«Ашуланба!»: Ашудың жүрек ауруының қаупін арттыратындығы анықталды
«Ашуланба!»: Ашудың жүрек ауруының қаупін арттыратындығы анықталды
12 сағат бұрын 248 islam.uz/ Фото: jcczhukovka.com
Тұрғын Нұғман

Өзін ұстай білетін жандарға қарағанда, ашуға бой алдырғыш адамдардың жүрек талмасынан немесе инсульттен қайтыс болу қаупі айтарлықтай жоғары. «Утро.ру» басылымының The Daily Star-ға сілтеме жасап хабарлағаны бойынша, Гарвард қоғамдық денсаулық сақтау институтының сарапшылары мыңдаған пациенттің мәліметтеріне талдау жасап, осындай қорытындыға келген.

Айта кетерлігі, қатты ашуланғаннан кейінгі екі сағат ішінде жүрек талмасының (инфаркт) қаупі бес есеге жуық, ал инсульттің қаупі үш еседен астамға артады. Доктор Элизабет Мастофски:

«Бір реттік ашуланғаннан жүректің тоқтап қалу қаупі онша жоғары емес, бірақ адам жиі ашуға берілген сайын, бұл әсер жинақтала береді», — деп ескертті.

Мидағы «өшпенділік орталығы»

Адам миында «өшпенділік орталығы» (центр ярости) деп аталатын арнайы аймақ бар — ол жоғарғы маңдай иірімі мен аралшық аймағында орналасқан. 2008 жылы оны Лондон университеттік колледжінің ғалымдары Сэмир Дзеки мен Джон Ромайа анықтаған болатын.

Осыдан үш жыл бұрын олардың Уорик университетіндегі (Ұлыбритания) әріптестері депрессияға шалдыққан адам мен шалдықпаған адамдарда ашу сезімінің қалай көрініс табатынын тексеріп, депрессияның пайда болуы мен осы «өшпенділік орталығының» жұмысы арасындағы байланысты бақылауға кіріскен еді.

Зерттеу нәтижелерінде, депрессиядан зардап шегетін пациенттердің ашу орталығындағы байланыстар бұзылғандығы анықталса, дені сау адамдарда бұл процестер бір уақытта (синхронды) жүретіндігі анықталған, ал депрессиядағы жандарда осы орталықтың үш бөлімінің жұмысы өзара үйлесімсіз (рассинхронизацияланған) күйде екендігі білінген.

Бұл - ашу орталық жұмысының біркелкі болмауы депрессиядағы адамдардың неліктен өзін-өзі кемсітуге бейім екенін және жиі өшпенділік сезімін бастан кешіретінін түсіндіріп бере алады.

Хадистен үзінді

Хадистерде бір адамның Мұхаммед пайғамбардан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) кеңес сұрағаны айтылады. Сонда Алла Елшісі: «Ашуланба», — деді. Әлгі адам өз өтінішін үр рет қайталайды! Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) үшеуінде де: «Ашуланба!» — деп жауап берді. Сүйікті Пайғамбарымыздың (с.а.у.) бұл кеңесі тек моралды, рухани пайдасын ғана емес, деннің де саулығына тікелей пайдалы екендігін ұқтырып отыр. 

Әлхәмдулилләһи Раббиль аләмин!

 

0 пікір