Өкіл­дік
Өкіл­дік
10 жыл бұрын 2462
Қайрат Жолдыбайұлы, Мұхитдин Исаұлы

Әр түр­лі се­беп­тер­ге байла­ныс­ты қа­жы­лық­қа ба­ра ал­май­тын кі­сі өзі­нің ор­ны­на бас­қа бі­реуді өкіл ре­тін­де жі­бе­ре ала ма?

Ис­лам ді­нін­де ғи­ба­дат­тар үш түр­ге бө­лі­не­ді:

1. Тек қа­на де­не­мен орын­да­ла­тын ғи­ба­дат­тар: на­маз оқу, ора­за ұс­тау, Құ­ран оқу, т.б.

2. Тек қа­на дүние-мү­лік, бай­лық­пен орын­да­ла­тын ғи­ба­дат­тар: зе­кет, пі­тір са­да­қа­сы, құр­бан ша­лу, т.б.

3. Әрі мал­мен, әрі де­не­мен орын­да­ла­тын ғи­ба­дат­тар: қа­жы­лық ғи­ба­да­ты.

Бұл ғи­ба­дат­тар­дың кез-кел­ге­нін нә­піл ре­тін­де орын­дап, сауа­бын өлі бол­сын, ті­рі бол­сын бас­қа адам­ға ба­ғыш­тауға бо­ла­ды. Бі­рақ бұл ғи­ба­дат­тар­ды мой­нын­да­ғы па­ры­зы­нан құ­ты­лу үшін бас­қа бі­реуге өкіл ре­тін­де орын­дат­қы­зу мә­се­ле­сі мүл­дем бө­лек еке­нін ес­кер­тейік.

Тек қа­на де­не­мен ат­қа­ры­ла­тын на­маз, ора­за сияқ­ты ғи­ба­дат­тар­да өкіл­дік мүл­де жүр­мейді. Яғ­ни, еш­кім бас­қа­ның ор­ны­на мой­нын­да­ғы па­ры­зы­нан құ­тыл­ды­ру үшін на­маз оқып, ора­за ұс­тай ал­майды. Ал тек қа­на мал­мен ат­қа­ры­ла­тын зе­кет бе­ру, құр­бан ша­лу сияқ­ты ғи­ба­дат­тар­да өкіл­дік то­лы­ғы­мен жү­ре­ді. Мы­сал­ға, ма­лы­ның зе­ке­тін бас­қа бір адам өкіл ре­тін­де ке­рек­ті орын­дар­ға бе­руіне бо­ла­ды. Ал қа­жы­лық сияқ­ты әрі де­не­мен, әрі мал­мен орын­да­ла­тын ғи­ба­дат­тар­да өкіл­дік­тің жү­руі үшін қа­жы­лы­ғын орын­дай ал­май өліп ке­ту, жа­зы­луы мүм­кін бол­ма­ған ауыр нау­қас, қат­ты кә­рі­лік сияқ­ты бө­гет­тер­дің бо­луы ке­рек.

Қа­жы­лық­та өкіл­дік­тің кей­бір жағ­дай­лар­да жү­ре­тін­ді­гі­не байла­ныс­ты дә­лел ре­тін­де Пай­ғам­ба­ры­мыз­дың (с.а.у.) бір­не­ше ха­ди­сі бар. Мы­сал­ға, мы­на екі ха­дис бұл дү­ние­ден қа­жы­лық­қа бар­мас­тан көз жұ­мып кет­кен кі­сі­лер­дің ор­ны­на өкіл ре­тін­де қа­жы­лық­қа ба­ру­ға бо­ла­тын­ды­ғын біл­ді­ре­ді.

Жү­һәйнә тайпа­сы­нан бір әйел Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға (с.а.у.) ке­ліп бы­лай де­ді: «Уа, Аллаһ­тың Ел­ші­сі, ме­нің ше­шем қа­жы­лық ғи­ба­да­тын жа­сауға уәде бер­ген еді, бі­рақ орын­дай ал­май бұл дү­ние­ден көз жұм­ды. Оның ор­ны­на қа­жы­лық­қа бар­сам бо­ла ма?»

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай де­ді:

«Иә, оның ор­ны­на қа­жы­лық­қа бар. Қа­лай ой­лай­сың? Ше­шең­нің бас­қа бі­реуге қа­ры­зы бол­са өтей­тін бе едің?

«Иә, өтей­мін», – де­ді.

Олай бол­са, Аллаһ Та­ға­ла­ға бол­ған қа­ры­зын да өтең­дер. Өйтке­ні, қа­ры­зы өте­лу­ге ең лайық Аллаһ Та­ға­ла».[1]

Бас­қа бір уа­қыт­та бір са­ха­ба Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға (с.а.у.) ке­ліп: – «Әкем­нің мойны­на қа­жы­лық па­рыз бо­ла тұ­ра бұл дү­ние­ден өтіп кет­ті. Оның ор­ны­на қа­жы­лық­қа бар­сам бо­ла ма?», – де­ді.

