Дұға ма, әлде медитация ма? Ғалымдар қайсысының миға көбірек пайдалы екенін салыстырып көрді
Дұға ма, әлде медитация ма? Ғалымдар қайсысының миға көбірек пайдалы екенін салыстырып көрді
2 сағат бұрын 168 islam.kz/

Филадельфиядағы Томас Джефферсон атындағы университеттік аурухананың докторы Эндрю Ньюберг құлшылық пен медитацияның адам миына қалай әсер ететінін зерттеп, таңғалдырарлық тұжырымдар жасады. Ғалым арнайы құрылғылардың көмегімен мұсылман имамының, тибет монахының және медитациямен айналысатын атеистің миын сканерлеп, дұғаға дейінгі, дұға кезіндегі және одан кейінгі өзгерістерді жіті қадағалаған.

Америкалық ғалым Эндрю Ньюберг адам баласы құлшылық жасағанда немесе медитациямен айналысқанда миында не өзгеретінін зерттеп, қызық қорытынды жасапты. Ол мұсылман имамының, тибет монахының және медитация жасайтын атеист жанның миын арнайы құрылғымен тексеріп, дұғаға дейінгі және кейінгі күйлерін салыстырған.

Адам миының ең маңызды тұсы — оның маңдай бөлігі. Біздің ойлауымыз, сөйлесуіміз, өзімізді тұлға ретінде сезінуіміз осы бөлікке тікелей байланысты. Өкінішке қарай, адам есейе келе ең бірінші осы маңдай тұсы тоза бастайды екен.

Ғалымның байқағаны — адам шын ықыласымен дұға жасап, Жаратушыға жалбарынған сәтте мидың дәл осы маңдай бөлігі лап етіп, өте белсенді жұмыс істей бастайды. Ньюберг мынадай тұжырым жасайды: «Адам Жаратушымен тілдескенде, оның миы нақ бір жақын адамымен емен-жарқын сырласып отырғандай күй кешеді».

Ал медитацияға келсек, одан мұндай нәтиже шықпаған. Ғалым атеист адамның медитация кезіндегі миын сканерлегенде, ешқандай ерекше өзгеріс байқамапты. Оның миы жай ғана тыныш қалыпта тұрған адамның миынан еш айырмасы болмай шыққан.

Сондықтан доктор Ньюберг: «Медитацияның ағзаға аса бір пайдасы жоқ, ал дұғаның шипасы орасан», — дейді. Себебі дұға кезінде мидың маңдай бөлігінің осылай «жаттығуы» адамды қартайғанда алжып кетуден, Альцгеймер сияқты ауыр дерттерден қорғайды екен. Қысқасы, дұға тек жанның азығы ғана емес, мидың да шипасы болып шықты.


islamisemya.com

 

0 пікір