Оразаның сөздік мағынасы – бір нәрседен алыстау. Шариғат терминінде ораза – ұстауға күші жеткен адамның ниет етіп, екінші шапақтан бастап, күн батқанға дейін оразаны бұзатын нәрселерден сақтануы. Ораза белгілі бір уақыт ішіп-жеуден, нәпсі қалауларынан тыйылу. Мұның парызы – ішіп-жеу мен құмарлық сезімдерден сақтану.
Оразаның уақыты: Таңның атуынан күннің батуына дейінгі уақыт. Күн мен түн болмаған жерлерде сол аймаққа ең жақын жердегі күн мен түні бар аймақты негізге ала отырып ораза ұстайды. Аллаһ Құранда былай дейді: «Таңнан, қара жіптен ақ жіп (қараңғылықтан сәуле) ажыратылғанға дейін ішіңдер, жеңдер, сосын оразаны кешке дейін ұстаңдар»276. Мұнымен күн мен түннің арасындағы шекараны айтқан. Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Біләл түн уақытында азан оқиды, ибн Умми Мәктумның азанына дейін ішіп-жеңдер»277. Яғни, Біләл сәресі үшін ибн Мәктум болса таң намазы үшін азан оқитын.
Оразаның парыз болуы
Рамазан оразасы – Исламдағы бес парыздың біреуі. Оған Құран мен сүннет дәлел. Құранда Аллаһ Тағала былай дейді: «Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді»278. Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Ислам бес нәрседен тұрады: Аллаһтан басқа құдай жоқ екеніне, Мұхаммедтің Аллаһтың құлы және Елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, Рамазан оразасын ұстау, шамасы келгендерге қажылыққа бару²279.