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Қа­лай қа­рай­сың әкең­нің қа­ры­зы бол­са өтей­тін бе едің?», – де­ді.

«Иә, өтей­мін».

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Олай бол­са әкең­нің ор­ны­на қа­жы­лық­қа бар», – де­ді.

Қа­жы­лық ғи­ба­да­ты мой­нын­да па­рыз бо­ла тұ­ра кө­зі­нің ті­рі­сін­де қа­жы­лық­қа ба­ра ал­ма­ған­дар өл­мес бұ­рын ар­тын­да қал­ған ми­рас­қор­ла­ры­на өзі­нің ор­ны­на өкіл жі­бе­ру­ле­рін та­лап етіп, өсиет ету­ле­рі уә­жіп.

Қа­жы­лық ғи­ба­да­ты мой­нын­да па­рыз бо­ла тұ­ра бұл дү­ние­ден қайт­қан кі­сі­лер­дің бұн­дай өсиеті жоқ бол­са, ар­тын­да қал­ған ми­рас­қор­ла­ры өкіл ре­тін­де бас­қа бі­реуді жі­бе­ру­мен мін­дет­тел­мейді.

Бұл дү­ние­ден қа­жы­лық ғи­ба­да­тын орын­дай ал­май қай­тып кет­кен кі­сі­лер­дің ор­ны­на өкіл ре­тін­де қа­жы­лық­қа ба­ру­ға бо­ла­ты­ны сияқ­ты, қа­жы­лық­ты орын­дай ал­май­тын­дай дә­ре­же­де ауру не­ме­се кә­рі бол­ған­дар­дың ор­ны­на да қа­жы­лық­қа ба­ру­ға бо­ла­ды.

Хаа­сам тайпа­сы­нан бір әйел Пай­ғам­ба­ры­мыз­ға (с.а.у.) ке­ліп, бы­лай деп сұ­рақ қойды:

«Уа, Аллаһ­тың Ел­ші­сі! Аллаһ Та­ға­ла­ның құл­да­ры­на па­рыз қыл­ған қа­жы­лық ғи­ба­да­ты әке­ме кә­рі­лі­гін­де па­рыз бол­ды. Бі­рақ ол бұл қа­жы­лық жо­лы­на шы­дай ал­майды. Мен оның ор­ны­на қа­жы­лық­қа бар­сам бо­ла ма?»

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.): «Иә», – деп жауап қат­ты.

 

Өкіл­дік шарт­та­ры

Па­рыз бол­ған қа­жы­лық­тың өкіл ар­қы­лы ат­қа­ры­луы үшін тө­мен­де­гі мы­на шар­ттар бо­луы ке­рек

1. Өкіл жі­бе­ре­тін адам­ға қа­жы­лық па­рыз бо­луы ке­рек. Па­рыз бол­май тұ­рып өкіл ар­қы­лы орын­дал­ған қа­жы­лық нә­піл қа­жы­лы­ғы бо­лып са­на­ла­ды. Па­рыз бол­май тұ­рып өкіл жі­бер­ткен адам ба­ли­ғат­қа то­лып, қа­жы­лық па­рыз бол­ған­нан кейін, қайта­дан қа­жы­лық­қа ба­ру ке­рек.

  1. Өкіл жі­бе­ре­тін кі­сі қат­ты кә­рі бо­лу, жа­зы­луы мүм­кін емес ауру се­кіл­ді се­беп­тер сал­да­ры­нан өмі­рі­нің со­ңы­на дейін қа­жы­лық­қа ба­ру мүм­кін­ші­лі­гі­нен мақ­ұрым бо­лу ке­рек. Бас­қа бі­реуді ауру ке­зін­де өзі­нің ор­ны­на қа­жы­лық­қа жі­бе­ріп, орын­дат­қан­нан кейін ауруы­нан айы­ғып жат­са, өзі­нің қайта­дан қа­жы­лық­қа ба­руы тиіс.

Өзі қа­жы­лық ғи­ба­да­тын орын­дауға ша­ма­сы же­те тұ­ра бас­қа бі­реуді ор­ны­на қа­жы­лық­қа жі­бер­се, бұл қа­жы­лық нә­піл бо­лып са­нал­ған­дық­тан, мой­нын­да­ғы па­ры­зы­нан құ­ты­луы үшін өзі­нің ті­ке­лей қа­жы­лық­қа ба­руы ке­рек.

