Араб тіліндегі "түйе" сөзінің синонимдері
Араб тіліндегі "түйе" сөзінің синонимдері
4 жыл бұрын 8175
Абдусамат Қасым

Араб тілі әлемдегі ең бай тілдердің бірі. Бұл тілде кейбір сөздердің жүздеген, тіпті кейбірінің мыңға жуық синонимдері бары айтылады. Мәселен, араб тілінде «түйе» сөзінің 1000-ға жуық синонимы барын жақында бір жазбадан оқыдым. Бұл өте көп, әрине. Ал мұндай уәждің ақ-қарасын арабист мамандар анықтап жатар.

Біз бүгінгі жазбамызда түйе жануарының араб тіліндегі атауларының біршамасын, анығырақ айтқанда, 60-тан астам атауын оқырмандармен бөлісуді жөн санап отырмыз. Мұндағы түйе атауларының саны мыңға жетпесе де, осыған қарап-ақ, түйе сөзіне байланысты әлгіндей қорытындының (мың синоним) шындыққа жанасатындығын болжауға болады. Ендеше, кеттік!

Араб тіліндегі түйеге байланысты кеңінен қолданылатын атаулар мен олардың қазақ тіліндегі ұғымдары: 

  • § الابل/البعير – әл-Ибл, әл-Бәъир: Бұл екі сөз жалпы түйе атаулыға қолданылады. 
  • §  الجَمَل– әл-Жәмәл: Еркек түйенің атауы.
  • §  الناقة– ән-Нәқа: Ұрғашы түйенің атауы. 
  • §  الطبز/دهامج– ат-Табз немесе Дүһәмиж: Екі өркешті түйенің атауы.  
  • § ضائل- Доил: Мықты, қуатты еркек түйе.  
  • §  حَفَضٌ– Хафад: Жүк таситын түйенің атауы.
  • §  الحِرْذَوْنُ– Хирзәун: Ашамасыз (ерсіз) жайдақ мінілетін түйе.
  • §  شَداد– Шәдәд: Ашамай орнатып мінілетін түйе.  
  • §  جِداجةТүйенің үстіне қойылатын ертұрман іспетті зат. Ашамай.

:Түйе жануарының су ішуіне қатысты атаулары

  • §  الْغُبُّ– әл-Ғуббу: Екі күнде бір су ішетін түйе.
  • §  الْغُبُّ الطَّلَّ– әл-Ғуббу ат-Толл: Күні бойы су ішу үшін суатқа барып тұратын түйе. 
  • §  الربع– Рибъ: Үш күнде бір су ішетін түйе (яғни, бір күн су ішіп, екі күн су ішпейтін түйе).
  • §  الظاهرة– аз-Заһира: Күніне бір мәрте су ішетін түйе.
  • §  الرَّفَّةُ– әр-Раффә: Кез келген уақытта су ішетін түйе.
  • §  القصريد- әл-Қасрид: Суды аз ішетін түйе.
  • §  الْعَرْجَاءُ– әл-Ъаржәә: Азанда бір рет және кешке бір рет су ішетін түйе.
  • §  التَّنَدَّيَةُ - әт-Тәнәддәя: Екінші мәрте су ішу үшін суатқа баратын түйе.
  • §  السلوف– әс-Сүлуф: Суатқа су ішу үшін өзге түйені бастап баратын ұрғашы түйе.
  • §  الدَّفُّونَ– әд-Дәффун: Түйе үйіріне жетпей жарты жолда қалып жүретін ұрғашы түйе немесе үйірдің ортасындағы ұрғашы түйе.
  • § ( الهافة (الملواح - әл-Һәфә: Тез шөлдейтін ұрғашы түйе.
  • §  عيوف- Ъүйюф: Суды иіскейтін, бірақ көбіне ол суды ішпейтін ұрғашы түйе.
  • §  مقامح - Муқамих: Қиналғанша су ішпейтін ұрғашы түйе .
  • §   رُقُوبٌ  - Руқуб: Суатта өзге түйелер кептелісіп тұрған кезде суаттан су ішпей күтіп бақылап тұратын ұрғашы түйе.
  • §   ملحاح - Милхәх: Суаттан кетпейтін ұрғашы түйе (немесе суаттан енді кеткен түйе).
  • §   ميراد - Мирад: Суатқа жету үшін асығатын ұрғашы түйе.
  • § الْهُيَّامُ - әл-Һүйиям: Қатты шөлдеген түйе.  

