Ора­за­ның түр­ле­рі
Ора­за­ның түр­ле­рі
10 жыл бұрын 12473
Қайрат Жолдыбайұлы

Ора­за – па­рыз, уә­жіп, нә­піл жә­не мәк­рүһ бо­лып төр­тке бө­лі­не­ді.

 

Па­рыз ора­за

Па­рыз ора­за екі­ге бө­лі­не­ді:

  1. Та­ғайын­дал­ған ора­за: Ра­ма­зан ора­за­сы.
  2. Та­ғайын­дал­ма­ған ора­за: Қа­за­ға қал­ған ора­за мен «кәф­фа­рат» ре­тін­де ұс­тал­ған ора­за­лар.

 

Уә­жіп ора­за

Бұл да екі­ге бө­лі­не­ді. Атау (нә­зір) ора­за­сы сияқ­ты. Бел­гі­лі бір уа­қыт­та тұ­та­мын деп, уа­қыт бел­гі­леп тұт­қан ора­за – та­ғайын­дал­ған уә­жіп ора­за. Нақ­ты уа­қыт бел­гі­ле­мей кез кел­ген бір кү­ні не­ме­се айда тұ­та­мын деп ата­ған ора­за – та­ғайын­дал­ма­ған уә­жіп ора­за.

 

Нә­піл ора­за

Бұл – сүн­нет, мұс­та­хап, мән­дүп бо­лып үш­ке бө­лі­не­ді.

Нә­піл ора­за­лар мы­на күн­дер­де ұс­та­ла­ды:

 

Күнара тұ­ту

Бұл ең жақ­сы ора­за. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Ең сауап­ты ора­за – Дәуід­тің (а.с.) ұс­та­ған ора­за­сы. Дәуід бір күн ора­за ұс­тап, бір күн ұс­та­май­тын». Аб­дул­лаһ ибн Омар «Мен одан да көп ұс­тай ала­мын», – де­ген кез­де Аллаһ Ел­ші­сі: «Бұ­дан жақ­сы­сы жоқ», – деп жауап қай­тар­ды281.

 

 

Әр айда үш күн ора­за ұс­тау

Әр ай­дың он үшін­ші, он төр­тін­ші, он бе­сін­ші кү­ні ора­за ұс­тау – мұс­та­хап. Әбу Зәр­дың риуаяты бойын­ша, Аллаһ Ел­ші­сі (с.а.у.) бы­лай дейді: «Әр айда үш күн ора­за ұс­та­ғың кел­се, ай­дың 13, 14, 15-ші күн­де­рін­де ұс­та»282.

 

Әр ап­та­ның дүй­сен­бі, бей­сен­бі күн­де­рі

ора­за ұс­тау

Уса­ма ибн Зәйд­тің риуаят етуі бойын­ша, Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) дүй­сен­бі жә­не бей­сен­бі күн­де­рі ора­за ұс­тай­тын. Одан «Не­ге бұл күн­де­рі ұс­тай­сыз?» деп сұ­ра­ған­да: «Адам­дар­дың іс­те­рі Аллаһ­қа дүй­сен­бі мен бей­сен­бі күн­де­рі тап­сы­ры­ла­ды», – де­ді. Бас­қа бір риуаят­та «Ұлы Раб­бы­ма ме­нің іс­те­рім­нің ора­за ұс­та­ған ке­зім­де ұсы­ны­луын қа­лай­мын», – де­ген қо­сым­ша сө­зі бар²283.

 

Шәууәл айын­да ал­ты күн

ора­за ұс­тау

Бұл ора­за­ны сол ай­дың ішін­де кез кел­ген кү­ні үз­бей бі­рі­нен кейін бі­рін не­ме­се үзіп-үзіп ұс­тауға бо­ла­ды. Бі­рақ айт­тың ар­тын­ша ке­зек­пен де­реу бә­рін ұс­та­ған аб­зал. Қа­за, атау, т.б. ора­за­ны осы күн­дер­де ұс­та­са дәл сол сауап­ты ала ала­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Кім­де-кім Ра­ма­зан­ды ора­за­мен өт­кі­зіп, бұ­дан кейін­гі шәууәл айын­да ал­ты күн ора­за ұс­та­са, жыл бойы ора­за ұс­та­ған­мен бір­дей284.

