Ора­за­ны бұз­бай­тын жағ­дай­лар
Ора­за­ны бұз­бай­тын жағ­дай­лар
10 жыл бұрын 4897
Қайрат Жолдыбайұлы

1.  Ұмы­тып ішіп-жеу не­ме­се біл­мей жы­ныс­тық қа­ты­нас­та бо­лу. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Аузы бе­рік адам ұмы­тып ішіп-же­се, ора­за­сын бұз­бай то­лық­тыр­сын. Өйтке­ні, оған же­гіз­ген де, іш­кіз­ген­де – Аллаһ».311 Бас­қа бір ха­дис­те: «Ра­ма­зан­да ұмы­тып ора­за­сын бұз­ған адам­ға қа­за да, кәф­фа­рат та ке­рек емес»312 – де­лін­ген. Ұмыт­қан адам есі­не түс­кен кез­де де­реу тоқ­та­туы ке­рек.

2.  Бір адам та­ңер­тең жү­ніп бо­лып тұр­са жә­не кеш­ке дейін де осы­лай жү­ніп күйін­де жүр­се, ора­за­сы бұ­зыл­майды. Бі­рақ, әл­бет­те, на­маз оқу үшін ғұ­сыл алу па­рыз. Аллаһ Құ­ран­да: «Егер жү­ніп бол­саң­дар, то­лық та­за­ла­ның­дар»313, – дейді.

3.  Қан ал­ды­ру не­ме­се сү­лік сал­ды­ру ора­за­ны бұз­байды. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) қа­жы­лық­та аузы бе­рік ке­зін­де қан ал­дыр­ған314.

4.  Құ­лақ­қа су кі­ру, бұ­лық ағу ора­за­ны бұз­байды.

5.  Көз­ге, құ­лақ­қа дә­рі та­мы­зу не­ме­се көз­ге сүр­ме жа­ғу ора­за­ны бұз­байды.

6.  Ми­суак ора­за­ны бұз­байды. Өйтке­ні, ми­суак қол­да­ну – сүн­нет. Тіп­ті тіс пас­та­сын қол­да­ну да ора­за­ны бұз­байды. Бі­рақ іш­ке ке­тіп қал­са бұ­зы­ла­ды. Ең аб­за­лы таң на­ма­зы кір­мей тұ­рып жуу.

7.  Тіс жұл­ды­ру ора­за­ға ке­дер­гі жа­са­майды. Бі­рақ жұл­дыр­ған уа­қыт­та ауыз­да­ғы қан­ды яки дә­рі­ні жұт­пау шарт.

8.  Ауыз бен мұ­рын­ға су алып шайқау ора­за­ны бұз­байды. Бі­рақ та­мақ­қа кет­пеуін қа­да­ға­лау қа­жет.

9.  Та­мақ­қа тү­тін не­ме­се то­пы­рақ, шаң, ұн­ның то­за­ңы, қар­дың ұш­қы­ны, жауын­ның там­шы­ла­ры ерік­сіз кір­се, ора­за­ға зиян бер­мейді. Бі­рақ бұ­лар­ды әдейі іші­не тар­тса, ора­за бұ­зы­ла­ды.

10.  Тү­кі­рік не­ме­се мұ­рын­ды тар­ту ар­қы­лы бір нәр­се та­мақ­қа кет­се, ора­за бұ­зыл­майды.

11.  Тіс­тер­дің ара­сын­да қал­ған та­мақ қал­дық­та­ры но­қат­тан кіш­ке­не бол­са, оны жұ­ту ора­за­ны бұз­байды. Гүл, әтір се­кіл­ді жақ­сы иіс­тер­ді иіс­кеу ора­за­ға зиян бер­мейді.

12.  Ерік­сіз құ­су (ауыз то­лы құ­сық бол­са да) ора­за­ға ке­дер­гі жа­са­майды. Жә­не оның ерік­сіз іш­ке қайта ке­туі де.

13.  Сал­қын­дау үшін жуыну, жү­зу не­ме­се ыл­ғал­ды бір көй­лек кию ора­за­ны бұз­байды. Бі­рақ су жұт­пас­тан су­ға ба­тып жү­зу қиын бол­ған­дық­тан түс­пеу аб­зал.



311 Муслим, Сиям, 171.

312 Ибн Мажә, Сиям, 15.

313 Маида, 5/6.

314 Бухари, Тыбб, 11.

0 пікір