Түйенің мінезі мен дене-бітіміне сай атаулары:

  • §   الغادر - әл-Ғодир: Шағылысу кезеңін аяқтағандығы ісінген ішінен білінетін еркек түйе.  
  • §   الهياج - әл-Һияж: Тұқым беруге дайын, қарны тартылған еркек түйе.  
  • §  الهامل .әл-Һәмил: Қараусыз қалған иесіз түйе.
  • §  الحايل  .әл-Хаиль: Буаз емес түйе.
  • §   المسيّر.әл-Мүсәйир: Қашуға дайын күйлеген ұрғашы түйе.  
  • §  المعشّر.әл-Муъәшшәр: Буаздығының алғашқы кезеңіндегі ұрғашы түйе
  • §   اللقحة - әл-Ләқохә: Буаз екендігіне төрт ай болған ұрғашы түйе.
  • §  الخلفة. әл-Хольфә: Алты айдан аз уақытта төлдеген ұрғашы түйе. 
  • §   العشرا - әл-Ъашро: Алты айдан асып төлдеген ұрғашы түйе.
  • §   الخلوج- әл-Холүж: Ботасы ерте өліп, соны әрдайым сағынып қайғылы дыбыс шығаратын түйе. 
  • §   الخفوت- әл-Хүфут: Ботасы өлгеніне біраз болған, әрі онысын ұмытқан ұрғашы түйе.
  • §   المضيّرة - әл-Мудайяра: Басқа түйелердің боталарын емізетін ұрғашы түйе.
  • §   المسوح  - әл-Мәсух: Ботасы жоқта сүтін саууға болатын түйе.
  • §   النحوس  - ән-Нухус: Сүтін саудырмайтын ұрғашы түйе.
  • §   الجضور- әл-Жадур: Сүтін сауу барысында көп май шығаратын түйе немесе сүті майлы түйе.
  • §    الجفول - әл-Жүфуль: Үркек түйе.
  • §   الشرود - әш-Шуруд: Қолда ұстау қиынға соғатын, асау түйе.
  • §   الرابخ  - ар-Рабих: Жем-шөптің молдығынан семірген түйе.
  • §   الثاوي- әс-Сәуий: Аяқта тұра алмайтын көтерем түйе.
  • §   القوداء - әл-Қаудә: Әрдайым басқа түйені соңынан ертіп жүретін ұрғашы түйе.
  • §  المعطاء- әл-Миъто: Ұзын әрі жіңішке мойны бар және жүні қалың емес ұрқашы түйе.
  • §   الهارب - әл-Һәриб: Қашып кететін ұқсап, өзге түйелерден ұзақ жер қалып жүретін түйе.
  • §   الفاهية - әл-Фәһия: Барлық жөнінен өзге түйелерден артық болған түйе.
  • §   العليا - әл-Ъүлия: Еркек түйеден биік ұрғашы түйе.
  • §   لوجناء- әл-Уәжнә: Міну үшін үйретілген ұрғашы түйе.
  • §  العوصاء - әл-Ъауса: Міну үшін арналған, өзінің мықтылығымен ерекшеленетін ұрғашы түйе.

Түйенің түр-түсіне қарай атаулары:   

  • §  (أدم ( أدماء للأنثى- Әдүмм (ұрғашысы: Әдимә): Түсі әппақ түйе. 
  • §   (العيس العيساء للأنثى - әл-Ъис: Сары аралас, сары-ақ түсті түйе.  
  • §  الأشعل  - әл-Әшъәл: Құйрығы ала, өзі ақ түсті болған түйе. 

Түйелердің үйірдегі санына қарай атаулары:

  • §  الذود - әз-Зууәд: Үш түйеден, он түйеге дейінгі түйелер тобы.
  • §  الزيمة  - әз-Зәймә: Екі түйеден он түйеге дейінгі түйелер тобы.
  • §  الصدعة- Содъа: Алпыс түйеден құралған келе (түйе үйірі).  
  • §  العكرة - әл-Ъакирә: 50 түйе мен 100 түйе аралығындағы саннан құралған түйе келесі (үйірі).
  • §  الجول - әл-Жүул: 30-40 түйеден құралған келе (түйе үйірі).
  • §  هند وهنيدة - Һәнәд (һәнидә): Жүз түйеден құралған келе.  
  • §  القرج - Қорж: 150 түйеден немесе 500-1000 түйеден құралған келе.
  • §  ليلى - Ләйлә: Үш жүз түйеден құралған түйе тобы. 
  • الحوم- әл-Хәууәм: Мың және одан көп түйелерден құралған түйе үйірі

Түйе жануарының араб тіліндегі атауалары жоғарыда тізіп өткендерімізбен шектелмесі анық. Басқа да атаулары бары сөзсіз[1].


[1] Араб тілді ашық ғаламтор сайттарынан.

 

 

0 пікір