Ора­за­ның пайда­ла­ры
Ора­за­ның пайда­ла­ры
10 жыл бұрын 3876
Қайрат Жолдыбайұлы

1. Ра­ма­зан мен айт мейра­мы

«Ра­ма­зан ке­лер­де сан­сыз се­зім­дер мен то­лып та­сы­ған ой­лар сал­та­нат құ­ра­ды. Күн мен түн де тұ­тас­тай ила­һи (құ­дай­лық) ра­қым­ды­лық пен ке­ші­рім­ді­лік­ке то­лып та­са­ды. Мез­гі­лі біт­кен сәт­те жү­рек­тер­ге өзі­не де­ген қи­мас се­зім мен са­ғы­ныш-са­зы тұ­на­ды. Бі­рақ сол бір жү­рек­те­рі ра­ма­зан­ға ай­нал­ған жан­дар­ды жа­сыт­пай, олар­ды іші құт-бе­ре­ке мен қуа­ныш-шат­тық тол­ған айт кү­ні­не ама­нат­тайды. Ра­ма­зан­нан кейін айт­тың ке­луі біз үшін то­сын оқи­ға бол­ма­са да, бейне бір жа­ңа ат­қан таң­дай жан-са­райы­мыз­ды нұр­ға бө­леп, са­на­мыз­ды сәуле­сі­мен қы­тық­тап, көк­жиек­тен кө­рі­не­ді. Кейде ол бейне бір тол­ған ай­дай кө­гі­міз­ге кө­те­рі­ліп жа­на­ры­мыз бен кө­ңіл-кө­лі­міз­ге сәуле­сін тү­сі­ріп адам жа­нын тәт­ті ар­ман­дар­ға же­те­леп, бойда­ғы ас­қақ се­зім­дер­ді оята­ды. Ра­ма­зан­мен ыс­тық ықы­лас құр­ған адам ба­ла­сы айтты ила­һи ша­ра­пат­тан тө­гіл­ген си­қыр­лы уа­қыт се­зі­ніп, оның те­рең тыл­сым-сы­рын аң­ға­ра­ды. Оның ила­һи тар­тым­ды­лы­ғы мен си­қы­ры­на мал­тып, уа­қыт­ша бол­са да, ра­ма­зан­нан айры­лыс­қан қа­сі­рет се­зі­мі­нен же­ңіл­де­ге­нін се­зі­ніп, алып ра­қым айы­ның қош­та­суы мен те­рең ша­ра­пат кү­ні­нің мейра­мын бір­ге тар­та­ды.

Біз айтты әр­қа­шан тез туып, бір сәт­те тө­бе­міз­ге кө­те­рі­ліп, бейне бір көз­ді ашып-жұм­ған жыл­дам­дық­пен өмі­рін аяқ­тап ба­ту­ға таян­ған тол­ған ай­дай се­зі­не­міз. Әп-сәт­те ке­ліп, әп-сәт­те ке­тіп, са­ғы­ны­шы­мыз­ды ой-са­на­мыз­да қал­ған су­рет­тер­мен оңа­ша қал­ды­ра­ды. Қыс­қа уа­қыт аясы­на сыйып кет­кен айт­тың аса бай әрі ас­там жо­мар­тты­ғы сон­ша – он­да ап­та мен ай­лар­дың жа­сы­рын екен­ді­гін айту әсі­ре айт­қан­дық емес. Ол қа­шан да көк­тен ой-са­на­мыз­ға бейне бір шы­рақ­тай жа­ғы­лып, кө­ңіл-кө­гі­міз­ге шат­тық-өзе­ні бо­лып құйыла­ды. Кө­кі­рек-кө­зі ашық жан­дар­дың да жа­на­ры­ның ру­ха­ни жа­ры­ғы жарқ етіп, өзі­не тар­тып, ра­ма­зан­мен қи­май қош­тас­қан­дар­ға көк­тер­дің бей­біт-нұ­рын ұсы­на­ды. Осы­лайша жал­пы бә­рі­не жү­ре­гі­нің те­рең­ді­гі­не қа­рай, ру­ха­ни әлем­нің әсем­дік­те­рін жет­кі­зе­ді.

