Зе­кет
Зе­кет
10 жыл бұрын 4425
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Араб ті­лін­де зе­кет – көбею, өсу, бе­ре­кет­те­ну, та­за­лық сияқ­ты ма­ғы­на­лар­ды біл­ді­ре­ді. Ал зе­кет­тің ша­ри­ғат­та­ғы тер­мин­дік ма­ғы­на­сы: Ни­сап* кө­ле­мі­не же­те­тін бай­лық­қа ие бол­ған мұ­сыл­ман­ның байлы­ғы­ның бел­гі­лі бір бө­лі­гін жы­лы­на бір рет Аллаһ Та­ға­ла­ның ри­за­лы­ғы үшін Құ­ран­да бел­гі­лен­ген адам­дар­ға ие­лен­діруі.

Бұл ғи­ба­дат­тың зе­кет деп ата­луы – қал­ған бай­лық­тың көбеюіне, бе­ре­кет­те­нуіне әрі бе­ру­ші­сі­нің кү­нә­ла­ры­нан та­за­руына се­беп бол­ған­ды­ғы­нан.

 

Зе­кет­тің пайда­ла­ры мен хик­мет­те­рі

  1. 1.  Аллаһ Та­ға­ла Құ­ран­да өзі­нің әмір­ле­рін орын­дап, тый­ған тыйым­да­рын жа­са­ма­ған құл­да­рын ақы­рет­те сый-сыя­пат­қа ке­нел­тіп, өзі­нің мейіріміне бө­лей­тін­ді­гі ту­ра­сын­да сөз бе­ріп, уәде ет­кен. Зе­кет те Аллаһ Та­ға­ла­ның бұйыр­ған әмір­ле­рі­нің біреуі, сон­дық­тан орын­даушы­сы уәде етіл­ген сый-сыя­пат­қа ке­не­ліп, Аллаһ­тың ри­за­шы­лы­ғы­на шо­ма­ры сөз­сіз. Со­ны­мен қо­са6 зе­кет – «Тәубе» сү­ре­сі­нің 103-ая­тын­да біл­ді­ріл­ген­дей кү­нә­лар­дың ке­ші­рі­луіне се­беп. «Олар­дың мал­да­ры кө­бейіп жә­не өз­де­рі кү­нә­лар­дан та­за­ла­нуы үшін мұ­сыл­ман­дар­дың мал­да­ры­нан са­да­қа ал».
    1. 2.  Жал­пы адам ба­ла­сы­ның бойын­да дүние-мү­лік, бай­лық­қа де­ген қо­ма­ғай­лық пен қа­на­ғат­сыз­дық жә­не байлы­ғы­мен бас­қа­лар­ға тә­кап­пар­ла­ну, паң­да­ну сияқ­ты жа­ман си­пат­тар бар. Зе­кет ғи­ба­да­ты адам­ды осы өзім­шіл­дік, са­раң­дық, дү­ние­қор­лық, тә­кап­пар­лық сияқ­ты жиір­ке­ніш­ті қы­лық­тар­дан сақ­тап, кі­ші­пейіл­дік, жо­мар­ттық жә­не кең­пейіл­дік сияқ­ты жақ­сы си­пат­тар­ға тәр­бие­леп, баули­ды. Байлы­ғы­ның бір бө­лі­гін тек қа­на Аллаһ ри­за­шы­лы­ғы үшін па­қыр отан­дас­та­ры мен дін­дес­те­рі­не те­гін бе­ре­тін­дей кө­ңіл­ге ие бол­ған мұ­сыл­ман ба­ла­сы әр­қа­шан елін, хал­қын, ота­нын ой­лай­тын аза­мат­қа айна­ла­ры сөз­сіз.
    2. 3.  Зе­кет – қо­ғам­да­ғы бай мен ке­дей­дің ара­сын­да­ғы байла­ныс­ты жақ­сар­тып, бауыр­мал­дық­қа тәр­бие­лейді. Мәселен, ке­дей­лер­ге мейі­рім­ді­лік таныты­п, жағдайларына қарасқандықтан ке­дей де байларға құр­мет­пен қа­рап, олар­дың дүние-мү­лік­те­рі­не сұқ көз­денбейді. Қыз­ға­нып, қас­тан­дық ойла­майды. Осы­лайша қо­ғам ба­қыт­ты, се­нім­ді ғұ­мыр ке­ше­ді.
    3. 4.   Зе­кет – қо­ғам­да­ғы ке­дей-кеп­шік­тер­дің ор­та­ша өмір сү­ру­ле­рі­не ық­пал жа­сап, мем­ле­кет­ті әл­сіз­дік­тен сақ­тайды.
    4. 5.   Зе­кет – ка­пи­тал­дың тек қа­на бай­лар­дың ара­сын­да айна­лып тұ­ра­тын күш бо­луына бө­гет жа­сайды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) «Зе­кет–Ис­лам­ның кө­пі­рі»[1] – деп, әле­умет­тік өмір­де­гі та­би­ғи түр­де бай, ке­дей деп бө­лі­ну­дің зе­кет ар­қы­лы бір дас­тар­қан ба­сы­на жи­на­ла­тын­ды­ғын иша­рат ету­де. Өйтке­ні, зе­кет – бай мен ке­дейді жа­қын­дас­ты­ра­тын ма­ңыз­ды ғи­ба­дат.

