Ора­за ұс­та­ған­дар үшін мұс­та­хап нәр­се­лер
Ора­за ұс­та­ған­дар үшін мұс­та­хап нәр­се­лер
10 жыл бұрын 3851
Қайрат Жолдыбайұлы

Ора­за ұс­та­ған­дар­ға мы­на нәр­се­лер­ді жа­сау – мұс­та­хап.

  1. Бір жұ­тым су да бол­са сә­ре­сі­де тұ­рып, ішіп-жеу. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бұл тұр­ғы­да: «Сә­ре­сі­ге тұ­рың­дар. Өйтке­ні, сә­ре­нің та­ма­ғын­да бе­ре­кет бар»299. Бас­қа бір ха­ди­сін­де: «Сә­ре­сі та­ма­ғы бе­ре­кет. Бір жұ­тым су да бол­са, оны тас­та­маң­дар. Өйтке­ні, Аллаһ сә­ре­сі­де та­мақ­тан­ған­дар­ға ра­қым­ды­лық етіп, пе­ріш­те­ле­рі де олар үшін ке­ші­рім ті­лейді»,300 – дейді.

Екін­ші ша­пақ ат­қан­ға дейін сә­ре­сі­ні ке­шік­ті­ру де – мұс­та­хап. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) «Үм­бе­тім ауыз ашар­да асы­ғып, сә­ре­сі­ні ке­шік­тір­ген уа­қыт­та әр­қа­шан жақ­сы­лық­та»,301 – де­ген.

  1. Ауыз­ды ақ­шам на­ма­зы­нан бұ­рын ашу. На­маз­да адам­ның кө­ңі­лі ауыз ашу­ға ауып тұ­ра­тын­дық­тан, ауыз ашу­ға асы­ғу – мұс­та­хап. Бұ­ған жо­ға­ры­да ай­тыл­ған ха­дис куә. Со­ны­мен қа­тар, ауыз­ды құр­ма не­ме­се су­мен ашу – сүн­нет. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) осы­лай аш­қан.
  2. Ауыз ашар­да мы­на дұ­ға­ны оқу – сүн­нет:

 للَّهُمَّ لَكَ صُمْتُ وَ بِكَ آمَنْتُ وَ عَلَيْكَ تَوَكَّلْتُ وَ على رِزْقِكَ اَفْطَرْتُ وَ صَوْمَ الْغَدِ مِنْ ِ رَمَضانَ نَوَيْتُ فاغْفِرْ لِي ما قَدَّمْتُ وَ ما اَخَّرْتُ}

 

 Оқылуы: «Аллаһум­мә лә­кә сум­ту уә би­кә әә­мән­ту уә 'аләйкә тәуәк­кәл­ту уә 'ала риз­қи­кә әф­тар­ту уә сау­мәл-ға­ди мин шәһ­ри Ра­ма­да­на нәуәйту, фәғ­фир­лии мәә қад­дам­ту уә мәә ах­хар­ту». «Аллаһым! Се­нің ри­за­лы­ғың үшін ора­за ұс­та­дым. Се­нің бер­ген ри­зы­ғың­мен ау­зым­ды аш­тым. Са­ған иман етіп, са­ған тәуе­кел жа­са­дым. Ра­ма­зан айы­ның ер­тең­гі кү­ні­не де ауыз бе­кі­ту­ге ниет ет­тім. Сен ме­нің өт­кен жә­не ке­ле­шек кү­нә­ла­рым­ды ке­шір».

4. Аузы бе­рік жан­дар­мен бір­ге ауыз ашу жә­не жоқ-жі­тік­тер мен ке­дей­лер­ге қол ұшын бе­ру – мұс­та­хап. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Аузы бе­рік жан­ды ауыза­шар­ға ша­қы­рып та­мақ бер­ген – ора­за ұс­та­ған адам­ның ала­ты­нын­дай сауап ала­ды. Аузы бе­рік адам­ның сауабы­нан да еш нәр­се ке­мі­мейді²302.

5. Таң уақы­ты кір­мей жү­ніп­тік, хайыз жә­не ни­фас­тан та­за­ла­ну: Мұн­да­ғы мақ­сат – ора­за­ны та­за бас­тау. Бі­рақ аузы бе­рік тұ­рып, жуыну­ға да бо­ла­ты­нын ес­кер­те ке­тейік. Мұн­дай кез­де су­дың та­мақ­қа ке­тіп қал­мауын қат­ты қа­да­ға­лау ке­рек. Әйел­дің хайыз яки ни­фас мер­зі­мі түн­де аяқ­та­лып, ора­за­ға ниет ет­се, жә­не де жү­ніп кі­сі жуын­бай ора­за ұс­та­са, ора­за­сы жа­рам­ды.

6. Аузы бе­рік адам­ның жақ­сы сөз­дер сөйлеуі, бос сөз бен орын­сыз іс-қи­мыл­дар­дан бойын ау­лақ ұс­тап бай­сал­ды­лық та­ны­туы – мұс­та­хап. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Жал­ған сөйлеу мен жал­ған сөз­дер­мен әре­кет ету­ді қойма­ған адам­ның ішіп-жеуді ға­на до­ға­руы Аллаһ­қа қа­жет емес²303. Бас­қа бір ха­ди­сін­де: «Не­бір ора­за ұс­та­ған­дар бар. Олар­дың ора­за­сын­да шөл­деу мен аш­тық­тан бас­қа еш­қан­дай пайдасы бол­майды. Не­бір түн­де тұ­рып, нә­піл ғи­ба­дат ет­кен­дер бар. Бі­рақ бұл әре­ке­ті­нен ұйқы­сыз­дық­тан бас­қа еш­қан­дай пайда тап­пайды»304. Со­ны­мен қа­тар, Ра­ма­зан­да «Мен ора­за­мын» деу – сүн­нет. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Кім­де-кім аузы бе­рік бол­са, жа­ман сөз сөйле­ме­сін. Дауыс кө­те­ріп, ай­қай шы­ғар­ма­сын. Бі­реу оған тіл ти­гіз­се не­ме­се оны­мен ке­ріс­кі­сі кел­се оған: «Мен ора­за­мын» де­сін305.

7. Аузы бе­рік адам бос уа­қыт­та­рын нә­піл ғи­ба­дат­тар­мен, ғы­лым­мен, Құ­ран оқу­мен, зі­кір, салауат айту­мен өт­кі­зу ке­рек. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) Ра­ма­зан­да Же­бі­рейіл екеуі бір-бі­рі­не ке­зекпе-ке­зек Құ­ран оқып, тың­да­са­тын»306.

8. Жал­пы Ра­ма­зан айы­ның ең соң­ғы он кү­нін­де иғ­ти­қаф­қа кі­ру – сүн­нет. Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) Ра­ма­зан­ның ең соң­ғы он кү­нін­де көп ғи­да­бат жа­сай­тын307.



299 Бухари, Саум, 20.

300 Ахмед б. Ханбәл, ІІІ, 44.

301 Бухари, Саум. 45.

302 Тирмизи, Саум, 82; Ибн Мажә, Сиям, 48.

303 Ахмед ибн Ханбәл, VІ, 34.

304 Ибн Мажә, Сиям, 21.

305 Бухари, Саум, 2.

306 Бухари, Бәдул-Уахи, 5.

307 Муслим, И'тиқад, 8.

0 пікір