«Ей, адам баласы! Мен сенен ішуге су сұрадым. Сен бермедің...!»
«Ей, адам баласы! Мен сенен ішуге су сұрадым. Сен бермедің...!»
2 ай бұрын 3683
Құдси хадис

Имам Мүслімнің хадистер жинағында орын алған бір «Құдси хадисте» былай делінеді: 

«Шынында Алла Тағала қиямет күні (пендесіне) былай дейді:

إنَّ اللَّهَ عزَّ وجلَّ يقولُ يَومَ القِيامَة

- Ей, адам баласы! Мен ауырған кезде сен халімді сұрап келмедің.

 يا ابْنَ آدَمَ، مَرِضْتُ فَلَمْ تَعُدْنِي،

- Сен әлемдердің Раббысы бола тұра қалай саған келмекпін, уа Раббым? - деп сұрайды пенде.

 قالَ: يا رَبِّ، كيفَ أعُودُكَ وأَنْتَ رَبُّ العالَمِينَ؟!

 Сонда Алла Тағала оған:

- Сен білмеуші ме едің, пәлен деген құлым ауырып қалған еді, сен оған бармадың?! Сен білмеуші ме едің, егер оның көңілін сұрап барғаныңда оның жанында мені табар едің?!

 قالَ: أَمَا عَلِمْتَ أنَّ عَبْدِي فُلانًا مَرِضَ فَلَمْ تَعُدْهُ؟ أمَا عَلِمْتَ أنَّكَ لو عُدْتَهُ لَوَجَدْتَنِي عِنْدَهُ؟

Сосын Алла Тағала тағы былай дейді:

- Ей, адам баласы! Сенен жейтін тамақ сұрадым, бірақ сен мені тамақтандырмадың!

يا ابْنَ آدَمَ، اسْتَطْعَمْتُكَ فَلَمْ تُطْعِمْنِي،

- Уа, Раббым Алла!Сен әлемдердің Раббысы бола тұра, сені қалай тамақтандырмақпын?

 قالَ: يا رَبِّ، وكيفَ أُطْعِمُكَ وأَنْتَ رَبُّ العالَمِينَ؟!

- Сен білмедің бе, пәлен деген құлым саған барып тамақ сұраған болатын, бірақ сен оны тамақтандырмадың?! Егер, оны тамақтандырғаныңда ол нәрсені (оның қарымтасын қазыр) менің құзырымда табар едің ғой, білмейдің бе?! - дейді жаратушы.

قالَ: أَمَا عَلِمْتَ أنَّه اسْتَطْعَمَكَ عَبْدِي فُلانٌ، فَلَمْ تُطْعِمْهُ؟ أَمَا عَلِمْتَ أنَّكَ لوْ أطْعَمْتَهُ لَوَجَدْتَ ذلكَ عِندِي،

Сосын және сөзін жалғап Ол былай дейді:

- Ей, адам баласы! Сенен ішуге су сұраған едім, бірақ сен маған су бермедің.

يا ابْنَ آدَمَ، اسْتَسْقَيْتُكَ، فَلَمْ تَسْقِنِي،

- Уа, Раббым Алла! Сен әлемдердің Раббысысың, мен қалай саған су бермекпін?

قالَ: يا رَبِّ، كيفَ أسْقِيكَ وأَنْتَ رَبُّ العالَمِينَ؟!

- Сенен пәлен құлым ішуге су сұраған еді, алайда сен су бермедің. Егер сол кезде ішуге су бергеніңде, оны қазір менің қасымда табар едің! - дейді»1.

 قالَ: اسْتَسْقاكَ عَبْدِي فُلانٌ فَلَمْ تَسْقِهِ، أمَا إنَّكَ لو سَقَيْتَهُ وجَدْتَ ذلكَ عِندِي


1 Имам Мүслім: «Сахих Мүслім».

0 пікір