Айт – дү­ние мен ақы­рет­ке тән әсем­дік­тер­дің бір-бі­рі­мен ете­не ара­ла­сып, адам­дар­дың ра­ма­зан бойы әр түр­лі ғи­ба­дат­тар ар­қы­лы бейне бір пе­ріш­те­ге айна­лып, пе­ріш­те­лер де осы ұқ­сас­тық­қа бет бұ­рып, сол бір ру­хы саф жан­дар ара­сын­да сай­ран­дап, айна­ла ила­һи әсем­дік пен сұ­лу­лық­қа ора­нып, осы­нау ға­жайып тыл­сым дү­ниені көр­ген­дер, өз­де­рін оян­ғы­сы кел­мей­тін түс әле­мін­де деп ой­лайты­нын айту­ға тіл жет­пес күн.

Осы мү­бә­рак күн­де ра­ма­зан жеткен бар­лық жер-жү­зі пе­ріш­те­лер мен ру­ха­ни жан­дар­дың көк­те­гі тыл­сым әле­мін­дей кө­рі­ніп, шат­тық­қа бө­лен­ген ру­ха­ни ға­ла­мат­қа тең бір си­қыр­лы­лық­қа ора­на­ды. Сол сәт­тен қа­сиет­ті айт мұ­сыл­ман­дар­ды өзі­не бау­рап алып, олар­ды жү­рек пен ру­ха­ни өмі­рі­нің тұң­ғиығы­на қа­рай тар­та­ды. Олар­ға ай мен күн тіп­ті құс жо­лын қам­ти ала­тын ке­ңіс­тік дайын­дап, «құ­пия қа­зы­на­ға» жап-жа­рық айна бо­лу жол­да­рын көр­се­те­ді... Кө­ңіл­де­рі ала­бұр­тып, алып ұш­қан әр­кім өз дә­ре­же­сі­не қа­рай айт­тың көр­сет­кен жол­да­ры­мен ұшу­ға даяр құс­тай бо­ла қа­ла­ды. Тыл­сым сыр­дың есі­гі ашы­ла кет­кен­дей қа­нат­та­рын та­ғат­сыз қа­ға­ды. Ақы­рын­да ұша жө­не­ліп, жет­кен яки же­те­тін шың­дар­дың ас­қақ­ты­ғын кө­ріп, та­ма­ша­лап, тұ­ла бойы нұр­ға ма­лы­на­ды да, осы дү­ние кү­нін бейне бір жән­нат за­ма­ны­на ай­нал­ды­ра­ды. Иә, олар ға­жайып күйге еніп, әр­бір зат­тан Хақ­қа тиіс әсем­дік пен сұ­лу­лық­ты кө­ріп, та­ма­ша­лап, ақ­пай тоқ­тап қал­ған за­ман­ның ті­лі­мен ең әде­би хұт­па-жыр­лар оқи­ды. Оған бар­лық ме­кен­дер­ден, айт­тың нұ­ры­мен боял­ған саф, ға­жайып си­қыр­лы әуен қо­сы­ла­ды. Егер айт­тың жаз­ған осы бір әуені мен айт әле­мін­де­гі адам­дар­дың жү­рек-са­райы­нан тө­гіл­ген жыр­ла­рын қа­ғаз­ға тө­гу мүм­кін бол­са, ең ға­жап әуен мен аса ма­ғы­на­лы өлең де мұ­ның жа­нын­да күз­де тө­гіл­ген сап-са­ры жа­пы­рақ­тай бо­лып қа­лар еді деп ой­лай­мын.

