Ғажайып сапар
Ғажайып сапар
9 жыл бұрын 3600
Шынар Тұрлыбекқызы

- «Мен клиникалық өліміме тап болғанға дейін атеист едім» дейді, Владимир Ефремов. – Тек дәлелге ғана сенетінмін. Сондықтан да, осы уақытқа дейін о дүниелік өмір туралы әңгімені мен тек қиял деп қабылдадым. Алайда кенеттен келген « уақытша ажал» өмірімді күрт өзгертті. Енді о дүние туралы ойым бұрынғыдан мүлде бөлек» Владимир Ефремов - Ресейдегі «Импульс» ОКБ-ның бас конструкторы. Тіпті, Гагаринді ғарышқа ұшыруда басы-қасында жүрген Ресейдің ғарыш саласындағы тәжірибесі мықты, әрі беделді мамандарының бірі.

Өзін жасанды ақыл-ойдың маманы санаған Ефремов өз үйінде күтпеген жерден ес-түсінен айырылып жығылады. Оған сол сәтте жанында болған медбике қарындасы жанұшыра көмектеседі. Алайда, оның жағдайы нашарлай түсіп, жүрек соғысы да біртіндеп тоқтай бастайды. Осы сәттегі ішкі сезімін, өзі куә болған жайттарды былайша баяндайды:

 «Мен бұл сәтте өмірімде ешқашан  білмеген бір жеңілдікті сезіндім. Бар ауруым сылынып тасталғандай, тіпті жүрегімнің қатты ауырғаны сап тиылғандай. Дәл бала күнгідей алаңсыз сезімге ендім. Өз денеме сырттай көз салдым. Бір қызығы ойлау қабілетім бәз баяғы қалпында еді. Әне-міне дегенше белгісіз бір күш алып құбырдың ішімен ұшырып ала жөнелді. Айналам жап-жарық, ешқашан көрмеген мекен. Сол сәтте ғана мен осыған дейінгі «О дүние жоқ» деген ойымның қате екеніне  анық көз жеткіздім.»

Ефремовтың бұл көргендері Ресейдің, қала берді әлем ғалымдарының назарына іліккен нағыз сенсация болды. Халықаралық ғалымдар клубының басшысы А.Смирновтың өзі бұл туралы «Мұндайды ойдан шығару мүлде мүмкін емес» дегенді алға тартуда. Ефремов болса басынан кешкен бұл оқиғаны өз жасырып қалмай, Санкт-Петербор университетінің ғылыми-техникалық хабаршысына мақала етіп жариялаған-ды. Университет хабаршысына жариялаған сенсациялық мақаласын ол  мынандай оймен қорытады: «Бұл өмірде өзіңе де, өзгеге де зияның тимес үшін діни талаптарға сай өмір сүруің қажет. Ал, Жаратушы тарапынан түсірілген Қасиетті кітаптар ғылым тілімен айтсақ, адамзат үшін нағыз техникалық қауіпсіздік ережесі іспеттес» дейді.

0 пікір