 

Ара­фа кү­нін­де ора­за ұс­тау

Қа­жы­лық­та бол­ма­ған адам­ның Зил­хиж­жа­ның то­ғы­зын­шы кү­нін­де ора­за ұс­тауы – мұс­та­хап. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Ара­фа кү­ні ұс­тал­ған ора­за­ның бұ­рын­ғы жә­не ке­ле­шек­те­гі бір жыл­дық кү­нә­лар­дан арыл­та­ты­ны Аллаһ­тан үміт етіл­ген285.

 

Му­хар­рам айы­ның то­ғы­зын­шы, онын­шы
(ашу­ра) жә­не он бі­рін­ші күн­де­рі ора­за
ұс­тау мұс­та­хап не­ме­се сүн­нет

Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) Мә­ди­на­ға кел­ген кез­де яһу­ди­лер­дің (ев­рей) ашу­ра кү­ні ора­за ұс­та­ға­нын кө­ріп, «Бұл қан­дай ора­за?», – деп сұ­ра­ды. Оған: «Бұл – ұлы күн. Аллаһ бұл кү­ні Мұ­са мен Ис­райл ұр­па­ғын дұш­пан­дар­дан құт­қар­ған. Сон­дық­тан осы кү­ні Мұ­са ора­за ұс­тай­тын» – деп жауап қай­тар­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) сон­да: «Мен Мұ­са­ға сен­дер­­ге қа­ра­ған­да әл­де­қайда жа­қын­мын», – де­ді де, осы кү­ні ора­за ұс­тауды әмір ет­ті286.

 

Ха­рам ай­лар­да ора­за ұс­тау

Зил­қағ­да, Зил­хиж­жа, Му­хар­рам жә­не Рә­жап айла­ры­ның бей­сен­бі, жұ­ма, сен­бі күн­де­рі ора­за ұс­тау – мән­дүп.

 

Шағ­бан айын­да ора­за ұс­тау

Ха­зі­ре­ті Айша бы­лай дейді: «Аллаһ Ел­ші­сі Шағ­бан айын­да ұс­та­ған­дай Ра­ма­зан­нан бас­қа еш­қан­дай айда ора­за ұс­та­май­тын. Ол Шағ­бан айы­ның бә­рін ора­за­мен өт­кі­зе­тін»287.

 

Мәк­рүһ ора­за­лар

Мәк­рүһ ора­за­лар «тах­ри­ман» жә­не «тән­зи­һан» мәк­рүһ бо­лып екі­ге бө­лі­не­ді.