Кейде айт­тың ке­луі­мен, кө­кі­рек кө­зі ояу жан­дар­ды Ұлы Жа­ра­ту­шы жақ­тан ес­кен «ила­һи са­мал» бау­рап ала­ды. Сол сәт­те олар жай адам­дар­дың та­ма­ша ет­кен әле­мі­нің ар­ғы жа­ғын көр­ген­дей ға­жайып күйге еніп, бейне бір екі әлем­нің ор­та­сын­да тұр­ған­дай се­зі­не­ді. Та­қуа­лық­тан жү­рек­те­рі ді­ріл қа­ғып, өз­де­рін «үміт пен үрей» аясы­нан та­ба­ды. Кейде адам айтта бар­лық нәр­се­ні бол­мы­сы­нан бас­қа­ша се­зі­ніп, өз­ге­ше ба­ға­лайды. Тіп­ті ол өзін баура­ған кей­бір се­зім иі­рім­де­рі ар­қы­лы көк­тер мен жер­ді бір-бі­рі­мен бі­рі­гіп кет­кен­дей кө­ріп, жер­ден ұзап, көк­ке ұшып, пе­ріш­те­лер­дің ара­сы­на кі­ріп, олар­дың әле­мін­де жүр­ген­дей се­зі­ніп, ашы­лып, ке­ңейіп «ме­кен­сіз» күй ке­ше­ді. Сон­да ол өзін бейне бір түп­сіз те­рең­дік­ке бой­лап, шек­сіз­дік­ке жет­кен­дей се­зі­не­ді.

Айтта се­зім­дер өте жұм­сап, адам жа­ны қат­ты же­ңіл­дейді де, ақыл мен жү­рек бір-бі­рі­мен қо­сы­лып ке­те­ді. Адам кейде осы бір дең­гейде­гі өз­ге­ріс­тер­ге қа­рап, қат­ты таң­да­на­ды. Бәл­кім, сол сәт­те ол адам­дық құн­ды­лық­тар­ды ес­ке тү­сір­ге­ні үшін айт­тың қайта-қайта ке­луін қа­лай­тын да шы­ғар...

Иә, айтты бар­лық иман­ды жан­дар іш­тей се­зі­не­ді. Біз­дің өл­ке­міз­ге аса нә­зік, аса сүй­кім­ді, аса тәт­ті бо­лып ке­ле­ді. Мың­да­ған жыл­дан бе­рі қа­дір­лі қо­нақ­тай ке­ліп, құт-бе­ре­ке­сін ша­шып, мейі­рім-ша­па­ға­ты­мен құ­шақ­та­ған айтты қа­шан да үйі­міз­де, ме­шіт, мі­нә­жат­ха­на мен кө­ше­лер­де кө­ріп кел­ген сәт­те-ақ құ­ша­ғы­мыз­ды ашып тұ­ра жү­гі­ре­міз. Иә, айт әр кел­ге­нін­де са­на-се­зі­мі­міз­ге қат­ты әсер етіп, өзі­міз­ді құ­ша­ғын­датұр­ған­дай се­зі­не­міз. Сон­да біз оны бейне бір аң­қы­ған жұ­пар иіс, тіл мен та­ма­ғы­мыз­да­ғы ләз­зат, жү­рек­те се­зіл­ген тәт­ті­лік, ой-өрі­сіміз­ге жа­ңа ат­қан таң­дай се­зі­не ке­те­міз. Ол да күн­нің әр са­ға­тын­да біз­ге тіл­мен жет­кі­зе ал­май­тын ға­жайып әуе­нін ша­рық­та­тып ала жө­не­ліп, айна­ла­сын бау­рап алып, бә­рі­міз­ді өзі­нің ақы­рет­тік ба­ғы­на қа­рай тар­та­ды. Ой-са­на мен қиял-әле­мі­міз­ді ға­ла­мат су­рет­тер­мен бе­зен­ді­ре­ді. Бір кү­ні алыс­тап кет­се де, ой-са­на­мыз­да әсем түс­тер­дей сол бір су­рет­тер сақ­та­лып қа­ла бе­ре­ді...».

