«ДНК-дан Құдайды көрдім!»: Бұрынғы атеисттің айтқаны
«ДНК-дан Құдайды көрдім!»: Бұрынғы атеисттің айтқаны
4 ай бұрын 5889
А. Қасым

Доктор Фрэнсис Коллинз - әлемге әйгілі генетиканың кодын ашқан американдық генетик-дәрігер, бірнеше бестселлердің авторы, Ұлттық денсаулық институттарының директоры және Ватикан Папалық ғылым академиясының мүшесі, Темплтон сыйлығының иегері.

 
Фото: achievement.org

Генетиканың кодын ашқан әлемге әйгілі ғалым Проф. Dr. Фрэнсис Коллинз үлкен ғалым болмай тұрып, эволюцияға сенетін атеист болған екен. Кейіннен генетика саласындағы біліктілігі артқан сайын, табиғаттағы шебер ақылдылықтың нышаны саналатын дизайнды, жаратылыстардың болмысындағы білімділік пен тәртіптіліктің белгісін және жұмыс істеу реттілігін көреді. Сөйтіп Ол (Фрэнсис) «Құдайды ДНҚ-да көрдім» деп атеизмнен бас тартып, «теистік» (құдайшыл) дүниетанымға ауысады, яғни, теист болады. Құдай төңірегінде бірнеше кітаптар жазған Ол, 2006 жылы «Құдай тілі» атты бестселлер жазады. Осы кітабында ғалым: «Сенімнің принциптері, шындап келгенде, ғылымның принциптерін толықтырады» деп өтеді.

 
Фото: achievement.org

«ДНК-дан Құдайды көрдім» деген Доктор Ф. Коллинз 2020 жылы «Темплтон» жүлдесінің табысталу рәсімінде сөз сөйлеп, «құдай сенімі» және «атеизм догмасы» жайында өз тәжірибесімен бөлісті, сондағы айтқан сөздерінің біршамысы келесідегідей: 

«Атеизмнің өте қауіпті деңгейде әлсіз екендігін түсіндім. Атеизмнің бүкіл таңдаулардың ішіндегі рационалдылық тұрғысынан ең жұпанасы екені көрінді және мені бұл қатты қорқытты. Атеизм - барлық догмалардың ішіндегі ең қараңғысы, ол - жалпыәлемдік бір негативтің көлденең тартылуы. Білім бұндай нәрсені істемеуі тиіс» дейді ғалым. 

Кейін бір құдіретті Құдай сеніміне қалай келгені жайында сөзін былай өрбітеді:

«Қатты жақсы көретін ғылым саласын зерттеп жүріп, бір жаратушыны керек етер менмұндалап тұрған айғақтарды байқамай жүргенімді аңғардым. «Еш нәрсе жоқ» деген түсініктің орнына «Бір нәрсе бар» түсінігі келді. Яғни, әлемнің бір бастауы бар. Нәзік математикалық қағидаттар және табиғи заңдары - бәрі бір шеберлікті паш етуде» деп ағынан жарылады.

 Сөзін жалғастыра келе мыналарды айтады:

«Ол сәтке дейін (дарвиндік) эволюцияның тек теория ғана емес, оны бұлтартпас дәлелдерге сүйенетін - жердің тартылыс күші тәрізді тартымды ақиқат деп сенуші едім. Алайда, олай болмай шықты!...» дейді Ол1.

Фрэнсис Коллинз өзінің зерттеулері үшін көптеген ұлттық және халықаралық марапаттарға ие болған ғалым. Ол «Медицина институтының және Ұлттық ғылым академиясының» мүшесі болып табылады. Оның жеке зертханасы аурулардың молекулалық генетикасын, соның ішінде ересектердегі қант диабетін, әрідесе «прогерия» деп аталатын ерте қартаю құбылысын зерттеумен айналысады.


Фото: achievement.org

Фрэнсис Коллинз ғылым, медицина және дін туралы бірқатар кітаптар жазды, соның ішінде Нью-Йорк Таймс бестселлері саналатын «Құдайдың тілі: ғалым сенімнің дәлелдерін ұсынады» атты кітабы ерек. Кітапта доктор Коллинз Құдайдың барлығына биология, астрофизика, психология және басқа да ғылым салаларынан дәлелдер келтіреді. 

Америка елінің құрметті профессоры саналатын Ф. Коллинз қазіргі таңда өзін генетиканың кодын ашқан ғалым болуымен қатар «Құдай сеніміне берік христиан» деп есептейді2. 


Жүлде табыстау сәтіндегі бейнероликте сөйлеген сөзінен алынды.
achievement org; ncronline org

0 пікір