Ай және күн тұтылғанда оқылатын намаздар
Ай және күн тұтылғанда оқылатын намаздар
6 жыл бұрын 11990
Абдусамат Қасым

Күн тұтылғанды «кусуф» десе, айдың тұтылуын «хусуф» деп атайды.  

Кусуф намазы

Күн тұтылған жағдайда жұманы өткізуге құқы бар имам халықпен бірген екі рәкәғат нәпіл намаз оқиды. Үкімі – сүннет. Яғни, мешітте жамағат жиналып, сол мешіттің имамына ұйып екі рәкәғаттық «кусуф намазы» оқылады. Имам Ағзам Әбу Ханифа бұл намазды іштей оқу керектігін айтқан. Сондықтан, имам сүрелерді дауыстамай, іштей оқиды. Және де фатихадан кейін мүмкіндігінше ұзынырақ сүрелер оқылғаны дұрыс. Намаздан кейін имам күн ашылғанша құбылаға қарап отырып, дұға етеді. Ал, намаз оқу үшін жамағат мешітке келгенімен, имам келмесе, әркім жеке-жеке оқиды[1]. Азан немесе қамат айтылмайды.

Хусуф намаз

Ай тұтылған жағдайда да екі рәкәғат нәпіл намаз оқу - мұстахаб. Бірақ, бұл кезде жамағатпен емес әркім өз бетінше, қаласа үйінде, қаласа мешітте, жеке-жеке оқиды. Неге десеңіз, Пайғамбарымыздан аталмыш намазды жамағатпен оқу тұрғысында ешқандай хадис келмеген. Оның үстіне ай тұтылу - түнде орын алатын құбылыс болғандықтан адамдардың мешітте жиналулары қиынға соғады[2].

Хусуф намазы әдеттегідей оқылады және арнайы оқылатын сүресі жоқ. Әркім білетін сүресін оқи беруіне болады. Азан мен қамат айтылмайды.

Намаздың соңында қол жайып, Алладан амандық-саулық тілеп, түрлі табиғи алапаттардан сақта деп сұрайды.

«Түн мен күндіз, күн мен ай Оның (құдіреттілігін көрсетер) белгілерінен. Күнге де, айға да табынбаңдар, бірақ оларды жаратқан Аллаһқа ғана табыныңдар, егер сендер Оған ғана құлшылық ететін болсаңдар»[3].  

Аталмыш аят­та­ғы «сәж­де етің­дер» әмі­рі ай мен күн тұ­тыл­ған­да на­маз оқу ма­ғы­на­сын біл­ді­ре­ді.


[1] Убайдулла ибн Мәсғуд: ән-Нуқоя.
[2] Имам Сәрахси: әл-Мәбсут.
[3] Фуссиләт сүресі, 37 аят.

0 пікір