 

2. Ора­за жа­ман­дық­тан сақ­тайды

Ора­за адам жа­нын та­зар­тып, жа­ман қы­лық­тар­дан сақ­тайды. Құ­ран­да Аллаһ Та­ға­ла бы­лай дейді. «Ей, иман ет­кен­дер! Кү­нә­лар­дан сақ­та­нып, та­қуа­лық­қа же­ту­ле­рің үшін сен­дер­ге бұ­рын­ғы­лар­ға па­рыз етіл­ген­дей ора­за па­рыз етіл­ді»280 .

Бұл аят­та ай­тыл­ған­дай ора­за­ның мақ­са­ты– мұ­сыл­ман­ды та­зар­тып, та­қуа­лық дә­ре­же­ге жет­кі­зу. Бі­рақ та­қуа­лық де­ген не өзі? Осы­ны әуелі ұғы­нып, тұ­шы­нып алайық. Та­қуа дегеніміз – сақ­та­ну, қор­қу, сиыну, Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның қор­ға­ны­на кі­ру. Та­қуа­лық­тың үш дә­ре­же­сі бар:

Мәң­гі­лік өлім­нен сақ­та­ну. Яғ­ни, өзін жа­рат­қан Аллаһ Та­ға­ла­ға се­ну, иман ету. Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға иман ет­пе­ген адам­ның ба­сы­на бақ, қо­лы­на құс қон­ған­мен қа­шан да жан-са­райы қа­раң­ғы бол­мақ. Өйтке­ні, ер­тең­гі күн өлім­ге ба­сы ті­гіл­ге­лі тұр­ған жан­ның бү­гін­гі тат­қан ба­лы да у бо­лып ке­ле­ді. Ен­де­ше, бү­гі­ні жоқ­тың ер­те­ңі де жоқ. Алайда, ті­лін кә­ли­ма­ға кел­ті­ріп, Аллаһ Та­ға­ла­ға иман етіп, мойынсұн­ған жан мәң­гі­лік жа­һан­нам оты­нан құ­ты­лып, мәң­гі­лік ба­қыт­ты­лық са­райы жән­нат­қа қа­рай қа­дам ба­са­ды. Яғ­ни, иман ет­кен өзін мәң­гі­лік өлім­ге де­ген со­қыр-се­нім мен кү­пір­лік­тен сақ­тайды.

Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға қар­сы ке­лу­ден сақ­та­ну. Аллаһ Та­ға­ла­ның көп­те­ген бұй­рық­та­ры бар. Осы әмір­лер­ді орын­дау – па­рыз. Жә­не Оның көп­те­ген тыйым­да­ры да бар. Олар­дан алыс тұ­ру – па­рыз. Оның тыйым сал­ған­да­ры­на қол жүгірту – Оған қар­сы ке­лу де­ген сөз.

Ті­ке­лей Аллаһ Та­ға­ла­ның қор­ға­ны­на кі­ріп, Одан өз­ге­ні жү­рек­ке ал­мау.

Ен­де­ше, та­қуа­лық – иман­ды, көр­кем мі­нез­ді, па­ра­сат­ты жан бо­лып, Аллаһ Та­ға­ла­ға мойынсұ­нып, «то­лық адам» шы­ңы­на қа­рай «нұр­лы ақыл­ды» шы­рақ, «жы­лы жү­рек­ті» пы­рақ етіп, ыж­да­һат­ты­лық­пен қа­дам ба­сып қай­рат­та­ну. Де­мек, ора­за­ның мақ­са­ты – жан­ды ру­ха­ни кір­ден та­зар­тып, көр­кем мі­нез­ге тәр­биелеу, нәп­сі­ге ауыз­дық са­лып, тіз­гін­ді қол­ға алу. Аса ой­шыл Ибн Рушд бы­лай дейді: «Егер кім­де-кім ер­кі мен нәп­сі­сі­не ие бол­са, он­да ол өзін әлем­нің ең ба­қыт­ты ада­мы­мын деп са­на­сын».

