Мұсылман болу. Намаз – мұсылман болған ер кісі мен әйелге парыз. Кәпірлерге намаз парыз емес. Өйткені, олар дүние мен ақыретте Ислам үкімдерінің тармақтарына жауапкер емес. Олардың ақыреттегі жазасы – күпірліктің қарымы.
Балиғат жасына жету. Балиғат жасына жетпеген балаға намаз парыз емес. Өйткені, Аллаһ Елшісі былай дейді: «Үш адамға қалам жазылмайды: Айыққанға дейін ақылынан адасқанға, оянғанға дейін ұйқыда жатқанға және балиғат жасына жетпеген балаға»142.
Ақыл-есі дұрыс болу: Ақыл – Ислами жауапкерліктің негізі. Сондықтан, Ханбәли мәзһабынан басқа фақиһтардың көзқарастары бойынша, ақылынан адасқанға намаз парыз емес. Бұл жайлы хадисті жоғарыда айтып өттік.
142 Бухари, Талақ, 11; Тирмизи, Худуд, 1.