Зүһд – дүниеге құмартпау, жүрекпен қаламау, азға қанағат ету дегенді білдіреді. Сопылықтағы мағынасы – дүниенің қажеттілігінен артығына көңіл аудармау, байлық пен молшылыққа қызықпау, жүректі дүниеге байлап қоймау. Бір сөзбен айтқанда, зүһд – мал-дүниеге қызықпау дегенді білдіреді.
Бүгінгі әңгіменің негізгі тақырыбы – сопылық жолының көрнекті өкілі Әбу Сүләйман әд-Дәрәнидің зүһд жайлы түсінігінің ерекшелігі мен оның негіздері туралы болмақ.
Хижри 140 туылып, хижри 205 жылдары дүниеден озған дін ғалымы, сопылық мектебінің алғашқы тұлғаларының бірі, атақты кеменгер Абдуррахман ибн Ахмәд ибн Әд-Дәрәни (қуддисә сирруһу)1. Сирия өңірінің «Дәрия» ауылының тумасы. Жерленген жері де сол ауылда. Ол (қ.с.) Суфянус Сәури (р.а.) сынды атақты тәбиғин хадисшілерден көп хадис естіп, көкейге түйген ғалым. Десе де, риуаятпен шұғылданбай, өзін тақуалық жолына арнайды. Сөйтіп атақты Зүһд иесі атанды. Имам Зәһәби оның өмір баянын жаза келе, былай деп өтеді: «Ұлы Имам, заманының Зәһиди (тақуасы) – Әбу Сүлеймән»1.
Әбу Сүләйман әд-Дәрәни – заманының Зәһиді болғандығы анық, алайда оның «Зүһд» өмірі шариғаттан алыс емес тұғын, керісінше таза шариғатқа сай және жалпылама Ислам қағидаттарының шеңберінен аспайтын «Зүһд» өмірін ұстанды. Төменде атақты тұлғаның Зүһд ұстанымының сүйенген негізгі қағидаттарын бере кетелік:
1. Құран мен Сүннетті Ұстану – Басты Қағида
Әбу Сүлейман әд-Дәрәни тақуалық жолда тек сырттай ғана шариғатты ұстанумен шектелмеген, керісінше, Құран мен Сүннетті өз ойларына да негіз еткен. Ол Құран мен Сүннетке қайшы келетін кез келген ойды қабылдамады.
Оның бұл ұстанымы мына сөзінен айқын көрінеді: «Кейде қауымныңнүктелі ойларының бірі жүрегімде туындап жатады, бірақ мен оны екі әділ куәгермен (яғни, Құран және Сүннетпен) дәлелдемейінше, қабылдамаймын» деген.
2. Қажеттіліктер және Отбасы Құқығы
Әд-Дәрәнидің зүһд ұстанымы – өзін түбегейлі ғибадатқа беріп, өзінің жеке және отбасының қажеттілігін өтеуден шектелуі емес. Керісінше, нағыз зуһд – адамдарға мұқтаж болмауға, өз нәпсісінің қадірін сақтауға және дүниелік істерде қор болмауға тырысу. Ол (қ.с.) былай дейді:
«Біз үшін ғибадат деген – аяғыңды қатар қойып тұрып, өзгесі сен үшін еңбек ету емес. Керісінше, алдымен екі күлше наныңды әзірлеп қой (дүниелік ісіңді реттеп) ал, сосын ғибадат жаса» дейді.
Сонымен қатар, оның ойынша отағасы өзінің әйел мен бала-шағасын зүһд өмірге мәжбүрлемей, жай шақыруы тиіс, егер олар мақұл көрсе, жақсы, ал қабылдамаса, өзі зүһд өмірін жалғастырып, ал отбасысына оларға пайдасы бар нәрсені тауып тұруы тиіс.
Және де Ол дүниені халал жолмен іздеу, адамдарға мұқтаж болмау және қанағаттану – Аллаға жолыққан күні жүзді нұрландырар іс деп есептейді.
3. Аштық пен құмарлық және Орта Жол
Әбу Сүлейман әд-Дәрәни толық тойып тамақтануға қарсы болған. Себебі, толық тою ғибадат етуді ауырлатады, даналықты сақтауы қиындайды, нәпсі құмарлықтарды арттырады. Ол тойған кезде қарны аштарға жанашырлық сезімін жоғалтады деп ескертеді.
Алайда, ол нәпсінің барлық құмарлықтарынан толық бас тартуды емес, орта жолды ұстануды насихаттайды: «Егер ләззаттық құмарлығын қойғаннан кейін, саған ол құмарлық келсе, одан аздап қана үлес алып, толығымен берілмеу керек, «сонда сен нәпсіңнен (оған толық бағынуды) алып тастаған боласың». Бұл Пайғамбардың (с.ғ.с.) асқазанды үш бөлікке бөлу туралы хадисіне сәйкес келеді. Алла елшісі (с.а.у.) асқазанды үшке бөлетін еді. Айша айнамыз айтқан: «Алла елшісінен кейін алғаш пайда болған бидғат – тоя ас ішу!» деген екен. (Ихя улумиддин).
5. Кішіпейілділік (Әт-Тауаду')
Кішіпейілділік – зуһд ұстанымымен тығыз байланысты іс, ол – адамның өз нәпсісінен бас тартуы.
«Мен өз нәпсімді бір сәтке де (бір қас қағымға да) риза еткен емеспін...».