  1. Тах­ри­ман мәк­рүһ ора­за. Ра­ма­зан айты­ның бі­рін­ші кү­ні мен құр­бан айты­ның төрт кү­нін­де ұс­тал­ған ора­за­лар тах­ри­ман мәк­рүһ. Өйтке­ні, ол күн­дер – Аллаһ­тың біз­ге ұсын­ған сый-сыя­пат­ты, қуа­ныш­ты күн­де­рі. Бұл күн­де­рі ора­за ұс­та­ған адам кү­нә­кар бо­лу­мен қа­тар ора­за­сы жа­рам­ды. Мұн­дай ора­за бұ­зыл­са, қа­за­сы өтел­мейді.
  2. Тән­зи­һан мәк­рүһ. Тек қа­на ашу­ра кү­ні ора­за ұс­тау, жұ­ма кү­ні ға­на ора­за ұс­тау жә­не сен­бі кү­ні ға­на ора­за ұс­тау, нау­рыз күн­де­рін­де ора­за ұс­тау – тән­зи­һан мәк­рүһ. Бі­рақ әдет етіп, ұс­тап жүр­ген ора­за­сы сол күн­ге сәй­кес кел­се, еш­те­ңе ет­пейді. Жұ­ма кү­ні жайлы Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Түн­дер ара­сын­да тек қа­на жұ­ма тү­нін ғи­ба­дат­қа бөл­мең­дер. Бі­рақ кім­де-кім әдет етіп ұс­тап жүр­ген ора­за­сы сол күн­ге сәй­кес кел­се, бұ­дан тыс нәр­се288. Екі күн қа­та­ры­нан ауыз аш­пай ора­за ұс­тау да мәк­рүһ. Бұл – уи­сал ора­за­сы. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) үм­бе­ті­не жа­ны ашы­ға­ны үшін бұ­лайша ора­за ұс­тауға тыйым сал­ған. «Сен осы­лай ора­за ұс­тай­сың ғой» деп, сұ­ра­ған­дар­ға Ол: «Мен сен­дер се­кіл­ді емес­пін. Ме­ні Раб­бым ішіп-же­гі­зе­ді», – дейді289. Кү­мән­ді кү­ні де ора­за ұс­тау – мәк­рүһ. Яғ­ни, Шағ­бан айы­ның оты­зын­шы кү­нін Ра­ма­зан кү­ні ме, әл­де Шағ­бан айы ма деп ас­пан бұлт бол­ған­дық­тан кү­мән пайда бол­са, бұл күн «кү­мән­ді күн» деп ата­ла­ды. Бұл кү­ні ора­за ұс­тау – мәк­рүһ. Тіп­ті екі күн бұ­рын да ора­за ұс­тау – мәк­рүһ. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Ра­ма­зан­ды бір не­ме­се екі күн бұ­рын ора­за­мен қар­сы ал­маң­дар. Бі­рақ кім­де-кім әде­ті бол­ға­ны үшін ұс­та­са (ұс­тап жүр­ген ора­за­сы осы күн­ге сей­кес ке­ліп қал­са) ұс­та­сын290. Кім­де-кім осы кү­мән­ді күн­ді ра­ма­зан ора­за­сы­нан деп ұс­та­са, ұс­та­ған ора­за­сы мәк­рүһ бо­лу­мен қа­тар, кейін­нен бұл күн­нің Ра­ма­зан кү­ні еке­ні анық­тал­ған жағ­дайда, бұл ора­за – Ра­ма­зан ора­за­сы са­на­ла­ды. Әйел­дің күйеуі­нен рұқ­сат ал­май нә­піл ора­за ұс­тауы – мәк­рүһ. Ері оған бұз­ғы­за ала­ды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Ері жа­нын­да бо­ла тұ­рып, рұқ­сат­сыз ора­за ұс­та­ған әйел­дің ора­за­сы адал бол­майды»291. Қа­жы­лар­дың әл­сі­реп қа­лу­ла­ры ық­ти­мал бол­ған­дық­тан «тәруия» жә­не ара­фа кү­ні ора­за ұс­таула­ры – мәк­рүһ. Хайыз не­ме­се ни­фас ке­зін­де­гі әйел­дің ора­за ұс­тауы ха­рам бо­лып, ора­за­сы іс­ке ас­пайды. Қа­за­сын өтейді.


281 Муслим, Сиам, 192.

282 Бухари, Әнбия, 377.

283 Әбу Дәәуд, Саум, 60.

284 Ибн Мажә, Сиам, 33.

285 Ахмед ибн Ханбәл, V, 196.

286 Бухари, Саум, 69.

287 Муслим, Салат, 176.

288 әш-Шәукани,ІV, 249.

289 Бухари, Саум,49.

290 Бухари, Саум,5-14.

291 Бухари, Никах, 84-85.

0 пікір