресейдің қол астындағы халықтардың діни сенім бостандықтарына жеңілдік жасауына жол ашты. 1906 жылы Алматы (Верный) қаласында Жетісу мұсылмандарының құрылтайы өтті. Құрылтай жұмысына Жəркент, Қапал, Лепсі, Тоқмақ, Пішпек (Бішкек) қалаларынан делегаттар қатысты.Қазақ даласындағы діни жағдайды отаршылдық əкімшілік қатаң бақылап отырды. Қазақ еліне қатысы болған Орынбор мүфтилігі 1788 жылы Уфа қаласында құрылды. 1797 жылы бұл діни басқарма Орынбор губерниясы құрылғаннан кейін Орынбор мүф- тилігі деп аталды. Бұл діни басқарма қазақ балаларын медреселерде оқытуда өзіндік үлес қосты. Кеңес өкіметі орнаған соң бұл діни басқарма 1918 жылы таратылды. Деректер бойынша осы діни басқармаға қарасты 114 мешіт, медресе болған. 1867-1868 жылдары саяси əкімшілік реформаларға сəйкес қазақ- тардың діни істері жергілікті орталық билік органдарына қаратылды. XIX ғасырда Оңтүстік Қазақстан облысында Баба ата медресесі; Бөкей ордасындағы Орда медресесі; Аякөз медресесі; Орал қаласындағы Мутығия медресесі; ал ХХ ғасыр басында ашылған Жетісудағы Мамания, Қызылордадағы Қалжан ахуан, Тараздағы Əбдіқадір медреселері қазақ топырағындағы ислам ілімі мен мəдениетінің ошақтары болды. 1917 жылы Мəскеу қаласында өткен Бүкіл ресейлік мұсылман съезінде Торғай, Ақмола, Семей, Орал облыстары мен Ішкі Орда
қазақтарының діни істері Орынбор мүфтилігіне қаратылуы туралы мəселе көтерілді. Кеңес үкіметі тұсында дін надандық пен қараңғылықтың қайнар көзі деп қарастырылды. Сондықтан атеизм мемлекеттік тұрғыда насихатталды. Дін қызметкерлер қудаланды. Діни ғимараттар мен діни оқу орындары жабылды. Атеистік жүйе уақытында еліміздегі Арыстан баб, Қожа Ахмед Йассауи, Айша бибі, Бекет ата, Оқшы ата, Абат-Байтақ, Алаша хан кесенелері халықымыздың рухани сұраныстарын өтеді. 1943 жылы Ташкент қаласында өткізілген Орта Азия жəне Қазақстан мұсылмандарының құрылтайында Діни басқарма құрылды. Қазақстанда Діни басқарманың аймақтағы өкілі қызметін қази атқаратын болды. Қазақстанның қазиі болып Əбд əл-Ғаффар Шамсудинов (1884-1953) сайланды. Сəдуақас Ғылмани (1890-1972) 1952 жылдан 1972 жылға дейін, Жақия қажы Бейсенбаев (1932-1997) 1972-1979 жылдары қази болды. 1979 жылдан бастап Рəтбек қажы Нысанбайұлы Қазақстандағы қазият хатшысы болды. Кеңес билігі тұсында елімізде 25 мешіт болған. Тəуелсіздік қарсаңында алдында елімізде 60-тан аса мешіт болған. Қазіргі таңда 2300-ден аса мешіт бар. Алматы қаласының өзінде 30 аса мешіт жұмыс жасайды. 1990 жылы 12 қаңтарда Алматыда өткен Қазақстан мұсылмандарының І құрылтайында Қазақстан мұсылмандарының Діни басқармасы құрылып, Ташкенттегі Орта Азия жəне Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасынан бөлініп шықты. Мүфти болып Рəтбек қажы Нысанбайұлы сайланды. 1992 жылы ІІ құрылтай, 2000 жылы ІІІ құрылтай, 2005 жылы IV құрылтай болып өтті. 2000 жылы Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының кезекті құрылтайында Мүфти болып филология ғылымдарының докторы, профессор, шейх Əбсаттар қажы Дербісəлі сайланды. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының құрылымдық жүйесінде «Діни істер». «Діни уағыз, оқу-ағарту», «Халықаралық байланыс қажылық жəне хаттама», «Шариғат жəне пəтуə», «Мешіт істері» Жастар бөлімдері бар.2013 жылы өткен құрылтайда Бас мүфти болып Ержан қажы Малғажыұлы сайланды. Діни басқарма «Иман» журналы, «Ислам жəне өркениет» газеті арқылы діни үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ, «Мұсылман», «Шапағат-Нұр», «Рахмет самалы», «Наш мир» сынды басылымдар ислам діні мен мəдениеті, тарихы туралы танымдық материалдар беріп тұрады.Сондай-ақ ғаламторда діни мазмұндағы сайтар және телеарна діни-ағартушылық хабарлар таратуда. Кейбір деректер бойынша 20000 аса адам қажылық парызын өтеп қайтқан. Қазақстанда бірқатар ислами ұйымдар қызмет етеді. Атап айтсақ, Қазақстан қажылар қауымдастығы. Елімізде Халал стандарты тағам өндірісіне енгізіле бастады.Ислам Даму банкісінің бөлімшесі Алматыда жұмыс жасауда. Елімізде 2009 және 2011жылы ислам қаржыландыруы туралы заң қабылданды. 2001 жылы жоғары білімді имамдар дайындайтын Нұр-Мүбарак Египет Ислам мəдениеті университеті ашылды. 2002 жылы Алматы қаласында имамдардың білімін жетілдіретін Ислам институты ашылды. Бұл оқу орнында дін қызметкерлері білімін жетілдіреді. Ел аймақтарында медреселер жұмыс жасауда.Қазақ елінің ұлт болып қалыптасуы мен мемлекеттілігін құруда ислам діні мен құндылықтарының алатын орны ерекше. Бүгінгі Қазақстан халқының 75 пайызын құрайтын мұсылмандар, 26 ұлттың өкілдері болып табылады. Ислам діні дүние жүзі елдеріне Мұхаммед пайғамбар және сахабалары,діни ойшылдар еңбектері арқылы тарады. Ислам діні əрбір елдің əдет- ғұрыптары мен дəстүрлеріне, діліне байланысты жергілікті ерекшеліктерге орай орнықты. Қазақ елі ислам дінін қабылданғаннан бастап құлшылықтарын, ғибадаттарын имам əл-Ағзам Əбу Ханифа мазһабы жəне имам Матуриди діни сенім мектебі негізінде атқарған. Ислам діні адамзатты бейбітшілікке, татулыққа, ынтымаққа, ізгілікке, тақуалыққа, əділдікке, тазалыққа, тура жолға үндейді. Ислам діні мен мəдениеті Қазақ хандығының қалыптасуының рухани негізінің бірі болып табылады. Құрылғандығына 550 жыл дығы аталып өтетін Қазақ хандығының ұстанымы елдік пен бірлік мұраты болды. Еркіндік пен руханилық елдік бірегейліктің ұстанымы жәнге халықтың мінез-құлқының ажырамас қасиетіне айналды. Кең және терең ойлау,өткеннен сабақ алу ұлттық ойлау мәдениетінің өзегінің айналды. Қазіргі жастар заманауи озық технологияны игерумен қатар, жат құндылықтар мен діни ілімдерге сыни көзқарасты әдістемелік құрал ретінде ұстануы қажет. Діндар жастарға зайырлы мәдени жүйе талаптарына сай білім беру бүгінгі күн талабы. Мәңгілік Елдің руханиятының қайнары-ислам ілімі және асыл құндылықтарын зайырлы қоғам мен дәстүрлі ұстанымға сай байыппен пен байсалды ғылымы негізде зерделеп тануымыз қажет. Жаһандық алмағайып заманда зайырлылық пен діндарлық арақатынасын саралап,ұлттық дүниетаным мен ұлттық ділдің аясындағы діни түсініктер мен киелі ұғымдарды жастар санасына дәйекті түрде сіңірген жөн. Зайырлы мемлекеттік қағида болғандықтан діннің әлеуметтік институт ретіндегі біріктіруші қызметіне және қоғамдық сана мен мәдениет құраушы рөліне мән берілуі тиіс.Дін –елді ұйыстырушы және халықты біріктіруші тұғыр.