Бі­рақ ора­за, аузы бе­рік жан­ды та­қуа­лық-тауына қа­лай жет­кі­зе­ді? Жал­пы адам ба­ла­сы­ның то­лық адам шы­ңы­на же­туі мен көр­кем мі­нез­ді бо­луы­ның не­гі­зі – нәп­сі­ге ие бо­луын­да жа­тыр. Нәп­сі – бойда­ғы құ­мар­лық се­зім. Ол өзі­не ұнамды ке­ле­тін бар­лық нәр­се­ге қол сұқ­қы­сы, тат­қы­сы ке­ле­ді. Оның өл­ше­мін­де шек жоқ. Бү­гі­нін, тіп­ті бір сәт­тік ләз­за­тын ер­те­ңі мен мәң­гі­лік ба­қы­ты­на айыр­бас­тап яки са­тып жі­бе­ру­ге қа­шан да құм­был тұ­ра­ды. Асы­лын­да, ол үшін ер­тең жоқ. Мі­не, осы кез­де ақыл рөл ой­най бас­тайды. Ақыл – жақ­сы мен жа­ман­дық­ты айыра бі­ле­тін адам­ның не­гіз­гі құ­ра­лы. Бі­рақ сол ақыл­дың да өл­ше­мі шек­теулі. Оның бү­гін­гі жақ­сы де­ге­ні ер­тең жа­ман, жа­ман де­ге­ні жақ­сы бо­луы әб­ден ық­ти­мал. Мі­не, осы кез­де ақыл­ға бү­гі­ні мен ер­те­ңін­де жа­ңы­лыс­пай­тын өл­шем қа­жет. Бұл – ила­һи өл­шем. Егер адам ба­ла­сы нәп­сі­сі­не ие бо­ла ал­ма­са, нәп­сі адам­ның ер­кін қа­ла­ған жа­ғы­на ба­ғыт­тай ала­ды. Кей кез­де ила­һи өл­шем­ді біл­ген ақыл­ды тұт­қын­дап тас­тап, ерік­сіз өзі­не мойынсұн­ды­рып тыйым сал­ған нәр­се­ге қол сұқ­ты­ра­ды. Сон­дық­тан ақыл жү­рек­пен бі­рі­гіп, Аллаһ Та­ға­ла­ның бұйры­ғын орын­дап ауыз бе­кі­те­ді. Нәп­сі­нің бар­лық күш-қуаты осы ауыз ар­қы­лы өте­ді. Нәп­сі қан­ша­ма ақыл мен ерік­ті ауыз ашу­ға қинаса да, ол екеуі Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның бұйры­ғы­нан аса ал­майды. Ашық­қан нәп­сі­нің құ­мар­лық се­зімі әл­сі­реп, дең­гейі тө­мен­деп ке­те­ді. Осы сәт­те адам бойына ру­ха­ни қар­қын жү­ре бас­тайды да, жү­рек­тің түп­кі­рін­де, нәп­сі­нің қал­та­ры­сын­да қал­ған ар-ож­дан күл­лі адам­гер­ші­лік се­зім­дер­ді оя­тып, ту­ра­лық­қа бас­тайды. Яғ­ни, не­гіз­гі рөл мен тіз­гін­ді ар-ож­дан қол­ға алып, адам жа­ны ру­ха­ни ләз­зат­қа шо­мы­ла бас­тайды. Бәл­кім, ол сон­да ға­на құ­мар­лық се­зім­дер­дің тат­қан ләз­за­ты­нан, ру­ха­ни се­зім­дер­дің ал­ған ләз­зат­та­ры әл­де­қайда ба­сым еке­нін аң­ға­рып, оның бұ­дан кейін­гі бар ар­ман-ті­ле­гі – то­лық адам шы­ңы бо­ла бас­тайды. То­лық адам шы­ңы – адам­ның Ұлы Жа­ра­ту­шы мі­не­зі­не ұқ­сауы. Яғ­ни, ра­қым­ды, мейі­рім­ді, ке­ші­рім­ді бо­лу се­кіл­ді. Мі­не, ора­за­ның осын­дай хик­мет­те­рі бар.

