Адамның қалай пайда болатындығын түсіндірген Құран аяттары
Адамның қалай пайда болатындығын түсіндірген Құран аяттары
5 жыл бұрын 10868

1.«(Мұхаммед Ғ.С.) саған бір мүбарак Кітап түсірдік. Аяттарына ой жүгіртсін әрі ақыл иелері үгіт алсын деп». ("Сад" сүресі – 29 аят.)

2.«Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы! Ол, адам баласын ұйыған қаннан жаратқан». ("Аляқ" сүресі – 1-3)

3.«Сендерді Біз жараттық. Сонда да мойындамайсыңдар ма? Өздерің тамызған мәни суын көрдіңдер ме? Оны сендер жаратасыңдар ма? Немесе Біз жаратамыз ба?» ("Уақиға" сүресі - №57-59 аяттар).

4.«Ол сондай Алла, әр нәрсенің жаратылысын көркем етті. Адам баласын жаратуды балшықтан бастады. Сосын оның нәсілін бір жай ғана судың негізінен жаратты». ("Сәжде" сүресі - №7-8 аяттар).

5.«Расында адамды нағыз балшықтан жараттық. Сонан кейін оны жатырда тұратын тамшы қылдық. Сосын тамшыны ұйыған қан (эмбрион) жасадық. Ұйыған қанды кесек ет жасап, кесек етті сүйек жасадық та сүйектерге ет қаптадық. Сонан кейін оны басқа бір жаратылыс қып, жан салдық. Жаратушылардың шебері ұлы Алла». ("Мүминун" сүресі - №12-14 аяттар).

6.«Сондай Алла сендерді топырақтан, сосын мәниден, сосын ұйыған қаннан жаратып, кейін бөпе қып шығарды. Кейін ержеткізіп, кәртейтеді. Кейбіреулеріңді (ержетуден) бұрын өлтіреді. Кейбірің белгілі мерзімге жетесіңдер. Әрине ойланарсыңдар. Ол сондай Алла, тірілтеді әрі өлтіреді. Қашан бір істі бұйырғысы келсе, шын мәнінде оған: "Бол" дейді. Сонда ол бола қалады». ("Ғафир" сүресі - №67-68 аяттар).

7.«Әй адам баласы! Егер өлгеннен кейін тірілуден күдіктенсеңдер, әрине біз сендерді топырақтан, сонан соң жыныстық тамшыдан, кейін ұйыған қаннан тағы бейнеленген, бейнеленбеген кесек еттен өздеріңе (құдірет күшті) білдіру үшін жараттық. Сондай-ақ жатырларда қалаған мерзімге дейін қойып қоямыз. Соңында бөпе түрінде шығарамыз. Одан кейін ержетесіңдер. Кейбіреулерің қайтыс болып, кейбіреулерің әр нәрсені білгеннен кейін түк білмейтін өмірдің ең нашарына қайтарыласыңдар. Қураған жерді көресің. Оған жаңбыр жаудырсақ, құлпырып, көпсіді де әр түрлі көркем өсімдік өндірді». (Хаж сүресі - №5 аят.)

 8.«...Сендерді аналарыңның ішіндегі үш қараңғылықта бір жаратылыстан кейін бір жаратылыспен жаратты. Міне осы Раббыларың Алла (Т.), Патшалық Оған тән. Одан басқа еш тәңір жоқ. Қайтып бұрылып оған барасыңдар?» ("Зүмер" сүресі - №6 аят).

 9. «Шын мәнінде Біз адам баласын біріккен тамшыдан жараттық. Оны сынаймыз. Сондықтан оны еститін, көретін қылдық». ("Инсан" сүресі - №2 аят).

10. «Адамдарға "ата-анасына қарайласуды бұйырдық. Ананың оған мешеулік үстіне мешеулікпен жүкті болып, екі жылда омыраудан айыруы бар. Маған және әке-шешеңе шүкір ет. Қайтар орның Мен жақ». ("Лұқман" сүресі, 14 аят).  

 islam.kz

0 пікір