Жұ­ма на­ма­зы­ның па­рыз­ды­ғы­ның шар­тта­ры
Жұ­ма на­ма­зы­ның па­рыз­ды­ғы­ның шар­тта­ры
10 жыл бұрын 2755
Қайрат Жолдыбайұлы

Жұ­ма на­ма­зы­ның кім­ге па­рыз еке­ні жайлы Пай­ғам­ба­ры­мыз (с.а.у.) бы­лай дейді: «Аллаһ­қа жә­не ақы­рет кү­ні­не сен­ген­дер­ге – жұ­ма на­ма­зы па­рыз. Бі­рақ жо­лаушы, құл, ба­ла, әйел жә­не нау­қас­тар бұ­дан тыс»226. Яғ­ни бұ­лар­дан бас­қа бар­лық мұ­сыл­ман­дар­ға жұ­ма на­ма­зы па­рыз.

  1. Ер кі­сі бо­лу: Жұ­ма на­ма­зы әйел­дер­ге па­рыз емес. Бі­рақ на­маз­ды ме­шіт­те­гі жұ­ма жа­ма­ға­ты­на қа­ты­сып, оқы­ған жағ­дайда қайта­дан бе­сін на­ма­зын оқу қа­жет емес.
  2. Азат бо­лу: Азат­ты­ғы бол­ма­ған тұт­қын мен қа­пас­та жат­қан­дар­ға жұ­ма кү­ні бе­сін на­ма­зын жұ­ма­ның ор­ны­на оқу­ла­ры жет­кі­лік­ті.
  3. Тұр­ғын бо­лу: Жо­лаушы­ға жұ­ма на­ма­зы па­рыз емес. Се­бе­бі, жо­лаушы­да жал­пы жол қиын­шы­лық­та­ры бар. Оған же­ңіл­дік жа­сал­ған.

Нау­қас не­ме­се бел­гі­лі се­беп­тер бол­мау: На­маз­ға бар­са, ауруы­ның ас­қы­нуы­нан қо­рық­қан жан­дар­ға – жұ­ма на­ма­зы па­рыз емес. Сол се­кіл­ді нау­қас­қа қа­раушы, әл­сіз кә­рі, кө­зі көр­мей­тін, мү­ге­дек жә­не ке­зек­те­гі сақ­шы­лар се­кіл­ді се­бе­бі бол­ған­дар­ға бе­сін на­ма­зы же­тіп жа­тыр. Бі­рақ жұ­ма на­ма­зын оқи ал­са, бе­сін на­ма­зын оқу­дың қа­же­ті жоқ.

226 Әбу Дәәуд, I. 644.

0 пікір