Жаратылыстың кереметі болған адам денесі қалай пайда болады? Еркектің сперма клеткасы мен әйелдің жұмырқасының клеткалары қай жерде және қалай әзірленіп, бұлар қалай табысады? Биология мен медицина ғылымы осы сұрақтарға белгілі бір дәрежеде түсініктеме береді. Енді адам жаратылысының ең кішкене іргетасы болып саналатын клеткалардан бастап осы үлкен жаратылыстың пайда болуын түсіндіруге тырысып көрейік.
Қазіргі таңда медицина ғылымының айтуы бойынша, адам денесінің негізгі іргетасы болып саналатын еркектің сперма клеткасы мен ұрғашы жұмыртқа клеткасының негізі әке-шешеміздің жыныстық мүшелеріне, олар аналарының құрсағында алты апталық кезінде орналастырыла бастайды. Үлкен өмір жоспарын арқалаған сперма мен жұмыртқа клеткалары алғаш рет қосылған кездерінде тек микроскоппен ғана көрінетіндей дәрежеде бір клетка пайда болады. Кішкентай тозаңдай ғана осы жалғыз клетка, одан кейін миллион рет бөлініп дамып, өзінен ең азында 25-30 мың есе, бәлкім одан да үлкейіп адам бейнесіне келеді.
Адам клеткасының тұқымында 46 хромосом болады. Бұлар 23 жұп құрайтындай екіден тізілген. Әрбір жұптың біреуі анадан, екіншісі әкеден келеді. Сол себепті әке мен шешеден ГЕН арқылы өткен ерекшеліктер, адамның тырнағының ұшынан бастап шашына дейін барлық клеткаларына өтіп, алдын ала белгіленіп қойылған.
Адам денесіндегі клеткалар бөліну жолымен көбейеді. Бұл екі түрлі болады: митоз және майоз бөлінулер. Митоз бөлінуде клетка тең қасиетке ие тағы 46 хромосомдық екі егіз клеткаға айналады. Клетканың бөлінуі ең жоғарғы технологиямен жабдықталған химия лабораториясының жұмысы сияқты жұмыспен іске асады. Мәселен, клетканың бөлінуінде, жансыз заттардың ең кішкентай шикізаты болып саналатын 20-30 түрлі «атом» қолданылады. Осы атомдардың шамамен жүз триллион данасы клетка ішіне алынып, клетка фабрикасында өңделіп үлкен молекулаларды құрайды. Сосын осы молекулалардан клеткаға қажетті мүшелер жасалынады. Ана клетканың ішіндегі 46 хромосом бірдей синтез етіледі. Нәтижесінде, өзімен бірдей екі клетка тудырады. Биологиялық тұрғыдан жанды болып саналатын бір клетканың, өзі сияқты бір клетканы 100 триллион жансыз атом бөлшектерінен тұрғызуы тамаша оқиға. Бір адамның денесінде шамамен 100 триллион клетка болғанына қарағанда, тамақ арқылы денеге кірген триллиондаған жансыз атомдарға клетка ішілік синтез арқылы жандандырылатындығы байқалады. Ер мен әйелдің балиғат шағына дейін жыныстық клеткалары да жоғарыда айтылғандай бөлінуге ұшырайды.
Балиғатқа толған кезден бастап ер мен әйелде тек жыныстық клеткалары ерекше бөліне бастайды. “Майоз» бөліну деп аталатын бұл бөлінуде негізгі клетка екіге бөлінген кезде хромосом саны екіге азаяды. Осылайша еркектің спермасы мен әйелдің жұмыртқасы 23 хромосомдық бала клетканы құрап көбейеді.
Бір алманың екі бөлшегі сияқты жарты клетка түріндегі және кем болған аталық және аналық клеткалар ұрықтанғаннан кейін тағы 46 хромосомдық ана клетканы құрайды. Бұл зигота деп аталатын ұрықтанған жұмыртқа клеткасы адамның негізін құрайды.
Туатын баланың ұл немесе қыз болуы да ғылым түсіндіре алмайтын, Аллаһ тағаланың еркіндегі нәрсе. «Аллаһ қалағанына қыз бала, қалағанына ұл балаларды береді. Немесе оларды, әрі ұл әрі қыз бала ретінде қостан береді. Қалағанын бедеу етеді. Ол барлық нәрсені білуші және барлық нәрсеге күші жетуші» делінеді Құран аятында («Шура» сүресі, 49-50).
Ана құрсағында жыныстың пайда болуы былай іске асады. Еркек спермасының ана клеткасында 44+ХҮ=46 хромосом болады. Кәмелетке толған шағынан басталатын «майоз» бөліну арқылы осы ана клеткадан 22+Ү=23 хромосомдық аталық қабілетке ие сперма клеткасын құрайды. Әйелдегі жұмыртқа ана клеткасының кәмелет шағынан бастап «майоз» бөлінудің нәтижесінде үнемі 22+Х=23 хромосомдық аналық қабілетке ие екі жұмыртқа клеткасы пайда болады. Ақыры сперма мен жұмыртқа клеткасының бірігуінен 46 хромосомдық не аталық қабілеттегі немесе аналық қабілеттегі зигота құралады. Әйелдің құрсағында пайда болған зиготаның дамып, адам пайда болатындығын жоғарыда айтқан болатынбыз. Медицина ғылымы еркек сперма клеткасында аталық және аналық (яғни Х және Ү) қабілеті, әйелдің жұмыртқа клеткасында болса тек аналық қабілеті (Х) болатындығын 40 жыл бұрын ғана анықтаған болатын. Алайда Аллаһ тағала төмендегі аятта мұны 6-шы ғасырда баяндаған: «Аллаһ спермадан (еркектің ұрығынан) екі жұпты, ер мен әйелді жаратты» («Қиямет» сүресі, 39).
Әйел етеккірінен тазарған соң шамамен он күннен кейін босатқан ұрықтануға қолайлы бір ғана жұмыртқа клеткасына қарсы, еркектің спермасында 200-300 миллионның арасында сперма клеткасы болатындығы белгілі. Осы спермадан жұмыртқа клеткасына тек 500 бен 1000-дайы ғана жетіп, біреуі ғана жұмыртқаны ұрықтандырады. Сперманың саны 50-ден төмен түскен кезде белсіздік туралы айтуға болады.
Екінші жағынан, сперма клеткасы, әйелдің аналық жұмыртқасына жеткен соң, жұмыртқа клеткасы «фертилизин» осыған қарсы сперма клеткасы «антифертилизин»деп аталатын бір зат бөліп шығарады. Егер осы екі зат сәйкесе алса, сперма клеткасы жұмыртқаның бетіне жабыса алады. Әйтпесе олардың жабысуы және баланың болуы мүмкін болмайды. Бұл, әртүрлі түрге тән сперма клеткасының жұмыртқа клеткасына жақындауының алдын алу және түрдің бұзылуының алдын алу үшін маңызды шара. Сондықтан да әр түрлі түрге жататын маймылдан адамға немесе адамнан маймыл түріне өту биологиялық тұрғыдан мүмкін емес.