Оның айтуынша, өзін құнды санайтын адам (тәкаппар) ғибадаттың тәттілігін сезбейді. Сондай-ақ, тіпті зуһдтің белгісі болуы тиіс өте нашар киім кию де тәкаппарлықтың белгісіне айналып кетуі мүмкін. Шынайы кішіпейілділік – жүректен асып төгілетін сипат пен әдеп дейді ол.
6. Қоғамдық Істер және Қайырымдылық
Әбу Сүлейман қоғамдық істерді өзінің жеке басынан жоғары қояды. Ол жаратылысқа мейірімділікті пайғамбарлық дәрежесінің екі тірегінің бірі деп санайды: «Алланың разылығы, және жаратылысқа деген мейірімділік – бұл пайғамбарлық дәрежесінің тірегі».
Ол нәпіл қажылық жасағаннан гөрі, соған жұмсалған ақшаны мұқтаж жанға бергенді дұрыс көреді. Ол былай деген: «Нәпіл қажылықты орындау – уәраъ (тақуалықтың бір түрі) иелерінің тауары емес, онымен (біреудің) қарыздар өтелмейді..» дейді. Ол қарызы бар адамдардың қарызын өтеуге үлес қосқанның пайдасы басқаларға тиетіндіктен, бұл жақсырақ деп санайды.
Және де бір сөзінде былай деген: «Егер отыз ақшаға киім алғың келсе, оны жиырма ақшаға алғаның абзалырақ, қалған он ақшаны (мұқтаждарға) бересің» дейді.
7. Зуһд Жолындағы Кедергілер
Зуһд дәрежесіне жету оңай емес дейді әулие. Әд-Дәрәни екі үлкен кедергіні атайды:
-
Алтын мен Күміс (Дүние): «Мен барлық нәрсеге амал таптым, бірақ мына алтын мен күмісті жүректен шығаруға ешқандай амал таба алмадым».
8. Тәуекел (Әт-Тауаккул):
Аллаға шынайы тәуекел ету ісінде тұрақты болуы қиын іс. Ол тәуекелді «жел сияқты тұрақсыз» дейді, яғни ол тұрақты емес.
Шынайы Тәуекелдің Мәні:
Шынайы тәуекел – тек сөз емес, жүректе орныққан сенім. Ал шынайы тәуекел – бұл тек жай сөз ғана емес. Керісінше, жүректе орныққан сенім, сондықтан іс-әрекеттер мен мінез-құлық осы сенімге сәйкес болуы керек.
Ол: «Зуһд иелерінің соңғы қадамы – тәуекел етушілердің алғашқы қадамы» дейді. Оның мағынасы: Тәуекел – зүһдтен кейін басталады деген сөз.
8. Қорқыныш және Жақсы Ой
Әбу Сүлейман Алладан қорқуды үнемі сезінудің қажеттілігін баса айтады, өйткені, ол – дүние және ақыреттегі барлық жақсылықтың негізі. Ол айтады: «Қорқыныш жүректен кетсе, жүрек бұзылады» дейді.
Қорқыныш пен жақсы ой арасында қайшылық жоқ: «Кімде-кім Алла Тағалаға жақсы ойда болса, әрі одан қорықпаса, ол алданған болып саналады». Шынында да, жақсы ой – қорқыныштан туындайтын іс.
9. Зұһд жолы
Зүһд (дүниеден тыйылу) жолына екі түрлі адам түседі:
Біріншісі — дүниенің нығметін танып, оның рақатын біраз уақыт көрген адам. Кейін ол бұл нығметтен бас тартып, зүһд жолына түседі.
Екіншісі — өмірдің таршылығында өскен адам. Ол сол жоқшылық әсерімен зүһд жолын ұстанады. Себебі оған өмірдің рақатын көруге мүмкіндік берілмеген.
Әбу Сүлейман бұл екі адамның ішінде біріншісін (яғни, молшылықты көріп, кейін бас тартқан адамды) тұрақтырақ әрі шынайырақ деп есептейді.
10. Рухани саулық
Әбу Сүлейман екі нәрсеге ерекше мән берген:
Адамның рухани тыныштығы мен жан тұрақтылығы
Пенденің денсаулығын сақтау, себебі дене — адамның сыртқы денсаулығының негізі.
Ол адамның ішкі дүниесін де, сыртқы өмірін де қорғауды маңызды деп санаған.
Олардың бұл саладағы кеңестері мен сипаттары өте көп еді. Солардың ішінде:
«Дүниеден сұрап алғаның болмай қалса, оны еш ойламаған, іздеп те көрмеген нәрсең ретінде қабылда.»
Бұл сөздің мағынасы — сәтсіздікке (жетпей қалған нәрсеге) пердені түсіру және жолды жалғастыру дегенді білдіреді.
11. Тағдырға Разылық
Әд-Дәрәнидің зуһд жолындағы ең маңызды қағидаттарының бірі – тағдырға разы болу. Бұл иманның алтыншы негізі. Ол Пайғамбардың (с.ғ.с.) «егер олай етсем ғой, бұлай болар еді деп айтпа, бірақ Алла қалағанын істеді, Ол тағдыр етті деп айт» деген хадисіне сүйенеді.
Ол нәпсіні тағдыр етілген істерге разы болуға үйрету керектігін айтып:
«(Сендер) өз нәпсілеріңді тағдыр етілген істерге разы болуға үйретіңдер. Өйткені, бұл – (Алланы) тану (мәрифа) дәрежелеріне жетудің құралы» деп насихаттайды.
«Мауаъизу лилимам Әби Сүләймән әд-Дәрәни»,
атты кітаптан ықшамдап алынды.
1«Табақатус Суфия».
1 «Сияру Аъләмин Нүбәлә»