Нау­қас адам­дар на­маз­да­рын қа­лай оқи­ды?
Нау­қас адам­дар на­маз­да­рын қа­лай оқи­ды?
10 жыл бұрын 5131
Қайрат Жолдыбайұлы

Ақыл-есі дұ­рыс кі­сі­лер бас­қа жер­ле­рі нау­қас бол­са да ді­ни мін­дет­тер­ден жауап­ты. Бі­рақ ді­ні­міз бұл ді­ни па­ры­здар­ды ат­қа­ру үшін олар­ға же­ңіл­дік көр­сет­кен.

На­маз оқу­да­ғы же­ңіл­дік­тер:

Нау­қас кі­сі әл-қуат, ша­ма-шар­қы­на қа­рай на­ма­зын оқи­ды. Мы­са­лы, түрегеп тұ­ра ал­май­тын, яки, тұр­ған жағ­дайда ауруы­ның күшеюі сияқ­ты жағ­дай­лар­да, оты­рып, оған да кү­ші жет­пе­се, ың­ғайына қа­рай шал­қайып не­ме­се жа­ны­мен жа­тып на­ма­зын оқи­ды.

На­ма­зын бір нәр­се­ге сүйе­ніп түрегеп тұ­рып оқи ала­тын­дар сүйе­ніп оқи­ды.

Иф­ти­тақ (ашу, бас­тау) тәк­бі­рін түрегеп тұ­рып ала ала­тын бол­са, түрегеп тұ­рып алып, қал­ған на­ма­зын ша­ма­сы­на қа­рай оты­рып, яки, жа­тып жал­ғас­ты­ра­ды.

Орын­дық­қа оты­рып оқу­ға да бо­ла­ды.

Оты­рып оқы­ған уа­қыт­та мүм­кін бол­са аяқ­та­рын жи­ған күйде, мүм­кін бол­ма­са құ­бы­ла жақ­қа со­зып оқи бе­ре­ді. Рү­күғ жә­не сәж­де иша­рат жо­лы­мен жа­са­ла­ды. Иша­рат: рү­күғ­да аз­дау, сәж­де­де кө­бі­рек бас­ты ию ар­қы­лы жа­са­ла­ды. Иша­рат­пен де оқи ал­май­тын­дар көз, қас ар­қы­лы иша­рат жа­сап оқи ал­майды. Иша­рат­пен де оқи ал­май­тын­дар оқи ал­ма­ған на­маз­да­ры­ның са­ны 5-тен аз бол­са, кейін­нен қа­за ете­ді. Ал 5-тен көп бол­са, қа­за­сын өте­мейді. Әбу Ха­ни­фа­ның бас­қа бір пі­кі­рі­не сүйен­сек, кейін­нен қа­за­сын өтейді. Нау­қас адам­ның ал­ды­на сәж­де етуі үшін тақ­тай, жас­тық, орын­дық сияқ­ты нәр­се­лер қойыл­майды.

0 пікір