Ис­лам ді­ні «Өзім тоқ болсам болды, өзгенің өмірем қапқанында шаруам жоқ» не­ме­се «қиындығын сен көр, қызығын мен көрейін» – де­ген сияқ­ты қа­ра ба­сын ға­на ой­лай­тын өзім­шіл­дікке  қар­сы шы­ғу ар­қы­лы бай-ке­дей ара­сын­дағы қайшылықтардың алдын алады.

Аллаһ бұл дү­ниені адам­дар­дың бар­лы­ғы­на то­лық же­те­тін­дей нығ­мет­те­рі­мен бе­зен­дір­ген. Сол нығ­мет­те­рді әді­л бөліске салмаған мы­на дү­ниеде көп­те­ген қиын­шы­лық­тар кездесуде. Соның кесірінен ат төбеліндей ғана топ ра­хат  өмір сү­ріп, жай халықтың көбі қиыншылық пен жоқшылықтан көз ашпауда. Мі­не, зе­кет – кі­ріс­тің та­ра­ты­луын­да­ғы осы тең­сіз­дік­ті жойып, әді­лет­тік­ті ор­на­та­тын, бай­лар­ға жүк­тел­ген сауабы мол, мәні зор ғи­ба­дат. Қыс­қа­сы, зе­кет – ха­дис­те ай­тыл­ған­дай, бай­дың мейі­рім­ді­лігін, ке­дей­дің құр­метін тудыратын, оларды өзара дәнекерлейтін илә­һи кө­пір.

  1. 6.  Зе­кет ғи­ба­да­ты – Аллаһ Та­ға­ла­ бер­ген бай­лыққа деген   шү­кіршілік. Зе­кет бе­ру­ші мұ­сыл­ман қо­лын­да­ғы бай­лық­тың Аллаһ Та­ға­ла бе­р­ген жақ­сы­лық еке­нін ұғынады. Өзі­нен де зе­рек, қа­бі­лет­ті, ден­саулы­ғы мық­ты та­лай адам­дар­дың бұл нығ­мет­тен мақ­рұм екен­ді­гін тү­сі­ніп, сол нығ­мет­тер­ді өзі­не нә­сіп ет­кен Аллаһ Та­ға­ла­ға шү­кір етеді. Әр нығ­мет өзі­не сай шү­кір та­лап ете­ді. Ілім­нің шү­кі­рі оны бас­қа­ға үйре­ту­мен, де­не мү­ше­міз­дің шү­кі­рі ора­за ұс­тап, на­маз оқу тә­різ­ді ғи­ба­дат­тар­мен орын­да­ла­ты­ны сияқ­ты, бай­лық нығ­ме­ті­нің де шү­кі­рі мұқ­таж­дар­ға кө­мек­те­сіп, зе­кет бе­ру ар­қы­лы жү­зе­ге аса­ды. Яғ­ни, бай­лық нығ­ме­ті­нің шү­кі­рі аузы­мыз­бен айты­ла­тын «Аллаһ­қа шү­кір» де­ген сөз­бен ға­на шек­тел­мейді.
    1. 7.       Зе­кет пә­ле-жа­ла­дан, апат­тан, ауру-сыр­қау­дан сақ­тайды. Бай­лық­тың құ­рып ке­туіне тос­қауыл жа­сайды. Пай­ғам­ба­ры­мыз: «Мал­да­рың­ды зе­кет бе­ру ар­қы­лы қор­ғаң­дар, ауру­ла­рың­ды са­да­қа бе­ру ар­қы­лы ем­дең­дер, ті­лей­тін дұ­ға­ла­рың­мен бас­та­ры­ңа ке­ле­тін пә­ле­лер­ге дайын­да­лың­дар»[2]деп тү­сін­ді­ре­ді.
    2. 8.   Зе­кет – қо­ғам­да­ғы ұр­лық-қар­лық, ал­дап-сулау, адам тонау, кі­сі өл­ті­ру сияқ­ты жа­ман әдет­тер­дің ке­ңі­нен жайылуына бө­гет қояды. Мұқ­таж адам­дар­дың өмір сү­ру­ле­рі­не ке­рек­ті материалды көмек зе­кет сияқ­ты заң­ды жол­мен қам­та­ма­сыз етіл­ген­дік­тен, қо­ғам­да­ғы атал­мыш бо­лым­сыз кереғар көрініс­тер өз­ді­гі­нен тоқ­тайды.
    3. 9.  Бар­лық мү­ше­сі­мен бірге қоғам бү­тін са­на­ла­ды. Әр­кім өзі­не кі­ріс кір­гі­зу ба­ры­сын­да қо­ғам­ның бас­қа мү­ше­ле­рі­нен ті­ке­лей не­ме­се жа­на­ма түр­де пайда­ла­на­ды. Бай­дың байлы­ғы­ның пайда бо­луын­да қо­ғам­ның да ық­па­лы бар еке­ні­не кім даула­сар? Қоғамнан тыс жа­пан да­ла­да же­ке ба­сы өмір сүр­ген­де қо­лын­да­ғы байлы­ғы пайда бо­лар ма еді? Сон­дық­тан бай­дың байлы­ғын­да ке­дей­дің де есе­сі бар еке­нін ұмыт­па­ға­ны­мыз жөн. Бе­ре­тін зе­ке­ті­міз – өмір сү­ріп жат­қан қо­ға­мы­мыз­ға де­ген рақ­ме­ті­міз бен біз­ге сол бай­лық нығ­ме­тін нә­сіп ет­кен Ұлы Жа­ра­ту­шы­мыз­ға шү­кі­рі­міз­дің бел­гі­сі.
    4. 10.   Шай­тан адам­ды «Зе­кет бер­сең, аш – жа­ла­ңаш, ке­дей бо­лып қа­ла­сың» – деп, қор­қы­тып, шайтан адамды барынша аз­ғы­ра­ды. Шын­ды­ғын­да зе­кет ма­лы­мыз­дың азаюына емес, кө­бейіп, өсіп-өнуіне се­беп. Құ­ран­да бұл шын­дық бы­лай баян­да­ла­ды: «Шай­тан сен­дер­ді ке­дей­лік­пен қор­қы­тып, жа­ман­шы­лық жа­сауды бұйыра­ды. Ал Аллаһ сен­дер­ге өз та­ра­пы­нан ке­ші­рі­мі мен кең­ші­лі­гін уәде ете­ді…»[3], «Аллаһ өсім­нің бе­ре­ке­тін ке­ті­ріп жояды, ал са­да­қа­сы бе­ріл­ген мал­ды бе­ре­кет­тен­ді­ріп арт­ты­ра­ды»[4]