Нәп­сі­ні тәр­бие­леп, жол­ға са­лу­да аш­тық пен шөл өте үл­кен рөл ой­найды. Бі­рақ бұл Аллаһ Та­ға­ла үшін бо­луы ке­рек. Кі­сі өз­ді­гі­нен аш қа­лып, діт­те­ген мақ­са­ты­на же­те ал­майды. Өйтке­ні, ора­за – Аллаһ Та­ға­ла­ға жа­са­ла­тын ғи­ба­дат. То­лық адам бо­лу жо­лын­да­ғы бар­лық қа­дам Ұлы Жа­ра­ту­шы үшін ар­на­луы ке­рек. Қа­сиет­ті (қуд­си) ха­дис­те Аллаһ Та­ға­ла: «Аузы бе­рік адам ішіп-жеуін мен үшін до­ғар­ды. Ора­за – Ме­ні мен құ­лым­ның ара­сын­да­ғы ғи­ба­дат. Оған бе­рі­ле­тін сыйды Мен ға­на өл­шеп, Мен бе­ре­мін. Аузы бе­рік құ­лым­ның аш­тық пен су­са­ған­дық­тан шық­қан ауыз исі мен үшін миск әті­рі­нен де та­ма­ша», – дейді.

 

3. Қо­ғам­дық пайда­сы

Ора­за­ның аузы бе­рік адам­ға ға­на емес, со­ны­мен қа­тар қо­ғам­дық пайда­ла­ры бар. Ора­за – ел­де­гі дәу­лет­ті адам мен жоқ-жі­тік ара­сын­да байла­ныс жа­сайды. Кө­бі­не­се ау­қат­ты адам жа­сы­нан өмір­дің ауыр тір­ші­лі­гін кө­ріп, тауқы­ме­тін ар­қа­ла­май өс­кен­дік­тен, жа­на­шыр­лық се­зім­нен мақұ­рым қа­ла­ды. Қа­зақ «аш ба­ла тоқ ба­ла­мен ойна­майды, тоқ ба­ла аш бо­лам деп ойла­майды» деп дәл тауып айт­қан.

Жа­рық­тық Абай ата­мыз­дың:

«Кә­рі қой еп­теп сой­ған бай­дың үйі,

Қай же­рін­де ке­дей­дің тұр­сын күйі?

Қа­ра қи­дан ор­та қап ұрыс­пай бер­се,

О да қыл­ған ке­дейге үл­кен сыйы.

Қар жауса да тоң­байды бай ба­ла­сы,

Үй жы­лы, киіз тұт­қан айна­ла­сы.

Бай ұлы­на жал­шы ұлы жа­лы­ныш­ты,

Ағып жү­ріп ойна­тар көз­дің жа­сы», – де­ге­нін­де үл­кен мән жат­қан жоқ па? Кейде адам бай­лық­қа бат­қан соң, айна­ла­сын ұмы­та бас­тайды. Бір­те-бір­те аң­ғал­дық­тың құ­ры­ғы­на тү­се­ді. Осы сәт­те оның өмір­ге де­ген көз­қа­ра­сы өз­ге­ре­ді. Нәп­сі­сі ат­тан са­лып, бойда­ғы жа­на­шыр­лық се­зі­мін тұн­шық­ты­рып тас­тайды. Дәу­лет­ті ада­мы осын­дай күй кеш­кен ел­ден бе­ре­кет ке­те­ді. Бір мем­ле­кет­те өмір сүр­се де, бай бас­қа әлем­де, тұр­мы­сы на­шар ха­лық бас­қа бір әлем­де жү­ре­ді. Мұн­дай қо­ғам ауыр дер­тке ду­шар бо­лып, ел­де жүйе бұ­зы­ла­ды. Ау­қат­ты адам­дар қол ас­тын­да­ғы жұ­мыс іс­те­ген адам­да­ры­на тө­бе­ден қа­райды. Алауыз­дық осын­дай­дан туады. Бай­лық­қа мас­тан­ған қа­шан да бас пайда­сын ой­лайды. Мұн­дай кі­сі ешуа­қыт­та жоқ-жі­тік­тің ха­лін ұға да, се­зе де ал­майды.

