Иғ­ти­қаф
Иғ­ти­қаф
10 жыл бұрын 6570
Қайрат Жолдыбайұлы

Иғ­ти­қаф – бір жер­де тү­ру, кү­ту, өзін бір жер­ге қа­мау де­ген сөз. Фиқһ тер­ми­нін­де – бір ме­шіт­те не­ме­се со­ған ұқ­сас бір жер­де иғ­ти­қаф­қа ниет етіп, бел­гі­лі бір мез­гіл сол жер­де қа­лу. Бұл – уә­жіп, мүәк­кад сүн­нет жә­не мұс­та­хап тү­рін­де үш­ке бө­лі­не­ді. Атал­ған (иғ­ти­қаф­қа кі­ре­мін деп сөз бай­лан­ған) иғ­ти­қаф – уә­жіп, Ра­ма­зан­ның соң­ғы он кү­нін­де­гі иғ­ти­қаф – ки­фая жо­лы­мен мүәк­кад сүн­нет. Бас­қа бір уа­қыт­та ғи­ба­дат ниеті­мен бір ме­шіт­те бір мез­гіл иғ­ти­қаф­та бо­лу – мұс­та­хап. Иғ­ти­қаф­тың дә­ле­лі Құ­ран мен сүн­нет­те бар: Құ­ран­да: «Сен­дер ме­шіт­тер­де иғ­ти­қаф­та бол­ған­да...331. «Ме­нің үйім­ді (Қағ­ба­ны) тауап ету­ші­лер, ғи­ба­дат­қа оты­ру­шы­лар, жә­не рү­күғ, сәж­де ету­ші­лер үшін тап-та­за ұс­таң­дар»332 – де­лін­ген. Бұл екі аят­та да иғ­ти­қаф ғи­ба­дат­та­ры­на тиіс­ті ме­шіт­тер­ді көр­сет­кен. Айша, ибн Омар, Әнес­тің риуаят­та­рын­да бы­лай дейді: «Аллаһ Ел­ші­сі Мә­ди­на­ға кел­ген­нен кейін көз жұм­ған­ға дейін Ра­ма­зан­ның ақыр­ғы он кү­нін иғ­ти­қаф­пен өт­кі­зе­тін²333.

Иғ­ти­қаф­тың мақ­са­ты – адам­ның оңа­ша қа­лып шы­найы ықы­лас­пен Аллаһ­қа бет бұ­ру, оған жа­қын­дауға ты­ры­суы. Мұ­ның ең аз мер­зі­мі – бір күн.

 

Иғ­ти­қаф­тың шар­тта­ры

1.   Мұ­сыл­ман, ақы­лы тү­зу, та­за бо­луы ке­рек.

2.   Хайыз, ни­фас­та­ғы әйел­дің иғ­ти­қаф жасауы дұ­рыс емес. Ғұ­сы­лы жоқ адам да сыр­тқа шы­ғып та­за­ла­нып ке­луі ке­рек.

3. Иғ­ти­қаф­қа ниет ету ке­рек.

4. Иғ­ти­қаф ме­шіт­те не­ме­се со­ған ұқ­сас жер­де бо­луы ке­рек. Жа­ма­ғат­пен на­маз оқы­ла­тын ме­шіт­те бо­ла­ды. Аб­дул­лаһ ибн Мас­ғуд бы­лай дейді «Иғ­ти­қаф – жа­ма­ғат­пен на­маз оқы­ла­тын жер­де ға­на жа­са­ла­ды». Әйел­дер бол­са өз үйле­рі­нің бір бөл­ме­сін ме­шіт етіп, сол жер­де жа­сай ала­ды. Де­ген­мен, олар­ға ме­шіт­те жа­сауға да бо­ла­ды.

5. Уә­жіп иғ­ти­қаф­қа кір­ген адам­ның аузы бе­рік бо­луы ке­рек. Қа­те­ле­сіп ау­зын ашуы – иғ­ти­қаф­қа ке­рі әсер ет­пейді. Сүн­нет иғ­ти­қаф­та ора­за шарт емес. Әйел ері­нен рұқ­сат алуы ке­рек.

 

Иғ­ти­қаф әде­бі

1. Иғ­ти­қаф­ты Ра­ма­зан айы­ның ақыр­ғы он кү­нін­де ме­шіт­те жасау.

2. Иғ­ти­қаф ке­зін­де жа­ман сөз сөйле­меу ке­рек. Жақ­сы, ша­ра­пат­ты сөз­дер ай­тыл­ға­ны аб­зал.

3. Иғ­ти­қаф ке­зін­де Құ­ран, ха­дис, Аллаһ­ты ба­рын­ша зі­кір етіп, көп салауат ай­тып, те­рең ғи­ба­дат ету ке­рек. Жақ­сы киім мен хош иіс жақ­қан аб­зал.

 

Иғ­ти­қаф­ты бұ­за­тын нәр­се­лер

1. Жы­ныс­тық қа­ты­нас. Құ­ран­да: «Ме­шіт­тер­де иғ­ти­қаф­та бол­ған кез­де әйел­де­рі­ңе жа­қын­да­маң­дар»334 – деп айты­ла­ды.

2. Иғ­ти­қаф­та­ғы ме­шіт­тен се­беп­сіз шы­ғу иғ­ти­қаф­ты бұ­за­ды. Түн­де не­ме­се күн­діз сыр­тқа әдейі не­ме­се қа­те­ле­сіп шық­са, иғ­ти­қаф бұ­зы­ла­ды. Бұ­ның мез­гі­лі – Әбу Юсуп пен Имам Мұ­хам­мед бойын­ша, бір күн­нің жар­ты­сы­нан ар­тық уа­қыт. Әйел ме­шіт са­на­ған өз бөл­ме­сі­нен се­беп­сіз шық­са, иғ­ти­қа­фы бұ­зы­ла­ды. Нау­қас­тың кө­ңі­лін сұрау, жа­на­за на­ма­зы, т.б. се­кіл­ді жағ­дай­лар да иғ­ти­қаф­қа ке­дер­гі жа­сайды. Бі­рақ атал­ған иғ­ти­қаф­та нау­қас­қа ба­ру, жа­на­за оқу шар­ты қо­сыл­са – иғ­ти­қаф­ты бұз­байды.

3. Иғ­ти­қаф­қа кір­ген адам бір­не­ше күн есі­нен айры­лып та­лып қал­са не­ме­се ақы­лы­на нұқ­сан­дық кел­се, иғ­ти­қа­фы бұ­зы­ла­ды. Он­дай жағ­дайда кейін­нен қайта бас­тауға ту­ра ке­ле­ді. Бі­рақ зә­ру, та­би­ғи жағ­дай­мен шы­ға ала­ды. Сол ме­шіт­те жұ­ма на­ма­зы оқыл­ма­са, бас­қа ме­шіт­ке жұ­ма үшін ба­ра ала­ды. Мәж­бүр жағ­дайда бас­қа ме­шіт­ке де кө­ше ала­ды. Иғ­ти­қаф­қа кір­ген адам сол жер­де ұйық­тап ты­ны­ғып, та­ма­ғын сол жер­ге ал­ды­рып та­мақ­та­на­ды.



331 Бақара, 2/187.

332 Бақара, 2/125.

333 Бухари, Итиқаф, 1.

334 Бақара, 2/187.

0 пікір