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бір ха­ди­сін­де бе­ріл­ген са­да­қа­ның бай­лық­ты азайт­пайты­нын айта­ды: «Са­да­қа мал­дан еш­те­ңе азайт­пайды».[5]

11. Зе­кет бер­ген адам­ның жан жү­ре­гін, іш­кі се­зі­мін ке­ре­мет қуа­ныш би­леп, ерек­ше ләз­зат құ­ша­ғы­на кір­ген­дей күй ке­шеді. Өмір­дің қы­сы­мы­нан, дүние-мү­лік­тің ауырт­па­лы­ғы­нан, жү­рек­тің қат­ты­лы­ғы­нан арылады. Ба­тыс ел­де­рін­де ма­те­риал­дық өмір­мен ете­не байла­ны­сып кет­кен­дік­тен ру­ха­ни то­қы­рауға ұшы­ра­ған­дар­ға пси­хо­лог­тар жа­ңа ем­нің тү­рі ре­тін­де мұқ­таж адам­дар­ға кө­мек көр­се­ту­ді ұсы­нуы кісі ойлантарлық. Хақ Та­ға­ла әр жақ­сы­лық­тың есе­бін қол­ма-қол жү­рек­ке ру­ха­ни ра­хат құю арқылы сез­ді­ре­ді. Бұ­ны еш­бір ма­те­риал­дық ра­хат­тан алу мүм­кін емес.

Зе­кет­тің мұ­сыл­ман­дар­ды жал­қау­лық­қа, ма­сыл­дық­қа, жа­тып ішер­лік­ке тәр­бие­леп дағ­ды­лан­дыр­май­тын­ды­ғын айта кет­ке­ні­міз жөн бо­лар. Өйтке­ні, Пай­ғам­ба­ры­мыз:{ألْيَدُالْعُلْيَا خَيْرٌ مِنَ الْيَدِالسُّفْلَي} «Бер­ген қол – ал­ған қол­дан қайыр­лы» – деп мұ­сыл­ман­дар­ды әр­қа­шан тер тө­гіп, ең­бек ету­ге ша­қы­ра­ды.



* Нисап: зекетті парыз ететін белгілі байлық мөлшері.

[1] Һайсәйми, Мажма'уз-зәуайд, 3/62.

[2]Кашфул-хафаа, 1/361

[3] Бақара сүресі, 268-аят.

[4] Бақара сүресі, 276-аят.

[5] Муслим, бирр/69.

0 пікір