Дәрігерлер темекі секілді зиянды әдеттен тым болмаса Рамазан айында бас тартуға шақырады. Себебі күні бойы аузы берік болып, нәр татпай жүргеннен кейін тартылған алғашқы түтін адамды ажал құштыруы мүмкін.
Әл-Айн (БАӘ) қаласындағы емхананың дәрігері Риаз Ахмад Минхастың айтуынша, ұзақ уақыт ас-сусыз қалған ағза ауызашар сәтінде қалпына келуге тырысады. Дәл осы уақытта темекі тарту – адамның өз тәніне жасайтын ең үлкен қастандығы! Өйткені ағза суға, глюкоза мен оттегіне зәру болып тұрады. Осы сәтте темекі тарту – адамның өз тәніне жасаған ең ауыр қиянаты! Өйткені, темекі түтіні қан тамырларының түйілуіне (спазм) әкеледі. Бұл оттегінің келуін тежеп, қанды қоюлатады, артерия жолдарын бекітіп, қан қысымын көтереді және холестерин деңгейін арттырады.
«Мұның соңы өліммен аяқталуы мүмкін. Темекі шегетін жандар бұл қауіпті жете түсінуі тиіс», – дейді доктор Минхас.
Әл-Айн қаласының тағы бір дәрігері Әли Жафар ауыз ашқан бойда темекі түтінін жұту ағза үшін өте қауіпті екенін ескертеді. Алайда адамдар мұндай соққыға төтеп беру - тәніне қаншалықты ауыр тиетінін ойлана бермейді.
Шылымқорлардың көбі ораза уақыты аяқтала салысымен бірден темекіге жармасады. Олар тіпті бір жұтым су немесе жалғыз тал құрмадан кейін-ақ түтінді тартуға жүгіреді. Асқазанға ас түскен сәтте-ақ ағза дереу никотинді талап ете бастайды.
Доктор Жафар ағза толық қалпына келгенше, ең болмағанда ауызашар уақытында темекі тартпауға кеңес береді. Сонымен қатар, ол Рамазан айы — темекіні біржола тастауға таптырмас мүмкіндік екенін алға тартады.
Әлем ғалымдары темекінің сансыз ауруға себепші екенін әлдеқашан дәлелдеген. «Егер адам Рамазан айында күні бойы шылымсыз жүре алса, демек, бұл зиянды әдетті біржола тастау оған әлдеқайда жеңіл болады», – дейді Минхас.
Бұған қоса, көптеген дін ғұламалары темекі шегуге мүлдем тыйым салады (харам деп санайды). Себебі темекі түтіні адам денсаулығына орасан зор зиян келтіреді. Ал Хақ Тағала қасиетті Құранда: «Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп-қатерге (жойылуға) итермелемеңдер», — деп бұйырған («Бақара» сүресі, 195-аят).
oramadane ru