Ғарыш кеңістігі кеңеюде
Ғарыш кеңістігі кеңеюде
9 жыл бұрын 5330

Біз мекен етіп жатқан ғарыштың үнемі кеңейіп жатқанын білесіз бе? Ол кеңею сонау «Үлкен Жарылыс» (Big bang) кезінен жалғасып келеді. Ал осы кеңеюді телескоп жоқ, ғылым-білім, астрономия әлі дамымаған ғасырда Құранның білдіруі таңқаларлық. Қасиетті Құран Кәрімде кеңейіп жатқанын былайша білдіріпті:

«Аспанды Құдіретімізбен біз жараттық әрі оны үнемі кеңейтудеміз» («Зарият» сүресі, 47-аят).

Қазақшаға «Күмәнсіз, Біз кеңейтудеміз (кеңейту үстіндеміз)» деп аударылатын «иннә ләмусиуна»-дағы «муусиғун» сөзі «кеңейту» мағынасын білдіретін «әусәа» етістігінен түрленген. «Лә» сөзі «сөзсіз» деген күшейтпелі мәнді үстемелеп тұр. Яғни, «Біз Аспан әлемін үнеі кеңейтудеміз» деуде.

XX ғасырдың басына дейінгі ғылымда қабылданған бір ғана көзқарас «Ғарыштың қалыптасқан формасынан, болмысынан өзгермейтіндігі және оның ежелден (басталу мерзімінсіз) келе жатқадығы» еді. Алайда, орыс физигі Александр Фридман мен белгиялық ғарышты зерттеуші ғалым Джордж Лимайтр XX ғасырдың басында ылғм да қозғалыс үстінде әрі кеңеюде екендігін теория жүзінде есептеді.

1992 жылы америкалық астроном Эдвин Хаббл үлкен телескоп арқылы жұлдыздар мен галактикалардың ұдайы бір-бірінен алыстап жатқанына көз жеткізді. Бұл астрономия тарихындағы ең үлкен жаңалықтардың бірі ретінде бағаланды. Хаббл осы зерттеуі барысында бір-бірінен алыстаған сайын жұлдыздардың қызғылтым сәуле тарататындығын анықтады. Өйткені, физикалық шарттар бойынша бақылау жасалған нүктеге қарай қозғалса, сәулелердің спектрі күлгін түске, ал бақылау жасалған нүктеден алыстаса, сәулелердің спектрі қызғылт жаққа қарай ойысады. Хабблдың бақылауы кезінде жұлдыз сәулелерінде ылғи да қызғылтым түске қарай тартылу байқалған. Бір қызығы, жұлдыздар мен галактикалар бізден ғана емес, өз араларында да бір-бірлерінен алыстауда. Жарық жылдамдығымен есептегенде, бізден миллион жылдай қашықтықта орналасқан жұлдыз бізден сағатына 168 шақырым жылдамдықпен, екі миллион жыл ұзақтықтағы жұлдыз екі есе жылдамдықпен, үш миллион ұзақтықтағы жұлдыз үш есе жылдамдықпен тоқтамастан алыстайды екен.

Бұл шындық XX ғасырдың ең үлкен ғалымдарының бірі Альберт Эйнштейн тарапынан да теория жүзінде анықталған көрінеді. Алайда, Эйнштейн сол дәуірдегі «ғарыш өз пішінін өзгертпейді» деген пікірге қарсы келмеу үшін бұл жаңа теориясын жасыра тұруды жөн көрген. Эйнштейн кейіннен ол қылығына өкініш білдіріп, оны «мансап (карьера) жолындағы ең үлкен қателігім» деп атаған.

Құранда осы секілді ғылыми шындықтар өте көп. Бұл солардың біреуі ғана. Ғарыштың кеңеюін Құранның білдіруі – оның құдірет иесі Алла Тағаланың сөзі екендігінің дәлелі.  

0 пікір