Адам ора­за ұс­тап, сә­ре­сі­ден кеш­ке дейін аш қал­ған­да ға­на айна­ла­сы­на бас­қа­ша қа­рай бас­тайды. Өйтке­ні, ауыз бе­кіт­кен ол кү­ні бойы аш қал­мақ. Аш адам­ның бойын­да та­сы­ған нәп­сі бір­те-бір­те әл­сі­рейді де, жү­рек­тің те­ре­ңін­де­гі мейі­рім-ша­па­ғат се­зі­мі ояна­ды. Ол сон­да ға­на аш­тық­тың қан­дай еке­нін аң­ға­ра­ды. Өзі­нің де жай ға­на пен­де еке­нін се­зі­не­ді. Ал оян­ған мейі­рім-ша­па­ғат жал­пы адам­зат­қа, тіп­ті әлем­ге де­ген сүйіс­пен­ші­лік­ті өзі­мен бір­ге ала ке­ле­ді. Сон­да әл­гі кі­сі адам тұр­мақ, жан-жа­нуар­ға да сүйс­пен­ші­лік­пен қа­рай бас­тайды. Ра­ма­зан айы­ның – ра­қым айы бо­луы­ның сы­ры да осын­да жа­тыр. Адам мен адам­ның, адам мен әлем­нің ара­сын­да дос­тық, ма­хаб­бат байла­ны­сы құ­ры­ла­ды. Мі­не, адам­ның бойын­да мейі­рім-ша­па­ғат туып, оны айна­ла­сы­на нұр­лы ша­шу етуі – Ұлы Жа­ра­ту­шы­ға ар­на­ған на­ғыз шү­кі­рі.

 

4. Ора­за ырыс-бе­ре­ке­нің қа­ді­рін біл­ді­ре­ді

Не­гі­зі адам ба­ла­сы өзі­не бе­ріл­ген нығ­мет пен ырыс-бе­ре­ке­нің қа­ді­рін бі­ле бер­мейді. Сый-сия­пат етіп бе­ріл­ген ырыс-бе­ре­ке­ні бейне бір те­гін дү­ние­дей тө­гіп-ша­ша­ды. Әр түр­лі тәт­ті та­ғам­дар­ды да бей­піл жей бер­ген соң, ауыз­дан дә­мі ке­тіп, бал бал бо­лу­дан қа­ла­ды. Мұн­дай күйге түс­кен кі­сі ешуа­қыт­та та­мақ­тың қа­ді­рін се­зе ал­майды. Ал адам ба­ла­сы ауыз бе­кі­тіп, кү­ні бойы аш жүргенде, та­ғам­ның Ұлы Жа­ра­ту­шы­ның құ­лы­на жай­ған дас­тар­қа­нын­да­ғы үл­кен ырыс-бе­ре­ке­сі еке­нін аң­ға­ра­ды. Ол кү­ні бойы аш қа­лып, кеш­құ­рым ауыз аш­қан­да, аузы­на сал­ған қат­қан нан­ның да қан­ша­лық­ты қа­дір­лі екен­ді­гін се­зе­ді. Атам қа­зақ «Аш­тық­та іш­кен ашы­ған қы­мы­ран­ның дә­мі қы­рық жыл ауыз­дан кет­пес» деуі­нің сы­ры осын­да жа­тыр. Тоқ адам­ның дәл со­лай се­зуі әс­те мүм­кін емес. Мұн­дай қо­ғам­ның эко­но­ми­ка­сы да оңай­лық­пен құл­ды­ра­майды. Аш­тық­ты көп көр­ген­дік­тен атам қа­зақ­тың нан­ды қат­ты қа­дір­лей­тін­дік­те­рі де со­дан. Иә, аш­тық­ты сез­бе­ген, мас­тық­тан айыға ал­мас.

