Чилиде бір жігітті алып кит қайығымен бірге жұтып, артынан қайта шығарып тастады. Адам тірі! (Видео)
Чилиде бір жігітті алып кит қайығымен бірге жұтып, артынан қайта шығарып тастады. Адам тірі! (Видео)
2 ай бұрын 2689

Биылғы жылдың ақпанында Чили елінің Пунта-Аренас штатындағы Агиле бұғазында әкесімен рафтинг жасап жүрген 24 жасар жігіт кенеттен алып балық тарапынан жұтылып кетті, бірақ көп ұзамай қайта шығарып тасталғанын көруге болады. «Өркешті кит» деп аталатын киттің бұл түрінің денесі мен аузы үлкен болғанымен, өңеші тар боп келеді, сондықтан да ол жігітті жұта алмас еді, бірақ китті бұл тоқтатпады, ол адамды үрлемелі қайығымен қоса аузына салып, бірер секундтан кейін қайта шығарып тастады. Болған жәйітті жақын арада тұрған әкесі телефонына түсіріп үлгерген.

Жігіттің сөзіне қарағанда алғашқыда әлдебіреу арқасынан қатты ұрған сияқты сезілген. Содан соң қас қағым сәтте чилилік азамат өзін шырышты қуыстың ішінде екендігін көреді және оның ішінен біртүрлі дауыстарды естиді, кенет қатты бір нәрсе оны өзіне қарай сорып жатқанын сезген. Осы аралықта абдырап, не болып жатқандығын ұғып болам дегенше, бейнебір күш сыртқа қарай лақтырып жібереді. Осылайша тірі қалған жігіт, қайта дүниеге келгендей болдым дейді қорқынышын жасырмай. 

  • Өркешті киттердің ұзындығы 15-20 метр,
  • Салмағы 48 тон,
  • Өмір сүретін уақыты 35-48 жас аралығы болып келеді.
  • Күніне 1 тоннаға дейін балық жейді.
  • Дем шығарған кезде киттің тыныс алу жолының шығуындағы ауа жылдамдығы сағатына 300 км-ге дейін жетеді екен.

Аталмыш оқиғаны оқып отырып Құран Кәрімнің мына бір аяты еске оралады. Ол аятта Жүніс пайғамбар (ғалейһиссәләм) алып балыққа жұтылып, кейін Алланың кешірімімен тірі шығады. Ол оқиға Құранның бірнеше аятында баяндалған. Соның бірі «Саффат» сүресінде келтіріледі. Онда былай баяндалады:

«Күдіксіз Жүніс (ғ.а.) - елшілердің бірі еді. Сол уақытта ол толы кемеге қаншқан болатын. Жіреби тасталғанда ол, жеңіліске ұшырады (кемеден суға лақтырылды). Сонда айыпты болған оны балық жұтты. Егер ол, Алланы рас дәріптеушілерден болмағанда, сөзсіз қайта тірілетін күнге дейін балықтың қарнында қалған болар еді»1.

islam.kz


1Құран Кәрім: «Саффат» сүресі, 139-142 аяттар.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз: