"Адамдар маған құлақ асатындықтан, мен жасаған орасан зор залалды жоюға тырысқым келеді." (Энтони Флю)
Өз заманында белгілі атеист болған, философ Энтони Флюдің бұл өкініштерге толы сөздері газеттерде үлкен резонанс тудырды. Сексен жастағы британдық философия профессоры Флю 15 жасында атеизмді таңдап, 1950 жылы жарық көрген еңбегімен академиялық салада өзінің атын шығарды. Келесі 54 жыл ішінде ол аға оқытушы ретінде Оксфорд, Абердин, Киль және Рединг сынды көптеген американдық және канадалық университеттерде, сондай-ақ дебаттарда, кітаптарда, дәріс залдарында және мақалаларда атеизмді қорғап жүрді. Алайда соңғы жылдары Флю бұның қате екендігін мойындап, оны тастады және ғаламның жаратылғанын мойындағанын мәлімдеді.
Сенімнің түбегейлі өзгеруіне түрткі болған шешуші фактор, ол – "жаратылыс" туралы ғылымның жеткен айқын және нақты дәлелдері болды. Флю өмірдің күрделі табиғатына қарап, өмірдің шынайы бастауы, ол - интеллектуалды жоба (саналы құдіреттің жобасы-ауд.) екенін ұқты және 66 жыл бойы насихаттап келген атеизмнің тоқырауға жетелейтін философия екенін түсінді.
Флю сонша жылдық ұстанымының өзгеруіне негіз болатын ғылыми фактілерді келесі аспектілермен жариялады:
"Биологтардың ДНҚ-ны зерттеуі - механизмдердің тым күрделі екендігін және оны дүниеге әкелу үшін бір интеллектің (ақылдың) керектігін көрсетті»[1].
"Тіпті сол алғашқы репродуциялық ағзаның дамуының натуралистік теориясын құруды ойлауға тырысудың өзі өте қиын болды.”[2] “Мен алғашқы тірі материяның өлі материядан пайда болып, содан кейін ерекше күрделі болмысқа айналғанына толық сенімді болған едім.”[3] дейді ол.
Флюдің пікірін өзгерткен ДНҚ зерттеулері "жаратылыс" туралы таңғаларлық фактілерді ашқаны рас. ДНҚ молекуласының спираль пішіні, оның генетикалық кодты меңгеруі, соқыр сәйкестікті жоққа шығаратын нуклеотидтік байланыстар, энциклопедиялық көлемдегі ақпаратты сақтау және басқа да көптеген таңғаларлық нәтижелер - молекуланың құрылымы мен қызметінің арнайы жобамен жасалғанын көрсетті. ДНҚ-ны зерттейтін ғалымдардың пікірлері бұл фактінің растады.
Мысалы, ДНҚ-ның спираль түрінде болатынын анықтаған ғалымдардың бірі Фрэнсис Крик ДНҚ зерттеудің нәтижесімен бетпе-бет келгенде, тіршіліктің пайда болуы бейнебір ғажайып болмысты көрсететінін мойындады. Ол былай дейді:
«Бүгінде, қолымызда көптеген білім мен ақпарат түрлері бар заманда, шыншыл адамның айтары бір ғана нәрсе бар, ол - өмір қандай да бір ғажайып жолмен пайда болғаны және оны дүниеге әкелу үшін көптеген шарттар орындалған болуы керектігі».[4]
Лос-Анджелес қаласындағы Оңтүстік Калифорния университетінің қызметкері Лед Эдлеман өзінің есептеріне сүйене отырып, былай деді:
«бір грамм ДНҚ-да сақталған ақпарат триллион дискіге сыйяды».[5].
Адам геномы жобасы төңірегінде ғылыми зерттеулер жүргізген ғалым Гин Майерс өзінің бақылау кезінде бетпе-бет келген таңғажайып құрылғыны көргенде мыналарды айтты:
"Мені таң қалдыратын нәрсе – өмірдің сәулеті ... Жүйе - өте күрделі. Бұл арнайы жобаланған дизайн сияқты... онда үлкен интеллектің (ізі) сезіледі."[6]
ДНҚ–ның ең таңғаларлық фактісі - кодталған генетикалық ақпараттың болуын материя мен энергияның байланысы арқылы немесе табиғи заңдылықтар арқылы нақты түсіндіруге болмайтындығы. Бұл туралы Германияның физика және технология Федералды институтының профессоры, доктор Вернер Джитт былай дейді:
«Код жүйесі әрқашан ақыл процесінің нәтижесі болып табылады ..., материяның қандай да бір кодты шығаруға қабілетсіз екенін атап өту керек. Барлық тәжірибелер ойлаушы болмыстың өз еркін жүзеге асыру үшін таным мен шығармашылықты қажет ететіндігін көрсетеді... материя ақпаратты көбейте алады дегенге қатысты ғылыми заң жоқ және оны жүзеге асыруға қабілетті бірде-бір физикалық процесс немесе материалдық құбылыстың бары да неғайбыл.[7]
Жаратылысты зерттейтін ғалымдар мен философтардың келтірген дәлелдері Флюдің «интеллектуалды дизайн» тұжырымдамасын қабылдауында шешуші рөл атқарды. Соңғы кездері Флю «әлемнің жаратылысы» теориясын жақтаушы ғалымдармен және философтармен пікірталастарға қатысып, пікір алмасып жүрді. Бұл үдерістегі соңғы бетбұрыс 2003 жылы мамырда Техас штатындағы Суперғылыми зерттеулер институты ұйымдастырған пікірталас болды.
