Қа­сиет­ті Мә­ди­на қа­ла­сын­да­ғы Ха­зі­ре­ті Пайғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) қа­бі­рін зия­рат ету
Қа­сиет­ті Мә­ди­на қа­ла­сын­да­ғы Ха­зі­ре­ті Пайғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) қа­бі­рін зия­рат ету
10 жыл бұрын 3963
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Мү­мін­дер­дің кө­зі­нің нұ­ры, жа­ра­ты­лыс­тың гүл­за­ры, екі жа­һан­ның асыл тә­жі Пай­ғам­ба­ры­мыз Мұ­хам­мед­тің (с.а.у.) Мә­ди­на­да­ғы нұр­лы қа­бі­рін зия­рат ету – мү­мін­дер үшін сауап­ты да ар­дақ­ты іс. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) өзі­нің бұл дү­ние­ден мәң­гі­лік өмір­ге қайтуы­нан кейін үм­мет­те­рі­не өзі­нің нұр­лы қа­бі­рін зия­рат ету­дің сауап­ты­лы­ғын көп­те­ген ха­дис­те­рін­де біл­дір­ген:

«Кім­де-кім сауап үшін ме­ні Ме­ші­тім­де зия­рат ет­се,ол ме­нің көр­шім бо­ла­ды. Қия­мет кү­ні оған ша­па­ғат ете­мін».[1]

{صَلاةٌ فِي مَسْجِدِي هَذَا أفْضَلُ مِنْ ألْفِ صَلاةٍ فِيمَا سِوَاهُ إلَّاالْمَسْجِدَ الْحَرَامَ وَصَلاةٌ فِي الْمَسْجِدِالْحَرَامِ أفْضَلُ مِنْ مِأةِ ألْفِ صَلاةٍ فِيمَا سِوَاهُ}

Қа­зақ­ша ма­ғы­на­сы: «Ме­нің осы ме­ші­тім­де оқыл­ған бір на­маз Мәс­жи­дул-Ха­рам­нан тыс бас­қа бар­лық ме­шіт­тер­де оқыл­ған мың на­маз­дан да (сауап жа­ғы­нан) ар­тық.Ал, Мәс­жи­дул-Ха­рам­да оқыл­ған бір на­мазбар­лық ме­шіт­тер­де оқыл­ған жүз мың на­маз­дан да ар­тық»[2]

{لاَ تُشَدُّالرِّحَالُ إلاَّ ثَلاَثِ مَسَاجِدَ: ألْمَسْجِدُالْحَرَامُ وَ مَسْجِدِي هَذَا وَ مَسْجِدُالأقصَي}

Қа­зақ­ша ма­ғы­на­сы:

«Осы үш ме­шіт­тен бас­қа (на­маз жә­не ғи­ба­дат үшін) еш­қан­дай ме­шіт­ке жол­ға шы­ғу дұ­рыс емес. Бұл үш ме­шіт: Мәс­жи­дул-Ха­рам, Мәс­жи­дул-Ақ­са, Мәс­жи­дул-Нә­би (Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) ме­ші­ті»[3]

«Үйім мен мін­бе­рім­нің ара­сы жән­нат бақ­ша­ла­ры­нан бір бақ­ша».[4]

Иә, Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) қа­бі­рін зия­рат ету – мү­мін­дер үшін па­рыз бол­ма­са да сауабы мол ма­ңыз­ды іс. Уа­қыт­тың ың­ғайына қа­рай қа­жы­лық амал­да­ры­нан бұ­рын не­ме­се кейін Мә­ди­на қа­ла­сы­на ба­рып, Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың ме­ші­ті мен қа­бі­рі зия­рат еті­ле­ді. Зия­рат жа­са­ған уа­қыт­та әдет­те­гі­сі­нен де кө­бі­рек Пай­ғам­ба­ры­мыз Мұ­хам­мед­ке (с.а.у.) салауат жә­не сә­лем айта­ды. Өйтке­ні, Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Ма­ған сә­лем бер­ген әр­бір адам­ның сә­ле­мін Аллаһ Та­ға­ла ме­нің ру­хы­ма біл­ді­ре­ді»,[5] – де­ген.

Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) ме­ші­ті­не «Бә­бус-Сә­лем» не­ме­се «Бә­бул-Жиб­рил» есі­гі­нен әдеп­ті түр­де Салауат жә­не Сә­лем ай­тып кі­ре­ді. Егер мәк­рүһ уа­қыт­қа сәй­кес ке­ліп қал­ма­са, Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) нұр­лы қа­бі­рі мен мін­бе­рі­нің ара­сын­да екі рә­кат тахйиа­тул-мәс­жид (ме­шіт­ке сә­лем) на­ма­зы оқы­ла­ды. Өйтке­ні, Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Үйім мен мін­бе­рім­нің ара­сы жән­нат бақ­ша­ла­ры­нан бір бақ­ша, ал мін­бе­рім қия­мет кү­ні ма­ған сыйла­на­тын кәу­сәр бұ­ла­ғы­ның үс­тін­де бо­ла­ды»[6] – деп, мін­бе­рі мен қа­бі­рі ара­сын­да­ғы жер­дің қа­сиет­ті­лі­гі­не на­за­ры­мыз­ды ау­дар­ған. Та­хийа­тул-мәс­жид на­ма­зын оқы­ған­нан кейін Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) ме­ші­тін зия­рат ету ба­қы­ты­на ке­нел­ген­ді­гі үшін екі рә­кат шү­кір на­ма­зын оқып, на­маз­дың со­ңы­нан өзі­не, әке-ше­ше­сі­не жә­не күл­лі мұ­сыл­ман бауыр­ла­ры­на дұ­ға жа­сап, ті­лек ті­лейді. Со­сын Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) нұр­лы қа­бі­рі­не баяу жү­ріс­пен ба­рып, зия­рат ете­ді. Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың бас жа­ғы­на ба­рып, «Әссә­лә­му а'лайка әю­һан-нә­бию уа рах­ма­тул­лаһи уә бә­рә­кә­туһ. Әссә­лә­му а'лайка иа саийди иа ра­су­лулаллаһ» деп сә­лем жә­не салауат ай­тып, Аллаһ Та­ға­ла­ға жал­ба­ры­нып, дұ­ға жа­сап, ті­лек ті­лейді. Бұ­лар­ды жа­са­ған уа­қыт­та ай­ғай­лап, ба­қы­ру­ға жә­не қа­бі­рі­нің те­мір­ле­рін сүюге, си­пауға, қа­бі­рі­не сәж­де жа­сауға бол­майды. Өйтке­ні, бұн­дай іс­тер­ді іс­теу – бид­ғат. Ді­ні­міз бұн­дай әре­кет­тер­ге тыйым сал­ған.

Одан кейін оң жақ­қа қа­рай бір мет­рдей жү­ріп, Ха­зі­ре­ті Әбу Бә­кір­дің қа­бі­рі­нің ба­сы­на ба­рып, «Әссә­лә­му а'лайка иа Ха­ли­фа­та ра­су­лил­лаһ» деп сә­лем бе­ріп, Құ­ран ба­ғыш­тайды. Со­сын оң жақ­қа қа­рай та­ғы бір мет­рдей жү­ріп, Ха­зі­ре­ті Омар­дың қа­бі­рі­нің ба­сы­на ба­рып, «Әссә­лә­му а'лайка иа Әми­рал-мү­ми­нин» деп сә­лем бе­ріп, құ­ран ба­ғыш­тап, Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың ба­сы­на қайта ке­ліп, салауат жә­не сә­лем ай­тып, Аллаһ Та­ға­ла­дан қайыр ті­лек ті­леп, дұ­ға жа­сайды. Мі­не, осы­лайша Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың ме­ші­ті мен нұр­лы қа­бі­рі­не де­ген зия­рат тә­мам­да­ла­ды.



[1] Кәшфул-хафа, 2/250.

[2] Бухари, 2/56.

[3] Бухари, 2/56.

[4] Бухари, 2/57.

[5] Әбу Дәәуд, Мәнасик,96.

[6] Муслим, Хаж, 502.

0 пікір