  1. Өкіл жі­бе­ру­ші өкіл­дің қа­жы­лық­қа ба­руына рұқ­сат бе­руі ке­рек. Егер өкіл ре­тін­де ба­ра­тын адам өкіл жі­бе­ру­ші­нің өті­ні­ші мен рұқ­са­тын­сыз қа­жы­лық­қа бар­са, ол қа­жы­лық өкіл жі­бе­ру­ші­нің мой­нын­да­ғы па­рыз­ды тү­сір­мейді.
  2. Өкіл жі­бе­ру­ші кі­сі қа­жы­лық қа­ра­жат­та­рын өзі кө­те­руі ке­рек. Егер өкіл өз қа­ра­жа­ты­мен бар­ған бол­са, өзі­нің ор­ны­на қа­жы­лық­қа бар­ған­ға жа­та­ды. Ал егер өкіл­дің жұм­са­ған қар­жы­сы өкіл жі­бер­ген кі­сі­нің бер­ген қар­жы­сы­нан аз бол­са, өкіл жі­бе­ру­ші­нің мойны­нан қа­жы­лық па­ры­зы тү­се­ді. Ми­рас­қор­лар­дың үкі­мі бұл үкім­ге кір­мейді. Бел­гі­лі бір адам­ның ар­тын­да қал­ған ми­рас­қо­ры өзі­нің қар­жы­сы­мен оның ор­ны­на қа­жы­лық­қа ба­руына бо­ла­ды.
  3. Қа­жы­лық – ғи­ба­дат, сон­дық­тан қа­жы­лық­қа бі­реуді жал­дап, өзі­нің ор­ны­на өкіл ре­тін­де жі­бе­ру­ге бол­майды. Жі­бер­ген жағ­дайда өкіл өзі­нің мой­нын­да­ғы қа­жы­лық ғи­ба­да­тын ат­қар­ған бо­ла­ды.
  4. Өкіл ре­тін­де ба­ра­тын адам ба­ли­ғат ша­ғы­на жет­кен, ақыл-есі дұ­рыс, қа­жы­лық ғи­ба­да­ты­ның қа­лай орын­да­ла­ты­нын бі­луі тиіс.
  5. Өкіл ре­тін­де жі­бе­ріл­ген адам их­рам­ға кір­мес бұ­рын өзін жі­бер­ген адам­ның аты­нан қа­жы­лық жа­сауды ниет етуі  ке­рек.
  6. Өкіл ре­тін­де жі­бе­ріл­ген адам қа­жы­лық ғи­ба­да­тын ті­ке­лей өзі жасауы ке­рек. Әр түр­лі се­беп­тер­ге байла­ныс­ты өзі­нің ор­ны­на бас­қа бі­реуді өкіл жасауына бол­майды. Бұ­лай іс­тел­ген жағ­дайда қа­жы­лық қа­ра­жат­та­рын өкіл жі­бе­ру­ші­ге қайта­рып бе­ру ке­рек. Өйтке­ні, не­гіз­гі өкіл жі­бе­ру­ші өкі­лі­нің өкі­лі­не қа­жы­лық­қа ба­ру­ға рұқ­сат бер­ген жоқ. Бі­рақ не­гіз­гі өкіл жі­бе­ру­ші адам өкі­лі­не бас­қа бі­реуді ор­ны­ңа жі­бер­сең бо­ла­ды не­ме­се «қа­ла­ға­ның­ды іс­те» деп кең­дік жа­сап, рұқ­сат бе­ріп жат­са, бас­қа бі­реуді ор­ны­на жі­бе­руіне бо­ла­ды.
  7. Өкіл ре­тін­де жі­бе­ріл­ген адам өзін жі­бер­ген адам­ның тап­сыр­ма­ла­рын бұл­жыт­пай орын­дауы ке­рек. Мы­сал­ға, жі­бер­ген адам өкіл­ден «иф­рад» қа­жы­лы­ғын жа­сауды та­лап ет­се, өкіл «иф­рад» қа­жы­лы­ғын жа­са­май «тә­мат­туғ» қа­жы­лы­ғын жа­са­са, өкіл ре­тін­де жі­бе­ріл­ген адам өзі­нің ор­ны­на қа­жы­лық жа­са­ған бо­ла­ды. Бұн­дай жағ­дайда өкіл ре­тін­де жі­бе­ріл­ген адам ал­ған қа­жы­лық қар­жы­ла­рын иесі­не қайта­рып бе­руі ке­рек.

Өкіл жі­бе­ру­ші адам өкі­лі­не қа­жы­лық­тың қай тү­рін орын­дауын та­ғайын­дап тап­сыр­май, қа­жы­лық жасауын та­лап ет­кен жағ­дайда, иф­рад қа­жы­лы­ғы орын­да­луы ке­рек. Ал егер «қа­ла­ған қа­жы­лық тү­рін жа­са» деп өкі­лі­не кең ау­қым­ды рұқсат бер­се, қа­ла­ған қа­жы­лы­ғын жа­сайды. Өкіл ре­тін­де жі­бе­ріл­ген адам жі­бе­ру­ші адам­ның ор­ны­на қа­жы­лық ғи­ба­да­тын орын­да­ған­нан кейін, өзі үшін ум­ра жасауына мүм­кін­ді­гі бар.



[1] Нәсаий, Хаж/7.

0 пікір