Профессор Флю физик Рой Авраам Варгезбен және молекулалық биология маманы Джеральд Шредермен пікір алмасты. Әлемнің жаратылысы теориясының таразысын ауыр басар дәлелдердің салмағы мен қарсыластарының дәлелдерінің нанымды болуы Флюді тәнті етіп, осы талқылаудан кейін көп ұзамай атеизмді сенім ретінде тастады.
2003 жылдың тамыз-қыркүйек айларында жарық көрген британдық журналының «Философия бүгін» деген санында, ол Шрадердің "Құдайдың жасырын жүзі: Ғылым түпкілікті ақиқатты ашады" деген кітабын оқуды ұсынды және Варгездің "Ғажайып Әлем" кітабын ұсынды. Оның пікірін өзгертуге түрткі болған Философия және теология профессоры Гари Р.Хабермаспен болған сұхбатында,[8] және "Ғылым Құдайды ашады" атты бейнебаянда ол «интеллектуалды дизайнға» сенетінін ашық айтты. (Яғни, шексіз ақылды, білгір бір құдіреттің дизайны екендігіне сенді).
Жоғарыда айтылған барлық ғылыми жаңалықтардың алдында атеизмнің ұзақ жылдар бойы танымал қорғаушысы Энтони Флюдің «интеллектуалды жоба» теориясын қабылдауы қазіргі ғылымның атеизмге ұшыраған күйреу процесінің соңғы көрінісін көрсетеді. "Ғаламды қамтитын интеллекттің" бар екендігін мойындап, осылайша атеизмді теңдеуден шығарды.
"Құдайдың жасырын жүзі" атты кітаптың авторы Джеральд Шройдер (Флюге әсер еткен жаратылысты жақтаушы ғалымдардың бірі) былай деп жазады:
«Біртұтас сана, универсалды даналық күллі ғаламды қамтиды. Субатомдық материяның кванттық табиғатын зерттейтін ғылымның жаңалықтары бізді таңғажайып ақиқаттың шегіне жақындатты, ол - барлық болмыстың бәрі сол даналықтың көрінісі деген. Зертханаларда біз мұны алдымен физикалық түрде энергия ретінде тұжырымдалған, содан кейін зат түрінде тығыздалған ақпарат ретінде сезінеміз. Атомнан адамға дейінгі әрбір бөлшек, әрбір болмыс ақпарат, даналық деңгейімен бейнеленеді.[9]
Заттың жасушасы мен субатомдық бөлшектерінің қызметін ғылыми тұрғыдан зерттеуілері мынадай бұлтартпас фактіні дәлелдейді: өмір мен ғалам жоқтан бар етілген және теңдесі жоқ ақыл мен даналыққа ие ақиқаттың қалауына сәйкес жаратылған. Шүбәсіз ғаламды барлық жөннен жобалаған - білім мен парасаттың иесі Құдіретті Құдай екені даусыз. Құдай Тағала бұл шындықтарды Құранның көптеген аяттарында баяндайды.
Аударған: islam.kz
[1]Richard N. Ostling, “Lifelong atheist changes mind about divine creator,” The Washington Times 10 December 2004;
http://washingtontimes.com/national/20041209-113212-2782r.htm.)
[2]Antony Flew, “Letter from Antony Flew on Darwinism and Theology,” Philosophy Now; (http://www.philosophynow.org/issue47/47flew.htm.)
[3]Stuart Wavell and Will Iredale, “Sorry, says atheist-in-chief, I do believe in God after all,” The Sunday Times, 12 December 2004; (http://www.timesonline.co.uk/article/0,,2087-1400368,00.html)
[4]Francis Crick, Life Itself: Its Origin and Nature, New York: Simon & Schuster, 1981, p. 88
[5]John Whitfield, “Physicists plunder life’s tool chest”, 24 April 2003; (http://www.nature.com/nsu/030421/030421-6.html)
[6]San Francisco Chronicle, 19 February, 2001
[7]Werner Gitt, In the Beginning Was Information, CLV, Bielenfeld, Germany, pp. 64-7, 79
[8]Antony Flew, “Letter from Antony Flew on Darwinism and Theology,” Philosophy Now; (http://www.philosophynow.org/issue47/47flew.htm.)
[9]“Atheist Becomes Theist: Exclusive Interview with Former Atheist Antony Flew;” (http://www.biola.edu/antonyflew/index.cfm.)
[10]Gerald Schroeder, The Hidden Face of God, Touchstone, New York, 2001, p. xi