 

5. Ора­за са­быр­лы­лық пен тө­зім­ді­лік­ке үйре­те­ді

Адам ба­ла­сы өмір­ге жы­лап ке­ліп, жы­лап ке­те­ді. Не­ге? Өйтке­ні, өт­кін­ші фә­ни­де діт­те­ген мақ­са­ты­на қо­лы же­те бер­мейді. Кейде жыл­дар бойы өз мақ­са­ты­на қа­рай қа­дам ба­са­ды да, ор­та жол­да бол­ды­рып, кү­де­рін үзе­ді. Кейде шы­да­мы таусы­лып, қо­лын бір-ақ сіл­тейді. Мі­не, ора­за жүй­рік пойыз­дай жүйткі­ген ғұ­мыр­да ас­қақ ар­ма­ны­на асық­қан адам­ның иығы­на са­быр­дан са­дақ аса­ды. Ай бойы аш қа­лып, күн­діз ау­зын аш­пауға бе­кі­ніп, әб­ден дағ­ды­лан­ған адам­ның бойын­да са­быр­лы­лық пен шы­дам­ды­лық се­зі­мі кү­шейіп, өр­кен жаяды. Аш­тық пен құ­мар­лық се­зім­ге са­быр қыл­ған, өз­ге­ге де са­быр ете ала­ды. Бойда­ғы ашу мен же­ңіл­ді­гі­не са­быр-тіз­гі­нін са­лып, жа­на­рын­да ойлы­лық пайда бо­ла бас­тайды. Бұл ғұ­мыр­да на­ғыз са­быр – өз нәп­сі­сін же­ңе бі­ліп, Аллаһ Та­ға­ла­ның ақ жо­лын­да жү­ру­ге бел байлау. Ақы­рет әле­мін­де­гі ас­қақ шың­нан көз айыр­мау. Ора­за­ға тө­зе біл­ген өз­ге ғи­ба­дат­тар­ға да шы­дам­ды­лық та­ны­та ала­ды. Са­быр­лы­лық кү­ші­не ие бол­ған жан ға­на, діт­те­ген мақ­са­ты­на же­те ала­ды. Құ­ран­да жет­піс­ке жуық аят­та са­быр ма­дақ­тал­ған. Мы­са­лы: «Аллаһ са­быр ет­кен­дер­мен бір­ге», – дейді. «Асыр» сү­ре­сін­де де Аллаһ Та­ға­ла: «За­ман­ға ант етейін. Шы­нын­да адам ба­ла­сы сөз­сіз қа­сі­рет­те. Бі­рақ иман етіп, із­гі іс іс­те­ген­дер, бір-бі­рі­не ақи­қат­ты ай­қын­дап, са­быр­лық­ты на­си­хат­та­ған­дар он­дай күйге ду­шар бол­майды», – деп баян ете­ді.

За­ма­ны­ның үл­кен ойшы­лы Имам Ға­за­ли ора­за­ның үш тү­рі бар екен­ді­гін айта­ды:

Жал­пы­ға тән ора­за. Яғ­ни, ішіп-жеу­ден, жы­ныс­тық қа­ты­нас­тан ау­лақ тұ­ру.

Аллаһ Та­ға­ла­ның ел­ден ерек құл­да­ры­на тән ора­за. Бұл – көз бен құ­ла­ғын, аяқ-қо­лы мен өз­ге де мү­ше­ле­рін кү­нә­дан сақ­тауы.

Аллаһ Та­ға­ла­ға жа­қын адам­дар­дың ора­за­сы. Жү­ре­гі мен ой-са­на әле­мі Аллаһ Та­ға­ла­дан өз­ге нәр­се­ден пәк болуы. Осы­лай ора­за ұс­та­ған­ға Аллаһ пен ақы­рет­тен өз­ге ой кел­се, ора­за­сы бұ­зы­ла­ды. Бі­рақ дін­нің байра­ғын жел­бі­ре­тіп, көк­ке қа­дау үшін дү­ниені ойла­са бо­ла­ды. Бұл – то­лық адам­ның бейне­сі.

280 Бақара,2/185.

0 пікір